Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
01.03.2017
0
154
0

«Бүлдіршін ару» сайысының бағдарламасы

Мұхамеджанова Салтанат Болатқызы,
тәрбиеші
"Алатау" балалар клиникалық санаторийі

Алматы қаласы,Қазақстан Республикасы

Мақсаты:Қазақ  қыздарына  халқының өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамдарын,шеберліктерін дамыту.Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге,әдептілікке,мейірімділікке,сұлулыққа,инабаттылыққа,кішпейілділікке тәрбиелеу.

             Қайырлы күн, құрметті, ата-аналар, демалушылар, шипажай қызметкерлері. Бүгінгі күн  ерекше болғалы тұр, 1-топ қыздарының  арасында «Бүлдіршін ару» сайысы өтеді.Қош келдіңіздер  демекпіз.

Мың  бұралған  арулар аңдап  басып,

Келеді  міне ортаға  толқып  тасып.

Аруларын  сыйлаған  халқым  менің

Көңілді  қошеметпен  қарсы алайық!

Ортаға аруларды  шақырамыз.

 

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық,

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан

Әділ қазы алқаларымен танысайық.

 

1-кезең Таныстыру

Бүлдіршін арулар келді танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен,ізетпенен танысуға. –деп бұл залда білетін бар,білмейтін бар,

Әрбір ару  өздерін таныстырады.

 

2-кезең   «Менің  сүйікті  ісім»  немесе «Менің сүйікті ойыншығым» аруларымыз бос уақытын қалай өткізетіндері туралы айтады.

 

3-кезең   «Өнерліге  өрісі кең»

Даусың қандай сырлы  еді,

Табиғатты  тыңдатқан.

Көркің  қандай нұрлы

Таңшолпанмен  астасқан

Өнеріңді қане бүгін көрсетші, мына қошеметеп  қол соққан,- дей келе аруларды өз өнерлерін  көрсетуге  шақырамыз.

 

 4-кезең   «Шебердің  қолы ортақ»

Шеберлерім  өнер тамып  қолынан,

Жаңылмаған  ата-баба  жолынан.

Шебер  қолдар  өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық  шеберлігін  соңынан.

 

“Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығады” – демекші,бүгінгі сайысмыз  да аяқталып келеді. Сіздер  бүгінгі аруларымыздың  өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді  әділқазы  алқасына  сөз берейік.

Зейін койып тамашалағандарыңыздарға  көп көп рахмет!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения