Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
24.03.2013
0
1692
0

"Закон Ома для участка цепи. Электрическое сопротивление" ("Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.")

Казахстан, Бурлинский район

Акбулакская общеобразовательная школа

учитель физики в казахских классах

Курмангалиева А.К.

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Электр тогы, ток күші, кернеу деген не екенін біле отырып, тізбектегі ток күшінің неге және қалай тәуелді екенін түсіндіру.

Дамытушылық: L-микро зертханалық құрылғысымен тәжірибе жасай білуге,

есептеу формулаларын түрлендіре білуге, өзбеттерімен есептер шығара білуге баулу.

Тәрбиелік:Іскерлікке, ынтымақтастыққа, ұқыптылыққа, өз беттерімен жұмыстана білуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға баулу. Мамандық таңдауға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Сабақта алған теориялық білімдерін күнделікті өмірде, практикада пайдалана білулері.  

Сабақтың түрі: кіріктірілген, жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: тест орындау, өрнектеу, тәжірибеде тексеру, графиктер тұрғызу.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу.

Көрнекіліктер мен құралдар: Флипчарт- тірек сызба, L-микро құрылғысының жинағы, GLX құрылғысы, интерактивті тақта.

 

                                          Жоспар:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Негізгі бөлім: 1.Үй тапсырмасын тексеру (шағын тест алу).

                                2. Жаңа сабаққа өту кезеңі.

                                3. Жаңа сабақ : Тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру.

                               4. Практика, есептер шығару.

                               5. Үйге тапсырма беру.

                               6. Бекіту: сәйкестендіру. 

ІІІ. Қорытынды: Бағалау.   

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру: 1.Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды анықтау, журналды толтыру.

                               2. Үйге қандай тапсырма берілгенін сұрау.

ІІ. 1.Үй тапсырмасын тексеру (шағын тест алу, тест сұрақтары интерактивті тақтада берілді, оқушылар жауап парағына белгілеп тапсырады, жауаптар тексеріледі).

  1. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы ... деп аталады

а.  кернеу         б. электр тогы           в. ток күші

     2.Токтың қандай әрекетінен өткізгіш бойымен ток өткенде қызады?

а. химиялық әрекеті             б. магниттік әрекеті          в. жылулық әрекеті

3.Ток күшінің ХБЖ-да өлшем бірлігі

а. В              б. Вт              в. А

    4.Ток күшін өлшеуге арналған құрал

а. спидометр          б. амперметр            в. вольтметр

    5.  Қыздыру шамы арқылы 0,4 А ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең  

         қимасы арқылы  зарядтың қандай мөлшері өтеді?

     а.  q =1Кл                   б.  q =0,4 Кл                в.  m=0,4 кг

    6.Амперметрдің «+» қысқышы ток көзінің қандай полюсіне жалғанады?

     а.  «+» полюсіне         б. «–» полюсіне      в. қалай қоссаң да ештеңе өзгермейді.

   2. Жаңа сабаққа өту кезеңі: сурет бойынша мына сұрақтарға жауап алу.

            (жауап парағы арқылы жауап алынады, жауаптар тексеріледі)

1.Амперметрдің бөлік құны неге тең?   а.  0,1А    б.   0,2А      в. 0,3А 

2.Амперметрдің өлшеу шегі неге тең?   а.   2А    б.  3А      в. 6А

3. Вольтметрдің бөлік құны неге тең?    а. 0,1В    б. 0,2А     в. 0,2В  

4. Вольтметрдің өлшеу шегі неге тең?  а. 3В       б. 6А        в.6 В

5.Ток көзіндегі кернеу неге тең?           а. 4,4В      б. 4,8 В      в. 1,6В

 

   

 

Біз өткен сабақтарда электр тогы , ток күші, кернеу деген не екенін біле отырып, оларды қандай құралдармен қалай өлшеуге болатынын білгенбіз, енді бүгінгі сабағымызда тізбектегі ток күшінің неге және қалай тәуелді екенін оқып үйренеміз.

  3. Жаңа сабақ : Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.

      Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз: тізбек бөлігіндегі ток күші қандай шамаларға тәуелді және қалай тәуелді екенін анықтау!

     Флипчарттағы тірек сызбаны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіремін.

 

 

Оқушылар дәптерлеріне жазады, ал мен GLX-пен алынған I~U графигін интерактивті тақтадан көрсетемін, содан соң I~графигін электрондық оқулық бойынша  интерактивті тақтадан көрсетемін. Осы жерде кедергіні реттейтін реостат құралының құрылысы мен шартты белгісін оқулықтан (138бет) тауып оқуды талап етемін.

Осы екі тәжірибеден қандай қорытынды шығаруға болатыны сұралады.

Жауап:Тізбек бөлігіндегі ток күші-осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады.

 (біздің жаңа сабақ бойынша білу керегіміз осы екенін айта кету)

 4. Есептер шығару: L-микро құрылғысының жинағы пайдаланып мына сызбанұсқа бойынша тізбек құрастыруларына көмектесемін және амперметр мен вольтметрдің көрсетуін пайдалана отырып, кедергіні есептейміз, есеп жауабын қорытындылаймыз.  

 

 
   

 

 

1.  Бер: I= 0,20 А      Шешуі:    I= ;    R=    

              U= 0,2 В                       R==1 Ом

             R=?                                         Жауабы: R=1 Ом.

 

2.    I= 0,19 А    I=           R==3,6 Ом

      U= 0,7В       R=          Жауабы: R=3,6 Ом.

 

        R=?

3.    I= 0,18 А    I=           R==5,5 Ом

      U= 1В          R=          Жауабы: R=5,5 Ом.

 

        R=?

Бұл тәжірибеден реостаттың көмегімен кедергіні арттырғанда тізбек бөлігіндегі ток күші кемитінін (және керісінше екендігін) байқадық . Сонымен тізбектегі ток күшін реостат арқылы реттеуге болады деп қорытындылаймыз.

 (Оқушы тақтаға шақырылады):

№18-1.         

 Берілгені:       Шешуі: R= R==20 Ом

  І=0,40 А       

U=8 В            

R=?                     Жауабы: R=20 Ом.

 

№18-4

 

Берілгені:               Шешуі:   

R=20 Ом               I=

I=19A                          

                              U=IR;     U= 19А* 20 Ом =380 В.

U=?                        Жауабы:U=380 В.

 

 5. Үйге тапсырма беру: §38. №18-5, 6. (Күнделіктеріне жазуын талап ету)

 6. Беккіту: Сәйкестендіру

 

 
   

 


Реостаттың шартты белгісі

 

Кедергінің шартты белгісі

I=     

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

 

Тізбек бөлігіндегі ток күші өткізгіш ұштарындағы  кернеуге тура пропорционал

I=UR

 

 

 

I~

 

I~U

 

ІІІ. Қорытынды:   Сабақтағы жетістіктері айтылып оқушылар бағаланады.   

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения