Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
05.12.2016
0
268
0

Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

Жапақова Майгүл Мәлиқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп- гимназия

Талдықорған қаласы,Алматы облысы,Қазақстан Республикасы

Мұғалімнің кәсіби білікті маман ретінде қалыптасуы-үздіксіз және күрделі үдеріс.Біздің жоғарға оқу орнында алған теориялық біліммен шектелмейді.Керісінше,алған теориялық білімдерімізді тәжірибемен ұштастыру арқылы жинақталған жаңа білімді іс-әрекетте қолданып,жүзеге асыру.Бұл өз тәжірбесінде өзгерістер енгізе алатын және енгізілген өзгерістердің ықпалы мен тиімділігін терең ойластыратын маман болуды талап етеді.Заманауи әдіс –тәсілдермен қаруланған,рефлекциялық дағдылары жетілдірген мамандарды даярлауда біліктілікті арттыру курстарының маңызын ерекше айтуға болады.

Осы 2016 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі  « Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан арнайы тренерлер келіп, «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі  «Қазақ тілі» пәні бойынша бір ай көлемінде курс өткізді.

      Курс бағдарламасының мазмұны мен жаңартылған білім берудің әдіс –тәсілдері,бастауыш және жоғарғы сынып оқу бағдарламаларындағы өзгерістер және Деңгейлік бағдарлмалардың түйінді идеяларына негізделіп құрылған.Осы курсты оқу барысында педагогикалық тәжірибемді қосымша жаңа білімдермен толықтырдым.Атап айтар болсам:

  • жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын,ерекшеліктерін,ондағы  материалдардың күрделілігінің асу ретін, мазмұны мен мақсаттарын;
  • бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді,оқу материалдарын қолдануды;
  • оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін және оны іс-әрекетте қолдана алуды;
  • бір білім беру аясында және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында  «ортақ тақырыптардың» берілуі және т.б

     Дәріс беруші тренерлер,білім беру барысында оқытудың жүйелі –әрекеттік тәсілді басты назарда ұстап,әрбір тыңдаушының білім алу үдерісіне белсенді қамтамасыз ете білді.Алған жаңа білімді бұған дейінгі біліммен,тәжірибемен байла  ныстыруға,тыңдаушылардың өзара жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік берілді.

     Әріптестермен бірлескен топтық жұмыстарда оқушылардың ойлау дағдыларын дамытуға негізделген тапсырмалар дайындау қалыптастырушы  және   жиынтық  бағалаудың критерийлерін  құрастыру,  бағалау  критерийлеріне  сәйкес білім алушылардың  оқу  жетістіктері  деңгейлерін сипаттайтын рубрикалар жазып,  оларды  педагогикалық  іс- әрекетте  қолдану  дағдыларын  меңгердік.

    Мен білім беруде мазмұнын жаңарту аясында жүргізілген курста болғаныма  қуаныштымын.  Алған білімімді педагогикалық қызметіме  енгізіп, кәсіби дамуымды жалғастыратыныма  сенімдімін.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения