Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
22.02.2017
0
193
0

Жж дыбысы мен әрпі

Мұсай Майра,

бастауыш сынып мұғалімі

№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі мектеп-гимназиясы

Жетісай қаласы,Мақтарал ауданы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазақстан Республикасы

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Оқушыларды Ж дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ж дыбысы бар сөздерді оқыту, жазғызу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

А. Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен танысады

Оқушылардың басым бөлігі: Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.

В. Негізгі мәселелерге талдау жасай алады

Кейбір оқушылар:

С.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өз ойларын еркін жеткізе біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

 

Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?(айтылым)

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы оқу

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Формативті бағалау (ОҮБ)

Ресурстар

Басталуы

Кіріспе.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Оқушылардың ұраны:         Сабаққа біз даярмыз

Жалқаулықты қоямыз

Жақсы оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз.

Мұғалім: Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабағымызды бастаймыз.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтағы  Ғғ дыбысын қайталатуда

а) «Сандар арқылы сөзді тап» ойынын ойнату.

Ә)Өткен әріптер бойынша «Әріптерді сөйлет» ойынында балалар әріптерді айтып, олардың дауысты және дауыссыз дыбыстар екенін атап, олардан сөз құрап, өз үйлеріне апарады.

 

 

 

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады.

 

 

 

 

Мадақтау, ынталандыру

 

 

 

 

 

 

ресурс парақтары, суреттер

Ортасы

Негізгі бөлім

Дыбыстату: «Жж» дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк түспен көрсетеміз. «Жж» дыбысы сөздің басында, ортасында жазылатынын айту.

1)  Ж – ұяң дауыссыз дыбыс

2)  Жасалуына қарай - тіл алды дауыссыз

3)  Айтылуына қарай – ызың дауыссыз.

 

«Ж» сөзтуымын жүргізу.

  1.    Ең ыстық мезгіл.
  2.    Төрт түліктің бірі.
  3.    Қыс айы қай айдан басталады?
  4.    Күзде сарғайып түсетін не?
  5.    Жазда жапырақтың түсі қандай?               
  6.    Тілінде «уы» бар не?                               

    7.  Адамның аты                                          

«Ж» әрпінің жазылуын көрсету.

Бірінші элементі - үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламымызды қойып, солдан оңға қарай доға сызықты үлкен жол ортасынан айналдырып, төмен тартамызда, жазу жолының төменгі сызығына тигізе доға сызықты сәл көтереміз.

Екінші элементі – жазу жолының жоғары сызығының доға сызықпен қиылысқан тұсына қаламымызды қойып, оңға қарай үлкен жол ортасына дейін көлбеу сызық түсіреміз де, бұрыш жасай отырып, сызықты төмен қарай жазу жолының сызығына дейін жалғастырып, оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының үстіңгі сызығына  дейін көтереміз.

Үшінші элементі – бастапқы нүктенің тұсынан екінші доға сызықты оңнан солға  қарай жүргіземіз.

Кіші әрпінің жазылуы.

 

 

 

 

 

 

үшін мадақтап, стикермен бағалайды.

 

 

3 тапсырма бойынша формативті бағалау. Қол шапалақтау арқылы жүзеге асады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

флипчарт, маркерлер, стикерлер, презентация, видеоролик

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

Бекіту.

«Ұйқасын тап!»ойыны арқылы кеспе әріптерден сөз құрап, талдау.

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты - …                                  (жүзім)

 

Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті,

Шағып қара таңдап,

Оның аты – …                                   ( жаңғақ)

 

Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты …                                  (жолбарыс)

 

 

 

Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау

 

 

 

Сөздер жазылған карточкалар

 

 

Парақшалар

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения