Байрбаева Лаура Бакаевна
Должность:Учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан ВКО Уржарский район Село Маканчи
28.02.2017
0
719
3

Дүниетану пәнінен ашық сабақ "Алтын Адам туралы аңыз"





 

Күні: 22.02.17ж

Мұғалімнің аты-жөні:  Байрбаева Лаура Бакаевна

Сынып: 1 «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алтын адам туралы аңыз

Сабақтың оқыту мақсаттары

1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Табыс критерйиі

•                     Барлық оқушылар:Алтын адам туралы аңызбен танысy;

•                     бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты түсінy;

•                     Оқушылардың басым бөлігі:.сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.

•                     Кейбір оқушылар:сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.

Ресурстар:

«Сөз құрастыр» ойыны бойынша әріптер жазылған үлестірме парақшалар, рөлдік ойын ойнауға арналған дулыға, монеталар

 

 

 

Жоспарланған уақыт мөлшері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Пайдаланылатын қор

 

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

 

1–2 мин.

Ертеңгілік шеңбері.
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.

Мұғалім «Қал қалай?» деп үш тілде сұрайды.

 

 

 

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

2–5 мин.

Қызығушылығын ояту(топтық жұмыс)

1-топ:Дүкенге бардың, не алдың?

2-топ: Ерте заманда қажет затты қалай алар едің?

(Суретпен жұмыс)

Оқушылар суретте бейнеленген заттартуралы ойларын айтады. Ерте заманда ақша ретінде тұзды, мал терісін, малды, ұлу қабыршағын және т.б. қолданғанын айтыңыз. Оқушылардан бұл саудада заттарды қолдану ыңғайлы ма деп сұраңыз. Тиын суретін көрсетіңіз.

3-топ: Қазіргі және бұрынғы заманды салыстыр.

 (Балалардыңболжамдарытыңдалады).

 

Сурет

Түсіндірме беру 

Нумизматика

Нумизматика – тиын, құйма ақша коллекциясы арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін қосалқы тарихи ғылым саласы. Осы саладағы ғылыми зерттеудің негізін қалаушы австралиялық ғалым, «Ежелгі осы нақты ма? Жайнар! туралы ғылым» еңбегінің авторы И.И. Эккель (1737–1798).

 

Тиын – бұл белгілі бір салмағы, пішіні, құндылығы бар металл құйма. «Тиын» атауы Монета Юнон әйел құдайының атынан шыққан.

 

Аверс – тиынның немесе медальдің оң жағы. Реверс – тиынның теріс жағы.

 

 

Қосымша деректер

Сабақтың ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6–40 мин.

(Ұ, Т)  Оқулықпен жұмыс жасау.

Суреттегі монета туралы  түсіндір.

Алтын адам туралы не білесің?

 Сен білесің бе?

Оқушыларға 1969 жылы Алматы маңындағы Есік қорғанынан археологтар «Алтын адамды» тапқаны туралы ақпарат беріңіз

Алтын Айдардың сауыт-саймандарын сипаттау.

Оқулық.

Бейнежазба

Сергіту сәті

Алтын Адамның сауыт-аймандарын қимыл арқылы көрсету.

 

Алтын адам туралы аңыз

Өзекті сұрақтар: Аңыз деген не?

«Аңыз» сөзі бізге латын тілінененген. Бұл халық ауыз шығармасы түрлерінің бірі. Бірақ ертегілерден ерекшелігі шынайы өмірді суреттейді. Жазу әлі болмаған кезде аңыз ауыздан ауызға беріліп отырған. Тиындардағы барлық жазбалар да аңыздар деп аталады.

Алтын адам туралы аңыз. Ерте заманда қазақтыңұлан байтақ даласында бір тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ батырдың отбасында 9 ұл болыпты. Күндердің күнінде оныншы ұл дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді екен.

Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған.

Мультимедиялық презен-

тация.

Топтық жұмыс

Алтын адамның киімдерін ретімен жаз. Суретімен сәйкестендір.

Жұмыс дәптері,

түрлі түсті қарындаштар

Жұптық жұмыс

Орындап көр. Оқушыларға өз тиындарын ойлап тауып, «Тиын» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Олардан тиынның оң және теріс жақтарында қандай сурет болғанын қалайтынын сұраңыз.

 

Монеталар макеті, түрлі түсті қарындаш

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения