Пользователь с логином altinai197110 не найден.
25.03.2013
0
2985
1

Баяндама "қимыл ойындар"

БҚО Теректі ауданы
Магистральный ауылы
Қазақ тілі мен әдебиетімұғалімі

Алтынай Темірболат қызы Дүйсенғалиева


Баяндама тақырыбы:

Қимыл ойындар


Әр бір сыныптарда мұғалім шәкірттерін біліммен қаруландырымен қатар олардың дені сау, дене бітімінің көз тоярлықтай болып барлық күшін, творчестволық қабілетің сарқа жұмсауы керек. Бүгін алдымызда отырған кішкене бүлдіріш - ертең еліміздің экономиқалық қуатың, мәдини және рухани байлығын молайтатын еңбеккер. Сондықтан еліміздің азаматтарын жан-жақты тәрбиелеуде мұғалімнің атқарар еңбегі зор.
Он жасқа дейінгі баланың организмі өсіп жетілуі үшін тәуліктің ең аз дегенде 8-10 сағаты қозғалыста болуы керек, олай болмаса организмнің дұрыс қалыптасып даму процессі өзгереді.
Ойын-балалардың жас ерекшілігі талап ететін қажетті құбылыс. Жас балғындарды жан-жақты дамытып, олардың жүректерінде сенім орнатып, білім әлеміне енгізу үшін әдіс, тәсіл, амал, айла керек. Баланың әркайсының түрлі мінезі, дағдысы, қылығы бар. Олардың тілін таппаса, жертіп алуға болады. Мектепте деген көңіліне қаяу салып, оқудан бездіріп алу да қиын емес. Олардың сезімдері нәзік, көңілдері кіршіксіз таза, пәк. Оны үлкен мейріммен қуаттап, қамқорлыққа алып, әрқайсын білімге, еңбекке, адамгершілікке тәбиелеу-ұлағатты ұстаздың міндеті. Мұндай мұғалімнің методикасына, оның шеберлігіне, іскерлігіне қояр талап та зор.
Бала өмірінің әр бір кезеңінде ойнай береді. Ойын бала үшін рахат, ермек. Ойын олардың тілін, ойын, сезімін дамытады, мінезін өзгертеді: тұйықтарын ашықтыққа, жүрексіздерін қайсарлыққа, батылдыққа, олақолқыларын ширақтыққа, пысықтыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар ойынның білім беру, эстетиқалық талғампаздығын тәрбиелеудугі мыңызы зор. Сондықтан мұғалім қашан да оқытуды ойынмен ұштастыруда ұмытпағаны жөн. Бала ойнай жүріп оқысын, үйренсін, дағдылынсын, тәрбиеленсін. Өйткені ойынға негізделе құрылған сабақты олар жақсы түсінеді әрі шаршамайды, сабаққа деген ынтасы артады.
В.А.Сухомлинский балалық шақта бүлдіршіндердің бойына ізгі сезімдер мен эмоциялдық мәдиниетті сіңіру туралы айта келіп, былай деп жазады: «Адамның сергек, әсемшіл, сезімтал болуы балалық шақта қалыптасады. Егер балалық шақ өтіп кеткен болса, өткенде ешқашан толтыра алмайсың. Қуаныш пен қайғыға сергектік тек балалық шақта ғана тәрбиеленеді».
Балалар қимылды ойындарды өте ұнатады. Ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі, бала өзін дәл ойын үстіндегіндей уақытта еркін ұстап, анық көрсете алмайды.
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма» деп халқымыз айтқандай,
Баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмір танымы, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Балалардың қазақша, орысша түрлі ән айтуы, би билеуі жыр, өлең, тақпақ, ертегі, жұмбақ, мақал -мәтел, жанылтпаштар, қанатты сөздерді жатқа, мәнерлеп айта беруі пайдалы. Әдеби шығармалардан өткір, нәзік үзінділерді жақсылап жатқа білуі де қажет.Баланың жан азығы да, ой-өрісінің қалыптасып, денесінің шынығуы да ойынға тығыз байланысты.Бала адамның бауыр еті.Ол күн сайын жинаған гүл, үйдің думаны, дүниенің қызығы, көнілдің хошы.Гүл қашанда ерекше баптауды сүйеді.Егер оған су қүйылмай баптауы кем болса, өз тамырын солдырып, табиғи да жарасым түсің өзгерте бастайды, Демек ол үшін ерекше күтім қажет. Сонда ғана гүл өзінің сұлу бейнесіне, табиғи жароатылысына ие болып қалады.
Арнаулы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, ойындар, спорт балалардың есін, зейінің, қимылыныі дәлдігі мен тездігі, тіртіптілікті, логиқалық ойлауын, еңбек сүйгіштігімен табандылығын дамытады. Кейде ата-ананың, мұғалімнің «тыныш отыр», «қозғалма» деген сөздерін жиі естисің. Бұл дұрыс емес.Бала әрдайым қозғалыста болсын, ол осы дағдыны интуициялы түрде қажет етеді.Оған кедергі жасауға болмайды .Мұның өзі баланың клеткаларының өсуіне жасалған бөгет. Тіпті ұйқыда жатқан адам орта есппен16 рет аунайды екен.Дене тәрбиесімен айналйспаған жағдайда организмнің сыртқы ортаға қарсыласуын 13 жастан ақ нашарлайды.Ал біздің балалармыз қазір мүлдем аз қимылдайтын болды.Олар мектепте, сыныпта, үйде сабақ дайярлау кезде, телевизор, компьютер алдында қимылзыс отырады.Соңғы кезде кейбір балалардың жанары нашар көріп,тыныс алу органдары баяу жетілетінің дәрігерлер жиі айтып жүр.Кей балалардың көзі нашар көреді. Осы органның жақсы жұмыс істеуі үшін, мына жаттығуды орындатудың пайдасы мол. Тақтадағы белгілі бір нүктеден көзді аудармай, басты бірнеше рет бұрып, қимылдату қажет. Қимыл кезінде көз қарашағын сол нүктеден ажыратпау керек. Немесе мұғалім қолына қалам алып соның ұшына оқушыларды қаратып та осы жаттығуды орындатуға болады.
Осы сияқты басқа да тәсілдерді мұғалім қалауынша сабақта қолдануына болады, олар қиялшыл, еліктегіш, тапқыр, уәдешіл т.б. тәсілдер болу мүмкін.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения