Мажитова Ляззат Мамытовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан Тараз
Регион:не указан
02.03.2017
0
115
0

О.Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтайды?».

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:О.Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтайды?».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен  таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Дамытушылық::Байланыстырып сөйлеу, топпен жұмыс істей отырып, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:Оқушыларды таза жүруге, төрт түліктің қадірлей білуге,ұйымшылдыққа, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, ой қозғау,болжау  әдісі,  әңгіме кестесін толтыру.

Сабақтың көрнекілігі:О.Әубәкіровтің суреті,слайд, жаңылтпаш.

Сабақтың пәнаралық байланысы:қазақ тілі, дүниетану, математика.

                                Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.                                            2минут

2.Үй тапсырмасын тексеру                                    9 минут

3.Жаңа сабақ                                                        25 минут

4.Жаңа сабақты бекіту                                        2 минут

5. Үйге тапсырма                                                 2минут

6. Бағалау                                                             1 минут

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

ә)Сәлемдесу

Психологиялық дайындық

Жоғары қарап күн көрдім.

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға солға бұрылып.

Егеменді ел көрдім,

-Балалар ,бүгін  бізге  жақсы күн сыйлап,келген қонақтармен амандасайық.

Оқушыларды 4 топқа бөлемін

1-топ:Құрт тобы

2-топ:Қымыз тобы

3-топ:Айран тобы

4-топ:Ірімшік тобы

2.Топтардың өз аттарын қорғауы.

Ал енді бағалау парағын сендерге таратамын.(түсіндіріп өтемін).

Біз өткен сабақта қандай жаман қасиеттен аулақ болуды білдік?

II.Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы 3-4 оқушыдан сұрап шығамын.

№1 тапсырма«Сен маған мен саған» әдісі

1.Керім қандай бала?

2.Керімнің жағымсыз жағы қандай?

3.Салақтық дегеніміз не?

4.Суреттерден Керімге тән қасиетті табыңдар?

Үй тапсырмасын бекіту.

  1. Төрт түлікті кім маған атайды?

2.Төр түліктің бірі не?сиыр

3.Дорбадағы құйылған айран не болады?

Сонда бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сүт қалай ұйықтайды?» ертегісі.

III Жаңа сабақ

Видеоролик көрсету.

 

О.Әубәкіров 1934 жылы, мамыр айының  4-ші

 жұлдызында,Алматы облысы,Жамбыл ауданы,Үшбұлақ ауылын  дүниеге келген.Жазушы,ақын.Сатиралық жанрмен бірге балаларға арналған өлең,жыр,ертегі,пьесалар жазған.Сықақ әңгімелері мен жинақтары  жарық көрген.Жазушылар Одағының сыйлығы берілген.

Дәптермен жұмыс:

Еңіреу-жылау

Бықырып-қатты ашып кету

Бұлапты-көз жасын төгу

Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс

Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттық.

Ұйқылшыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті

 Ертегіні оқу.

Тізбектей оқу.(3топ оқушыларына)

Суретпен жұмыс

Суретке қарап, ертегідегі сүттің іс-әрекетін қара сөзбен әңгімелейді.

ІІІ. Оқушылар төмендегідей ретпен оқиды.

1)    Сүттің ұйықтауы

2)    Сүттің оянбауы

3)    Ұйқы дұшпан

4)    Әжесінің білуі

5)    Сүттің жылуы

6)    Ұйқының зияны

 

Мәселе тудыру тәсілі бойынша өлеңдердің соңғы жолын табу.

«Ойбай,сүт ұйықтап .......

 Ұйықтап .........

 Карап .........

Айран ..............»,

Топпен  жұмыс.

І топ.Берілген буындардан сөздер құрау.

ІІ топ.Адам бойындағы жақсы

қасиеттерді атау.

ІІІ топ.Cәйкестендіру(Сусын мен тағамдар)

IVтоп.Жасырынған сөздер.

Сабақты бекіту:

Семантикалық карта

   Мысалдар

Ақиқат па?  

Жалған ба?

 

Сүт ұйып қапты

 

 

Ұйықтап қапты.                                       

 

 

Айқайлап жатса да оянбапты

 

 

Бықырып тұрып ашыпты.    

 

 

Бұл сүтке ұйқы ұя сапты

 

 

  Әжем дорбаға құя сапты

 

 

 

IV.Сабақты қорыту.

Кері байланыс.Рефлексия

«Тазалық» ойыны

1.Чемодан

2. еттартқыш

3. қоқыс жәшігі

Ал енді балалар бүгінгі тақырып бойынша  сабақты жақсы түсіндім дегендер  қызыл стикерді чемоданның астына жабыстырамыз.

Әлі оқып толықтыруым керек дегендер болса еттарқыштың астына стикерді жабыстырамыз.

Бүгінгі сабақ мүлдем ұнамады мен ештеңе түсінбедім дегендер қоқыс жәшігіне жабыстырсын.

V.Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан,сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма:147-148 бет мәнерлеп оқу.Эссе жазу

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения