Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
06.01.2017
0
172
0

Қазақстандағы кәсіптік-өндірістік білім берудің мазмұны мен даму бағыты

Жарылкапов Абилкасым
өндірістік оқу шебері

Маңғыстау энергетикалық колледжі

Ақтау қаласы,Маңғыстау облысы,Қазақстан

Білім мазмұны - бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды.

Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол студенттердің мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды: тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет береді; қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйретеді; жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді. Жалпы техникалық дайындық жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді.

Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электротехника», «Техникалык сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді. Өндірістік окыту барысында ғылыми теорияны практикалык тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі. Практикалык біліктілік — еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.

Кәсіби дағды - кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы калыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады. Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар: қимыл дағдысы; ойлау дағдысы; сезім дағдысы. Қимыл дағдыларында жұмыспылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс-әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады. Нәтижесінде оқытудың мазмұнның және ұйымдастыру нысанын және технологиясын анықтайтын жүйені құрушы факторлар білім берудің мақсаттары болып табылады. Білім беру мақсаттарының проблемалары педагогикада ғана емес, сонымен қоса философия, саясат, экономика үшін әрқашан маңызды болып табылады.

Мақсат жаңа қоғамдық жағдайларға сәйкес нақтыланып, қоғамның дамуымен қатар өзгереді. Демек, білім беру мақсаты білім беру жүйесінен тыс қалыптасып, қоғамның сол кезеңіндегі даму талаптарымен белгіленеді және қазіргі заманғы қоғам жатақханасы талаптарына сәйкес кәсіпкер-маманға «әлеуметтік тапсырысқа» жауап береді. Нормативті түрде білім беру мақсаттары мемлекеттік құжаттармен және ең бастысы «Білім беру туралы» заңымен белгіленген. Онда білім беру жүйесінің оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын белгілейтін, білім беру бағдарламаларында көрсетілген әр деңгейі үшін нақты мақсаттар айқындалған. Мақсаттың өзара байланысты екі жағы бар, олар: маманның кәсіби дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету және жеке тұлғаның рухани дамуы.

Кез-келген кәсіби білім беруді тұлғаның рухани дамуын шектеп, тек қана кәсіпке оқытуға, тіпті ең жоғарғы деңгейде түйіндесе де, онда оны педагогикадағы технократия деп қана атауға болады. Білім беру мақсаттары көпшілік жағдайда оның мазмұны мен құрылымын белгілейді, алайда онымен қатар мақсаттар талабына сәйкес мазмұнды қалыптастыру және құрылымау бойынша күрделі жұмыс талап етіледі. Олай болмаған жағдайда, студенттің тұлғасын дамуға деген бағытты жариялап алып, тіпті кәсіби білім берудің жаңа сапалы мақсаттарын белгілесекте, біз оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талапқа сай мазмұнын қамтамасыз ете алмаймыз. Білім беру мазмұны және оның құрылымы нақты нәтижелері талапқа сай болмайтын, принципінде қол жеткізуге мүмкін болмайтын декларацияланған білім беру мақсатына сәйкес болмайды.

Педагогикалық процесстің тәрбиелік функциясы оқудың тұрақтылығынан білінеді – ол педагогтің бұл мәселені қалай қарастыратынына тәуелді емес – оқушыларды ол тәрбиелейді. Бұл педагогикалық процесстің объективті заңдылығы; тәрбиелік қатынаста оқыту нейтралды болуы мүмкін емес. Педагогтің, шебердің, тәрбиешінің негізгі мақсаты – оқушылардың жақсы жақтарын қалыптастыру үшін педагогикалық процесстің тәрбиелік мүмкіндіктерін мүмкіндігінше толық пайдалану. Педагогикалық процесстің барысында оқушыларда ғылыми түрдегі әлемді тануы, кәсіби көзқарасы қалыптасады; еңбекке, еңбек адамдарына, жоғары рухани сипаттар тәрбиеленеді. Педагогикалық процесстің бұл функциялары сонымен қатар ұжымдыққа, достыққа, әлеуметтік қарым-қатынасқа дайындықты; еңбек тәртібіне, адалдықты, жауапкершілікті, белсенділікті тәрбиелеуді; өзіне қамтиды; Азаматтық қатынас нормалары мен ережелерін қалыптастырады. Тәрбиелік оқыту оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқушылар ұжымының жалпы сипатын, тәрбие мақсаттарын шешудегі табандылықты ескеруді білдіреді.

Педагогикалық процесстің тәрбиелеу функциясын іске асыру, тек қана – білім алу процесіне тәрбие сәттерін «қосу» емес. Педагогикалық процесстің тәрбие беру әсері ең алдымен оның оқушының кәсіби білімінің және шеберлігінің өмірмен, тәжірибемен өзара байланысын ашу бағытында жатыр. Педагогикалық процесстегі тәрбие ең алғашқы кезекте оқушыға педагог тұлғасының ықпалымен іске асырылады, сонымен қатар, оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің кәсіби және педагогтік шеберлігінде, оқушылардың белсенділігін дамытатын, олардың ойлау және қара жұмыстағы тәуелсіздігіне бастайтын маңызды оқу материалын іріктеуде; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, ұжымдық принцип негізінде оқыту мен еңбекті ұйымдастыру.

Кәсіптік білім беретін орта және жоғары оқу орындарында білім беруді бакылауды ұйымдастыру, қазіргі қолданыльш жүрген заңдылықтарға негізделген. Жалпы жеке адам әрекет жасау үшін тәжірибені игеруі қажет, яғни қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі керек. Осы жағдайда ғана объективті біяім, білік және дағдылық қасиеттер тәжірибеге айналып, субъективті құралын құрайды. Күнделікті тәжірибенің шектеулілігі жеке адамды адамзаттың қоғамдық-тарихи іс -әрекетіне ендіру арқылы кеңейтіледі. Осы іс - әрекетте жеке адам өткен ұрпақтардың объективтендірілген тәжірибесін игеріп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің дамуына ықпал ете отырып, оны байытуы тиіс. Сондықтан, кәсіби оқытуда білім, білік және дағдылық қасиеттерді жеке түлға бойына сіңіріп, оны қадағалау, дамыту мәселесі басты орынға ие.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения