Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
27.11.2016
0
28
0

Гобелен тоқу технологиясы





 Конырбаева Асель Калихановна,

технология пәнінің мұғалімі "№5 жалпы білім беретін орта мектеп"  КММ Аягөз қаласы,

Шығыс-Қазақстан облысы,Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Халық қолөнерімен таныстыру, үйрету арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдікпен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.
Білімділік мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, сурет.
Сабақтың көрнекілігі:  слайд, гобелендер, кергіш, инелер, түрлі-түсті жіптер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
 • Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, түгендеу;
 • Жұмыс орнын ұйымдастыру, әкелген құралдарын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
• Гобелен өнерінің шығу және даму тарихы?
• Гобелен өнерінің түрлері мен әдіс техникасы?
• Қазақстандағы гобелен өнерінің суретшілері және олардың шығармашылығындағы композиция?
• Гобеленді тоқуда түсті табиғатпен байланыстыру?
• Интерьерлік панно-гобеленнің абстрактілі мазмұны?


ІІI. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кілем – үй жасауы, оны жерге төсеуге, қабырғаға ілуге болады. Кілем - сәндік қолданбалы өнер түрі.
Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді.
Гобелен –суретті,  қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.
Гобелен өнерінің шығу тарихы 20-шы ғасырдың басынан басталады. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес.
Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдықты талап етеді.
Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.
Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова..

Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.

Гобелен тоқу үшін:
1. Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.
3. Гобеленші-картоньер кіші қағаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.
4. Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.

IV Сарамандық жұмыс.

• Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;
• Ине ұстау кезінде инені оң қолыңмен ұста;
• Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
• Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, ұшын инеден өткізіп, дұрыс отырамыз;
• Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнаң солға қарай жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу апқылы орындалады;
• Тоқылу әдісінің арақашықтығы 3-4мм болады;
• Тоқылу әдісінде жіптер мата бетін толық жауып, суретті нақтылай тоқу керек.
V. Сабақты бекіту.
1.Гобелен өнерінің шығу тарихы қай ғасырдан басталады?
2.Гобелен дегеніміз не?
3. Гобелен атауы қай елден шыққан?
4. Гобеленнің кілемнен айырмашылығы неде?
5. Қазақ гобеленшілері кімдер?

VI. Оқушы білімін бағалау.
Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдау, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.
VII. Үй тапсырмасы. Гобелен туралы, Қазақстандағы басқа да гобеленшілер туралы қосымша деректерді жазып әкелу.

 

 
Сабақтың тақырыбы :Ілмек инемен тоқудың технологиясы. 

Сабақтың мақсаты: ілмек инемен тоқу әдіс-тәсілдерін үйрету технологиясын сызбаны түсініп, тоқи білулерін меңгерту. 
Д\м жұмыс барысында оқушының шеберлігін,ой-өрісін,көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. 
т\м өз бетімен жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге, әсемдікке, 
ұқыптылыққа, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ. 

Сабақтың әдісі: теориялық, баяндау,сарамандық, сұрақ-жауап. 
Керекті құрал-жабдықтар: ілмек ине,әр түрлі тоқуға арналған жіптер,дайын тоқылған бұйымдар, шартты белгілер, суреттер. 

Сабақтың жүрісі 
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
11. жаңа сабақты меңгерту. 
Тоқу өнері- қазақ халқының ежелден келе жатқан,ең алғаш киімі мен ұй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.тоқумен айналысқанда адам 
Жеке басына аса қажетті жасау үшін тоқымайды.осы тоқу үстіндегі түрлі 
Түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, 
Түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін 
Жетілдіріп,көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. 
Қазіргі таңда ілмек инені пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады. Ата-бабаларымыз ілмек инені қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған.Ілмек инемен тоқу өте ертеде,солтүстік африкада х11-х5 ғасырда ұзын ілмекИнемен тоқудан, одан шығыс европада,ресейде,азия елдерінде дамыған.Ата-бабаларымыз қыздарды сәндік қолданбалы өнерге баулыған. 

Негізгі шалулар. 
1.Тізбек (цепочка).Ілмек ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап,алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады.Осылайша қайталана береді. 
2.Қысқаша шалу.(полу столбик). 
Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан артына қарай өткізеді.Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады. 
3.Жай шалу (столбик без накида) 
Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан кері қарай өткізеді.Ілмекке жіпті орап 
Шалып алады да, содан соң жіпті тағы орап оны ілмектегі екі шалудан өткізеді. 
4.Нық шалу.(прочный столбик) 
Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3 шалуына алдынан артына қарай өткізеді.Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағыда орап, 
Енді оны ілмектегі 3 шалудан өткізіп алады. 
5. Бос жіп қосылған шалу.(столбик с накидами). 
Шалудың биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіпті орап,бұрынғы 
Қатардағы не тізбектегі 4 шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап,оны ілмектегі шалумен бос жіптен 2 шалу өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмек 
Тегі соңғы 2 шалудан өткізеді. 

Шартты белгілер. 
О-тізбек(цепочка) 
-қысқаша шалу(полустолбик) 
-бос шалулы баған(столбик с накидами) 
-бекіткіш шалу(соедительный столбик) 
-екі шалулы баған(столбик с двумя накидами) 
-үш шалулы баған(столбик с тремя накидами) 

111.Сарамандық жұмыс.Шартты белгілер бойынша тоқу әдістерін үйрену. 
4.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары. 
1.Ілмек инемен тоқудың қандай түрлерін білесіңдер? 
2.Тоқыманы қалай тарылтады? 
3.Ілмек инелерді неден жасайды? 
1V.Сабақты қорытындылау. 
V.Үйге тапсырма:Ілмек инемен ұялы телефонға чехол тоқу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения