Жумина Айкоркем Маратовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
27.03.2017
0
250
1

«Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек» эссе





 

«Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек» эссе

Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын... Алғыр да аңғарымпаз ақыл иесің..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... Жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек” деген екен Әл-Фараби бабамыз.
Мемлекет мәдениетінің айнасы – мектеп. “Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол- адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшем бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс”- деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
         Қарқынды өзгеріп жатқан әлемдеәлемде болып жатқан қарқынды  өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны : “ХХІ ғасырда нені оқыту керек?” және де “ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?”, “ХХІ асыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?” деген үш мәселе алдыда тұр. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып тұр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі  иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі жағдайлар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім - жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.
         ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.
         Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын  жаңашыл мұғалімдерді даярлау.

Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс алатын және тұлға болуы керек.
         Ұлы ағылшынның ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды. Жақсы мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады, -дейді.
         Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Н: “Ғасырлар мақсаты- саяси-эканомикалық рухани дағдыларды  жеңіп шыға алатын, ізденген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру, - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет «Педагогтік шеберлік»- дарынды талант емес, үйрену,ізденудің нәтижесінен  көрінеді.
         Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения