Кабакова Галия Калигапасовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
06.01.2017
0
92
2

Открытый урок на тему "Соблюдайте правила дорожного движения"

«Жол тәртібін сақтайық!»

 Окушылар  арасында өткізілген

«Жол тәртібін сақтайық!»  кездесу сценарийі

Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»
Мақсаты: - Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға 
үйрету;
- Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу;
- Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, нақыл сөздер, кітаптар, слайдтар, плакаттар..
Жоспары: 
1. Кіріспе
2. Топтарды таныстыру
3. Белгілер сөйлейді

4. Көрініс

5.  Ән

6.МАИ қызметкеріне сөз

 7. Қорытынды
Барысы:
І бөлім
 1-ші жүргізүші:
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Кездесу басталады сәлемменен!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық!» атты кездесуімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

2 – жүргізуші:
Шуақты күндеріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

1 – жүргізуші:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол – ортақ, үлкен-кіші, баршамызға!
2- жүргізуші:
 Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер ме?
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған.
Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
  1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер.
1 – жүргізуші

Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
6-оқушы:
Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында, сондай-ақ Күршімнің  кейбір көшелерінде де бар.
  «Бағдаршам» тобы
ұраны: «Тоқта!, Сақтан!, Жол ашық!
Жүрме жолға таласып»      

               Хормен:

Бас көшеде қырағы,

үш көзі дәу тұрады.

ашса кезек ұш көзің,

Айтты деп бір ұш сөзін.

                қызыл:

Тоқта, сақтан, жол ашық,

Жүрме жолға таласып

қызыл көзін ашқанда!

                  Сары:

Сабыр сақта,

Баспа алға,

Сары көзін ашқанда.

                Жасыл:

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре берші, жасқанба!

Бағдаршам биі

1 – жүргізуші:

Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде талпыныс жасалған.
1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке Жарлығы басылды. Онда атты божымен басқаруға тыйым салынды.
2- жүргізуші
1730 жылы Жаңа Указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды.
1742 жылы кімде-кім тәртіп бұзатын болса,жазаланатын болды.
1812 жылы Жаңа ереже қабылданды. Оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, номерлік белгілер қойылды.
 1968 жылы Венада халықаралық конференцияда «Жолда жүру» туралы конвенция қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру ережесі жасалып, 1973 жылы күшіне енді.

 Жол белгілері:

 

       Жол беріңіз:

Жол беріңіз жүргінші

Қызыл шамың жанғанда,

Сәл күте тұр, асықпа,

Болып жүрме арманда.

 

     Тайғақ жол:

Тайғақ жолға келгенде,

Белгіге қара, ерінбе.

Музыканы азайтып,

Беріліп кетпе сезімге.

 

    Жаяу жүргінші:

Ақ жолақпен сызылған,

Жаяу өтер белгісі.

Жасыл шамың жанғанда,

Өте берер әр кісі.

 

    Қауіпті бұрылыстар:

 

Умыштыңөрі бұралаң,

Сақ болғайсың жырадан.

Жете берсең белгі тұр,

Қарап өтер әр адам

      Тыйым белгісі:

Жүруге тыйым салынған,

Бұрылып кеш жолынан.

Сабыр сақтап, біліп ал,

Ауа – райын бұзылған.

Үлкен кіші, кәріге,

Тыйым салам бәріңе.

Велосипед:

Велосипед мінгендер,

Өз - өіне сенгендер.

Жолаушының жолында,

Рұқсатсыз жүрмендер.

 

 

    Магистраль жолы:

Оң жағымда Алматы,

Сол жағымда Астана.

Үлкен жолдыңүстінде,

Зулай берші, тоқтама! 

       Ескерту белгісі:

Өзі қызыл, ұшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашанда қалмаған.

                 Анықтама белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Ой – шұңқыр, бұрылыс, қатерлі қауіпті.

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

               Көрсеткіш белгісі:

Баратын сапардың жақынын, қашығын,

Үн – түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпенен боялған төотбұрыш шырағым.

        Хормен:

Қалың адам сабылған,

Көлікке жол  табылған.

Қала – қазан қайнаған,

Құлақ тұнар дабырдан.

Бірақ одан жасқанып,

Кезіміз жоқ, жаңылған.

Отряд біздің Күршімде,

Үздік болып табылған.

Ән «Жолда жүрү ережесі»

МАИ кызметкеріне сөз
Қорытынды сөз Ө. І. Менгерушісі БаяндиноваД.Ж.
 
 Кездесуді  үйымдастырған КЖЕ пәні мүғалімі Ғ.Қ,Қабақова
 
Осымен кездесүмізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения