Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
06.01.2017
0
140
0

Көктем аруы

Сарқытова Б.C.,

касіптік білім беруші

Алматы облыстық нашар еститін және саңырау балаларға

арналған арнаулы мектеп интернаты

Талдықорған қаласы,Алматы облысы,Қазақстан

Мақсаты:     1. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін

түсіндіру.

2. Сөздік қорын молайту, дыбыстарды қадағалау, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке

тәрбиелеу.

Байқаудың шарттары төмендегідей:

1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру

(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)

2. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»

(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)

3. «Өнер»

(Ән айту, би билеу)

4. «Сұлулық сыры»

(Музыка ырғағымен шаш үлгісін көрсету)

5. «Зерделінің ойы озық»

(Лездік сұрақтарға жауап беру)

 

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар және мектеп оқушылары! Қазақ қызы десе ашық, бірақ

жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі,инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Көктем аруы– 2013» байқауына қош келдіңіздер!.

 

2-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар ортаға шығады)

 

1-жүргізуші: Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

 

2-жүргізуші: Мерекемізд  іСанжардың  орындауында Самға  әсем әнмен бастайық.

1-жүргізуші: Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Юсупова Б Ж

Әлеументтік педагог Қожахметова Л Қ

 

2-жүргізуші: Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыздың әділ бағасын сұраймыз

1-жүргізуші: Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты –

дегендей Байқаудың

2 кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.

Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі

 

1. «Қыздың жиған жүгіндей»

Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

 

2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»

Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.

Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

 

3.«Қызға қырық үйден тыйым»

Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.

4.«Біреудің ала жібін аттама».

Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

 

5.« Шеше көрген тон пішер»

Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.

Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.

Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.

6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»

Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

 

7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»

Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.

Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

 

3кезең  2-жүргізуші:           Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

«Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады(Ән айту, би билеу,)

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

 

4 кезең1-жүргізуші: Сұлу қыздар, ару қыздар

Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.

Қыздың көркі шаш екенін түсініп,

Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, -

деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

 

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

(Қазақ биі)

5кезең.2-жүргізуші:  «Зерделінің ойы озық» – деп, аталады. Әр ару қызға сұрақ қойылады..

(Лездік сұрақтарға жауап беру)

 


1-ші арудың сұрақтары.

1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)

2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)

3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).

4.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)

5. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).

6.Қошақанның анасы? (қой).

7. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

 

2-ші арудың сұрақтары.

1. Төлегеннің серігі? (Жібек)

2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)

3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).

4Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).

5. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).

6.Тай, құлынның анасы? (Бие).

7. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

 

3-ші арудың сұрақтары.

1. Еңліктіңсерігі? (Кебек)

2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)

3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).

4.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).

5. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).

6.Ботаның анасы? (түйе).

7. Бала туралы бір мақал айтыңыз.

 

 

4-ші арудың сұрақтары.

1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)

2. Апа сіңлінің балалары (бөле)

3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).

4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).

5. Аққуда не жоқ? (сүт)

6.Ешкінің төлі ? (лақ).

7. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.

 

5-ші арудың сұрақтары.

1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)

2. Киелі құс (аққу)

3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)

4. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)

5 Көздің суы (жас)

6. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)

7. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)

 

 

5кезең бойынша аруларымыздың ұпайларын сұраймыз

 

1-жүргізуші: «Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын,

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын» -

дегендей,. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения