Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
24.11.2016
0
33
0

Автоматтың бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы

 

Иманшартов Гизат Аскарович,

АӘД пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы 

"№5 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ

Аягөз қаласы,Шығыс-Қазақстан облысы,Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларғаавтоматтыңбөлшектеріменмеханизмдерініңқұрылымынжәне

                                      арналуын түсіндіру.

Дамытушылық:  Автоматтың бөлшектері жайлы білуге деген ынталарын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды өз отанын, елін, жерін қастерлеуге, сүюге тәрбиелеу

Көрнекілік құралдар: интербелсенді тақта, мультимедиалық  проектор, слайд

Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, кабинет тазалығына назар аудару

     ә) Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы сұрау

1.Автоматты  толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

2.Автоматты  жинақтауды рет-ретімен айтып беріңдер.

3.Автоматты жинақтаудың  пулеметті жинақтауға қарағанда қандай ерекшелігі бар?

     б) Негізгі бөлім

 Автоматтың бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы.

Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті. 5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы — дербес қару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. 

Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі. Автомат пен пулеметтің окжатарларын өзара алмастыруға болады. Атудың көздеу қашықтығы — 1000 метр. Жер үсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы: автоматта — 500 метрге дейін, пулеметте — 600 метрге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютистерге автоматтан және пулеметтен ату қашықтығы — 500 м-ге дейін.

Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады:

ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапаншпа сабы;

ұңғы қорабының кақпағы;

газ поршені мен бекітпе жақтауы;

бекітпе;

 қайтармалы механизм;

ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;

соққы — ағытқыш механизм;

 құндақ;

оқжатар.

 

        

Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Автоматтың   құрылысын атаңдар.

2.Ұңғы не үшін арналған?

3.Көздеуіш құрылғы не үшін арналған?

4.Көздеуіш не үшін арналған?

Оқушыларды бағалау

Үйга тапсырма беру

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения