Базылбаева Жумагуль Акылсериковна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Карагандинский область,город Темиртау
27.11.2016
0
20
0

Доклад "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС "

  Қазақ тілінде сөйлеу тілін қарым-қатынас құралына айналдырып,қазақ тілі сабақтарында грамматикадан алған білімдерін жүйелеп отырып ,практикада сауатты және еркін қолдана білуге көмектесуде құзіреттілік тапсырманың орны ереше.Құзыреттілік тапсырмалар оқушының логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен білім алуға икемділігін,дағдыларын дамытады,білім алуға қызығушылығын туғызыды,ал бұның негізінде оқушының өзндік талпынысы, ерік-жігері дамиды да, сол арқылы оқу үрдесінде жоғары нәтижеге жетуге болады . Құзыреттілік тапсырмалардың жаңа талаптарға ұйымдастырылуы өте маңызды.Оқушының өздік жұмысын іске асыру құралы – тапсырмалар дейтін болсақ,осы тапсырмалардың шығармашылық сиппатын басты назарда ұстау қажет.

  Сол себептен менде өзін-өзі оқытып, жетілдіру мақсатымен осы тақырыппен 2 жыл айналысып жүрмін.

  Тіл дамытуға арналған мәтінмен жұмыс. Осы әрекеттер арқылы оқушылар дұрыс сөйлеу жүйесіне үйренеді, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізуге дағдыланады. Қазақ тілін шетел тілі ретінде оқытудың осы кезеңінде қойылатын негізгі мақсат-оқушыларды белгілі бір тақырып бойынша өз ойын, сондай-ақ осы кезенде мәтіннен жаңа мәлімет алып, оны өзіндік сөйлеу әрекетінің қажеттілігін қамту үшін қолдана алуды және өз пікірін дәлелдеп айта алатын деңгейге жеткізу еді. Коммуникативтік бағыт мәтінді түсінуге, оның негізгі ойын анықтауға көмек береді, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге себеп болады. Бұл тапсырмалардың негізгі қызметтерінің  бірі-интернациональдық сөздерді танып,сөз құрамына қарай талдаужасап,сөздердің жасалуын анықтау. [2,28-32] Мәтіннің мазмұнын айтуда синонимдер,тұрақты тіркестер, ауыспалы мағыналар қолдануға дағдыландырамын. Мәтіннен кейін берілген тапсырмалар мен жаттығулар жүиесі негізінен оқушылардың мәтін мазмұнын қалай түсінгендігін тексеруді және өтілген функциональдық үлгілерді қолдануға үйретуді мақсат етеді. Бұл тапсырмалар мәтін түрлерімен және оларды оқу мақсатымен тығыз байланысты. Мәтінді талдауға арналған мынандай мақсаттарды көздейді: ықшам мәтінді оқу мақсаты-негізгі мәліметті анықтап түсіну, сөйлеу мәтіннің оқу мақсаты-ізденіп оқу, тіл дамытуға арналған мәтінді оқу мақсаты-мәтіннің мазмұнын толық түсініп оқу, сауатты жазуға машықтандыру.[1,40]

    Әр оқу модулінде жазуға машықтандыру мақсатын көздеген арнайы тапсырмалар берілген.Бұл тапсырмалар үш топтан тұрады. 1.Мәтіннің алдында және мәтіннен кейін берілетін жазбаша жаттығулар. Олар өтілген функционалдық модельдерді қолдануға жаттықтырып,жазуға машықтандыруға мақсатын көздейді. 2.Шығармашылық жұмыстар:шығарма жазу, баяндама дайындау. 3.Аудиомәтінмен жұмыс істеу .(фактілер ажырата білу, мәтіннен керекті деректі материалдар,негізгі ой) [4,13]

    Мәтінмен жұмыс-сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығы:дыбыстармен жұмыс; («Тоқта», «Ыстық доп», «Пирамида»-Мысалы: Бір буынды сөз-ең,таң,күн, екі буынды сөз-әже,өзен, үш буынды сөз-Қазақстан,мүшесі  ойындары т.б), сөздіктермен жұмыс; («Сөз тізбегі»-Мысалы:қарындаш-шар-рұқсат, «Аудармашы»т.б), сөздік қорларын жетілдіру,тіл дамыту;(«Споттық шабыт», «Кім тапқыш болады?»т.б), ауызша сөйлеу білуге дағдыландыру («Дүкен», «Прес-конфепенция»Мысалы:елшілер мен журналистер, «Сәндік үкім», «Қазақ-қонақжай ел»т.б)шығармашылық жаттығулар;(сөзжұмбақ,мақалды жалғастыр т.б) білім, іскерлік тәжірбиеде қолдану.

     Әңгімені құрылысына қарай талдау: әңгіменің аты,әңгіменің тақырыбы, әңгіменің құрылысы,негізгі оқиғасы, дамуы, кейіпкерлер, олардың іс-әрекеттері, жазушының көркемдік әдісі мен тәсілі (баяндау, сипаттау, портреттеу)

Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс,мәтінмен жұмыс кезеңі,мәтіндік кезең,мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;

      Мәтінмен жұмыс: сөз тіркестерін тауып оқу (Зат есім+сын есім,Зат+етістік), сөйлем бойынша тізбектеп оқып,аудару,бөлімге бөліп оқу,жоспар құру,әңгіме,өлеңнің көркем жерін оқу, мақал-мәтелге сәйкес келетін бөлігін оқу.(«Шыңға жету», «Алпенист» т.б ойын) мәтінді түгел оқу.(«Спорттық шабыс»ойыны т.б) мәтінді мәнерлеп оқу (сайыс түрінде «Тоқта»ойыны т.б), бейнелеу-образдау жерін оқу («Уәжулеу», «Пантамимо» т.б), суретке байланысты үзінді тауып оқу («РАФТ»әдісі), мәтіннен 3 ой жүйесін тауып оқу.

      Мәтіндік кезең. Олар: мәтінді мағынасына қарай бөлуге арналған жаттығуларМәтінді оқып,оны мағынасына бөліп, әр бөліміне тақырып ойластыру;Мәтінді оқып, мағынасын ашатын сұрақтар оқу; 2.Мәтінде мағыналы тірек сөздерді анықтауға арналған жаттығулар 3.Абзацтарды оқып, тірек  сөйлемдерді табу; 4.Абзацтарды оқып, сөйлемдегі негізгі ойды анықтау; 5.Абзацтардан сөз таптарын тауып айтқызу;

     Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең: логикалық сұрақтар, сөздік жұмыстар, фонетикалық жаттығулар, сөйлем құру, мәтінге жоспар құру, аударым, мәтінге ат қою, диалог,ситуация құру, мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту. [3,46]

     Мәтіннен кейінгі жұмыс түрлері.

Мәтіннің мазмұнын қалай түсінгенін анықтау жаттығулары:мәтіндегі ең басты ойды түсіндіру,мәтіндегі тақырыпты ауыстырыңдар және қандай тақырып дұрыс келетінін анықтау, реферат жазыңдар, сұрақтарға жауап жазу, мәтінді оқып, қандай керекті жаңа мағұлымат алғандарын айту;

    Мәтінді оқуға үйрету технологиясы немесе оқыта үйрету ойындары.

«Аукцион» оқыта үйрету ойыны

    Жүргізуші өтілген тақырып бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізуші үшін гонг қажет. Жүргізуші аукцион өткізеді, сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды , жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жпуаптары үшін неғұрлым көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз болады.

«Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны.

    Оқушылар мәтінді оқиды.4 топқа бөлінеді:1-«Кіріспе»;2-«Негізгі ой»;3-«Қортынды»; 4-«Толықтыру»;

   «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады.Ойыннан соң, мәтінді тағы қарап шығып,берілген  ақпаратпен салыстырамыз,қай топтың нақты айтқанын анықтаймыз.

    Қорта келгенде, күтілетін нәтижелер құзыреттілік тапсырмалар оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптастырады және машықтандырады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Республикалық ғылыми басылым /Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-№9.-Б.40-43

2.Мұстафин.Б.Тіл дамыту сабақтарында көрнектілікті пайдалану /Бастауыш мектеп.1999.№6.-28-32б.

3.Жәркенов.М Қазақ тілін өмірмен байланыстырып оқыту.-Алматы,1984.-46-б

4.Республикалық ғылыми педагогигалық басылым /Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, 2011.-№8.-13Б 

Доклад   "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС " Доклад   "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС " Доклад   "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС " Доклад   "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС " Доклад   "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС "
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения