Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
22.02.2017
0
664
4

Менің отбасым. Отбасылық дәстүр.

Ташенова Гулбану,

бастауыш сынып мұғалімі

№122 жалпы орта мектебі

Жетісай қаласы,Мақтарал ауданы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазақстан Республикасы

Оқумақсаты:

Барлық оқушылар: «Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді, «отбасылық шежіре», «отбасылық дәстүр» сөздерінің мағынасын түсінуді үйренy;

 

Оқушылардың басым бөлігі: дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре білу.

Кейбір оқушылар: Алған блімді тәжірибеде қолдана алады.

Тірексөздер:

отбасы – cемья – family;

отбасылық шежіре – родословная – geneology;

отбасылық дәстүрлер – семейные традиции – family traditions.

Ресурстар:

Түймедақ суреті, рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар, шежіре ағашы бейнеленген плакат, ашықхат жасауға арналған үлгілер, түрлі-түсті қағаз, желім.

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

                                                                 Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

             Мұғалімнің іс-әрекеті

 

 

-Саламатсыңдар ма балалар?

-Бір- бірімізге жақсы көңіл күй тілейікші.Кел, талқылайық!

-Қайырлы күн достар!

Бүгінгі күн міне ,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз ,

Кілең бестік болсын.

«Шаңырақ» әдісі.

Топқа бөліну

 

 

 

 

Топтық ереже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Түймедақ» ойыны

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

«Адасқан әріптер» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керілер

Уықтары шаншылып

Киіз үй болып көрінер

 

1. Тәртіпті сақтау.

         2. Уақытты үнемдеу.

         3. Сабаққа белсенді қатысу.

         4. Өз ойын еркін айту

Жұмбақ жасыру.

Онсыз қызық жоқ маған,

Онсыз бақыт жоқ маған

Ол әр баланың панасы,

Ол не екен балалар?       Жауабы: отбасы

 

 

Отбасы – ең жақын және туыс адамдар.Әр отбасында жақсы қарым-қатынас  болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін

Отбасылықдәстүрлербіріктіреді.

Мұғалім 4 топқа түймедақтың күлтелерін таратып береді. Әр топ сол күлтелерге отбасы мүшелерін жазып шығады.

Оны қорғайды және үш тілде атайды.

 

 

Видеороликтен отбасы мүшелеріне байланысты өлеңді бірге айтып қимыл арқылы билейді.

 

Екі оқушы видеороликтен өздерінің отбасы туралы әңгімелейді

 

Төрт топқа қима әріптер таратылады. Оқушылар қима әріптерден отбасы мүшелерінің аттарын құрастырады.

 

 

Дәстүрлер. Оқушылардан өздеріне таныссуретті таңдауын сұраңыз («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.

«Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашыңыз. Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аударыңыз. «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын біліңіз.

 

Сен білесің бе? Оқушылардың пікірін сұраңыз.Адамның өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы түсінік беріңіз. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып өтіледі.

Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз.Оқушылар үшін өз ата-аналарының балалық шағы туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар суреттерінде ата-аналарының бала кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді.

 

Біз бір үйде нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым әкем,

Балаң үйрек анам,

Ортан терек мен,

Кішкене бөбек сен.

Біз бір үйде нешеуміз?

Біз бір үйде бесеуміз

 

«Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде.

 

Оқушылар өз отбасының суреттерін әкеледі. Сол суреттерді шежіре ағашына қиып желімдейді.                             

Қорытынды.                                   Сен білесің бе?

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Қазақстанда Отбасы күнін қыркүйекте мерекелейді.

 

Тілдікқұзыреттіліктіқалыптастыру

 

Жұмыс дәптеріндегі тапсырма тілдік мақсатты іске асыруды көздейді.

Оқушылар «ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі» сөздерін үш тілде айта алады.

 

Кері байланыс

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін  басбармақ арқылы бағалады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения