Базылбаева Жумагуль Акылсериковна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Карагандинский область,город Темиртау
27.11.2016
0
20
0

Статья "ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ"

 Қоғамдағы соңғы кезеңде болып жатқан өзгерістер ағылшын тілін  оқып-үйренуге мәжбүрлік ахуалын туғызып отырғаны жасырын емес. Компьютер арқылы әлемдік ақпараттар кеңістігіне шығу, әлемдегі озық технологияларды, жаңалықтарды меңгеру, өмір ағымына ілесу ағылшын тілін немесе дамыған елдер тілін меңгермейінше мүлде қиын болатыны  бүгінгі күннің шындығы.Қандай да ұлт үшін өз ана тілінен басқаның бәрі шетел тілі емес пе? Олай болса оқушыларымызға  ағылшын тілін, қазақ тілін оқытып отырмыз.Сонда қазақ тілін,орыс тілін (шетел тілін) толыққанды меңгермеген адам ол арқылы ағылшын тілін қалай оқып үйренбек? Оқушы  ағылшын тілін үйреніп білуі үшін міндетті түрде орыс тілін меңгеруі тиіс. Міне, бұл үлкен мәселе. Оқушылар үшін өз тілі арқылы оқып үйренетін кезен ол сабақта үш тілді қатар қолдану.Сондықтан, мұғалім сабақ ұйымдастырғанда тіл  қатынасына көңіл бөлу керек.

 Функционалдық сауаттылық - бұл өмір жағдайында адам  жазу мен оқу дағдысын қолдана алуы,тоқан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйетін болсақ қандай да бір ортаға түссе, өз ойын жазып жеткізу(банкте есепшот тіркеу,сауалнама толтыру т.б),оқу(нұсқау,мәтін,өтініш,бұйрық т.б), ауызекі сөйлей алуы керек.

Жоспарда негізгі құзыреттіліктер белгіленген:

Басқарушылық – мұғалім сабақта 10% , оқушы 90% проблеманы шешу қабілетін жетілдіреміз (жетілдіру мақсатында жыл бойы жұмыс атқарылады);

Ақпараттық – олимпиада, ғылыми жоба жұмыстары,ғаламтор олимпиадаларда өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуге көмектесу;

Коммуникативтік–мәтінді мазмұндау(ауызша), бақылау жазба жұмыстары(жазбаша)  және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті болуға баулу;

Әлеуметтік - оқушылар бір-бірінің жауабын тыңдау,бөлмеу,өмір тәжирбесімен байланыстырып өз ойын жеткізу, сыйлау,әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті тұлға дайындау;[2. 31б]

Тұлғалық - өзін-өзі жетілдіру, төзімді болу қабілетін жетілдіру;

Азаматтық- өзінің отаны үшін,қала үшін,мектеп үшін  жауапкершілікті сезіну қабілетін тәрбиелеу(сайыс,концерт,мерекелік шара);

Технологиялық - технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамыту;

 Модульдік оқыту технологиясында оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. «Баланың қиялы ойында жарыққа шығады», - деп халқымыздың кемеңгер ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, сабақтың тақырыбына сай ойынды қолдана білген мұғалім оқушылардың санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал етеді. Ойын барысында ұжымдық жұмыс жүргізіп, оқ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырамыз. Сонда ғана шәкірттеріміз қиындыққа мойымай, белсенділік танытып, өз шамасын білуге, жеңілуден қорыңпай, кемшілікті өзінен іздеуге тырысады, әрі өзін-өзі тәрбиелейді. «Ойын ойды өсірер» дегендей, оқушыларымызды білімге жұмсай отырып, іздендіреміз, жасқаншаңтықтан аулақтатып, ойын еркін айтуға, өжеттікке баулимыз. Сабақ барысында өз ойымен арпаласып, тысқары қалатын оқушылар бол- майды. Педагогикалық-танымдық ойындар жүргізуде сабақтың тақырыбына сай мақсаты да жүзеге асады.

«Есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу қажет» (Б.Т. Барсай. «Оқытудың жаңа технологиялары»).[1.115 б] Ұжымдық оқытуда жеке, топтық, жұптық жұмыс,викторина,зияткерлік ойын ұйымдастырылады.Ұжымдық оқыту технологиясы бойынша білім беру барысында әр оқушының қабілетін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық оқытуда өзі оқи отырып, өзгені оқыту жүзеге асырылады.

 Тіл - өзгеріссіз-өріссіз, қатып-семіп қалған дүние емес. Ол үнемі жаңарып, толығып отырады.Әрбір кезеңде үнемі өзгерісте болып, сөз қорының артуы, жаңа сөздермен толығу заман заңы.Жақсы жұмыс істеу деген сөз басқаша жұмыс істеу деген сөзге ауысу керек деп білемін.Ол заман өзгеруіне,заман талабына сай жұмыс жаса, шеберлікті шыңдау.  

Тілдерді оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырма үлгісі:

9 сынып  №1 нұсқа                              Мәтін

Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі

     Отбасы – әр адамның алтын ұясы.Отбасы ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алды.Қазақ отбасында ұл баланы,қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер».Отбасында ұлға үйдің күрделі,ірі жұмыстарын үйретеді.Қызға тамақ істеу,үй ұстау дағдыларын қалыптастырады.

    Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек.Ол отбасы үшін өте маңызды.Мына кісінің есімі – Қуанышбек.Оның отбасы үлкен.Оның әкесі,шешесі бар.Қуанышбектің әйелінің аты – Забира.Олардың бір ұлы және екі қызы бар.Қуанышбек пен Забира үш баласына қамқор болып,жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады.Ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады.Үйге қонақ шақырып,қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді.Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған.Қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп,саяжайда бақша егуге ,саяхатқа шығуға,машинамен қыдыруға құмар.Забира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді,шет тілдерін үйренуді жақсы көреді.Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру,оларды күту дәстүрі қалыптасқан.Сенбі күні кешке балаларымен отбасылық сұхбат құрып,кітап оқиды.Теледидар,радио арқылы жаңалықтармен танысады.Жақсы дәстүр – отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.  («Жаңа толқын» кітабынан)

Тапсырма:

І.Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Ұлттық дәстүр, тамақ істеу,сыйластық сақтау, қонақ,шет тілдер, күту,жаңалықтар, берік шаңырақ, ірі жұмыс.

ІІ.Берілген сөздердің синонимдік қатарын толықтырып, олармен сөйлем құраңыз.

Отбасы, тамақ, үлкен,балалар, кісі, сыйласу,еңбек,көрікті,көп,

ІІІ.Мәтіннен Қуанышбектің отбасы туралы айтылған жерді белгілеңіз.

ІV.Екінші абзацтағы бірінші сөйлемдегі бірінші сөзді синониммен ауыстырыңыз.

V.Мәтінге ат қойыңыз.

А)Қазақ отбасы. Ә)Қуанышбек отбасы. Б)Забира отбасы. В)Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі

VІ.Мәтінің  бірінші бөлігі - .... туралы

А)вальс  Ә)қазақ отбасы Б)ұл бала мен қыз бала тәрбиесі В)мақал – мәтел

VІІ.Мәтінің  екінші бөлігі - .... туралы

А)дәстүр Ә)Қуанышбек отбасының дәстүрі Б)үш баласы В)демалыс күндер

VІІІ.Сөйлемді аяқтаңыз.

Жақсы дәстүрдің негізгі мақсаты  ... .

ІХ.Мәтінді бөліктерге бөліп, сол бөліктердегі ойдың түйіні болып тұрған сөйлемдерді тауып жазыңыз.Әр бөліктің мазмұнын айтып беріңіз немесе 9 сұрақ  құрастырыңыз.

 9 сынып  №2нұсқа                           Мәтін

Отбасындағы асыл адамдар

Ата –елдің, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария.

Әже – әкеңнің, шешеңнің анасы. Отбасының, елдің сыйлы анасы. Балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.

Әке – үйдің басшысы, асыраушысы. Отбасындағы балалардың қамқоршысы.

Ана – өмірге бала әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін берген ең аяулы жан. Ол – отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы, негізгі тұтқасы.

Ұл – қазақ отбасындағы шаңырақ иесі, әке  өмірінің жалғасы.

Қыз – елдің сәні, көркі, өмірдің гүлі, отбасының қуанышы. Ол – болашақ жар, ана. Оны мәпелеп, аялап, сыйлап жүру керек.

Тапсырма:

1.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.Мәтіннің атына синонимдес ат қойыңыз.

2.Мәтінді бөліктерге бөліп,сол бөліктегі ойдың түйіні болып тұрған сөйлемдерді теріп жазыңыз.Әр бөліктің мазмұнын айтып беріңіз.

3.Сөздікті пайдаланып,мына сөздердің мағнасын түсіндіріңіз.

Асыл,сыйлы,болашақ,қария,ақылшы,қамқоршы,әкелу,аяулы,шаңырақ,.

4.Берілген сөздедің аудармасын тауып, жазыңыз.

бірлік         лелеять

асыраушы радость

береке        продолжение

жалғасы                               основной держатель(рычаг)

5.Мына сұрақтарға жауап болатын сөйлемдерді табыңыз.

а) Отбасының, елдің бірлігін сақтайтын кім?ә) Әже отбасына қалай әсер етеді?б) Отбасыңда гүл,қамқоршы,акылшы,тәрбиеші,дана қарияң бар ма?

в) «Менің отбасым» деген тақырыпта шығарма жазып келіңіз.

6.Мәтінге ат қойыңыз.

а)Отбасы мүшелері ә)Қуанышбек отбасы.б)Забира отбасы.в)Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі

7.Мәтінің  бірінші бөлігі - .... туралы

а)вальс ә)асыл  адамар б)ұл бала мен қыз бала тәрбиесі в)мақал – мәтел

8.Мәтінің  үшінші бөлігі - .... туралы

А)асқар тау ә)Қуанышбек отбасының дәстүрі б)үш баласы в)демалыс күндер

9. Тиісті әріптерін қойып  көшіріңіз.

Ата – халы...ты...  болаша...ын бай...птайтын, к...пті к...рген дана   ...ария.

Сынып: 5 «А,Б»

Тақырыбы: Ойнайықта - ойлайық.

Мақсаты:

Білімділігі:Ойын арқылы оқушылардың пән бойынша білімі мен энциклопедия әдебиетін қолдану және сөздік қорын үш тілде білуін тексеру.

Дамытушылығы:Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, интеллектуалды ойлауын жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. 

Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа , ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Зияткерлік ойынының кезеңдері:

1. Таныстыру кезеңі

2. Бәйгі

3. Сергіту сәті

1

Адамның дене мүшелерінің атаулары

10

20

30

40

50

2

Жеміс-жидектер мен көкөніс аттары

10

20

30

40

50

3

Түстер

10

20

30

40

50

4

Жануарлар атары

10

20

30

40

50

1. 10- Тонкое роговое нитевидное образование, растущее на коже человека, млекопитающих. Также в значение растительности на голове

20-Часть тела человека (или животного), состоящая из черепной коробки и лица,(у животного морды)

30 -Костное образование, орган во рту для схватывания, откусывания и разжёвывания пищи.

40 — Вид зуба.

     50 - Одна из двух нижних конечностей человека.

2.  10 - Плод фруктового дерева.

     20 - Плодовое дерево сем. розоцветных с сочными тёмно- красными плодами.

      30- Бахчевое растение сем. тыквенных с крупным сладким плодом

     40 - Многолетнее травянистое растение со сладкими ароматными розово-красными ягодами.

     50 - Плодовое дерево рода вишни.

3.  10 - Цвет снега.

     20-  Цвет дыни.

     30-  Цвет неба при хмурой погоде.

     40-  Цвет доски в классе.

     50-  Цвет лица при морозе.

4.10 - Зверёк отряда грызунов, с длинными ушами и сильными задними ногами

    20-Крупное хищное млекопитающее с длинной шерстью и толстыми ногами

    30-Степное парнокопытное полорогое животное, родственное антилопе.

    40-Животное сем. лошадиных, невысокого роста, с большой мордой и длинными ушами.

   50-Крупное парнокопытное животное семействооо   оленей с шшшироким разветленными рогами.

Жауаптар:

1.     10- Шаш-волосы-hair

20-Бас-голова-head

30-Тіс-зуб-tooth

40-Азу тіс-коренной зуб-molar tooth

50-Аяқ-нога-leg

2.     10-алма-яблока-apple

20-шие-вишня-cherry

30-қауын-дыня-melon

40-құлпынай-клубника-strawberry

50-қызыл шие-черешня-sweet chery

3.     10-ақ-белый-white

 20-сыры-желтый-yellow

 30-сұр-серый-grey

 40-жасыл-зеленый-green

 50-қызыл-красный-red

4.     10-қоян-заяц-hare

 20-аю-медведь-bear

 30-елік-сайгак-saiga

 40-есек-осел-donkey

 50-бұлан-лось-elk

 

Әдебиеттер тізімі:

Кітаптар,монографиялар,жинақтар:

1.Т.Мейірманқұлова Қазақ тілін оқыту әдістемесі .Монография.- Астана:Фолиант,2010.-168 бет

 

2.«Қазақстан мектебі» №1, 2001.1 – 80.Алматы.

Статья "ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ" Статья "ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ" Статья "ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ" Статья "ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ"
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения