Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
17.11.2016
0
42
0

Дене тазалығы

Андасова Меруерт Алгадаевна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей
Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қаласы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау. «Дене тазалығы» дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу. Тазалық сақтау заттарын көрсете отырып, гигиена сақтауға үйрету.

б) Дамытушылық: Түрлі әдістер, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын, жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, танымдық қабілеттерін арттыру.

в) Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтар, сөздіктер, слайдтар, үлестірмелі кеспелер, сөзжүмбақ плакаты, бейнетаспалық мультфильм.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Әнүран орындау. Түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1-тапсырма. Тазалық заттарын сурет бойынша айт.

6-тапсырма. Аударып сөйле, жаз.

                                   Я взял мыло - Мен сабын алдым

                                   Я мыл руки – Мен қолымды жудым

                               Я почистил зубы – Мен тісімді тазаладым

                                   Я вытер лицо – Мен бетімді сүрттім

Үлестірмелі кеспе сұрақтары:

1)      Көптік жалғауларды ата

 

2)      Көптік жалғауларын қойып, оқы

Сүлгі...,паста...,сабын...

 

3)      Дене мұшелерін ата, көрсет

 

4)      Мақалдың аудармасын айт

Чистота – залог здоровья.

 

5)      Сөздердің аудармасын айт

Чистый, чистота, почистил

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Сабақтың барысын, мақсатын айту.

-Балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Дене тазалығы» деп аталады. Біз  өткен сабақта тазалық заттарымен таныс болсақ, бүгін ол заттардың не үшін керектігін меңгере отырып, сөз тіркесін және сөйлемдер құраймыз.

 ә) Ой толғау.

            Тазалық туралы өлеңдер айтылады.

            Тазалық туралы жұмбақтар айтылады.

б) –Жаңа сөздерді түсіндіремін.

   - Оқушалар тізбектеп оқиды.

   - Сөйлем құрап айтады.

Меңгерілетін сөздер.

                                   Тісін тазалады – почистл зубы

                                   Бетін сүртті – вытер лицо

                                   Қолын жуды – помыл руки

                                   Шашын тарады – расчесала волосы

в) Тапсырмалармен жұмыс.

1.1- тапсырма. Сұраққа жауап бер, айт.

Сурет арқылы сөз тіркестерін оқушы есінде тұрақтандыру.

 

 

Олар не істеді?                      Ол бетін сүртті  

                                               Ол шашын тарады

                                               Ол тісін тазалады

                                               Ол қолын жуды

2.2-тапсырма. Сөйлеп үйрен. Дұрыс сөйлем құрай білуге баулу.

                        Не үшін керек?

Сабын

Жуыну үшін керек

3.3-тапсырма. Монологты оқы.

Мынау – мен. Менің атым – Саша. Мен қолымды жудым. Мен бетімді жудым. Мен тісімді тазаладым.

4.4-тапсырма. Жұмбақты оқы, шеш.

                                                           Жұмбақ

                                               Ертемен күнде сен

                                               Қолыңа үйкесең,

                                               Кетіп кір-ласың,

                                               Тап-таза боласың.

                                               Бұл не?                       (сабын)

5.Сергіту сәт.

 

6.5-тапсырма. Сұраққа жауап жаз.

                                               Сүлгі

                                               Сабын

Не үшін керек?                      Тарақ

                                               Паста

                                               Щётка

Сүлгі сүртіну үшін керек.

Сабын жуыну үшін керек.

Тарақ шашты тарау үшін керек.

Паста және щётка тісті тазалау үшін керек.

6-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш. Қисынды ойлау қабілетіне тапсырма.  Сөзжұмбақты шешу плакатта орындалады. Балалар сөзжұмбақ сұрақтарының артына жасырылған сөздерді аудара отырып, жұлдызшаларға қол жеткізеді. Соңынан тазалық заттарының суреттері ашылады.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында шешілген сөзжұмбақ астына жасырылған тазалық заттарын «Балаға не керек?» сұрағына жауап бере отырып, ретімен суреттерге енгізу керек.

            Нәтижесі:   Балаға тарақ керек.

                                Балаға сабын керек.

                                Балаға сүлгі керек.

                                Балаға тіс щёткасы керек.

 

2. Бейнетаспалық көрініс. «Мойдодыр» мультфильмінен үзінді көрсету.

Мойдодырдың кеңестері:

- таңертең және кешке жуыну;

- тісті күніне 2 рет тазалау;

- күнде шашты тарау;

V. Үй тапсырмасын беру.

1. 107 – бет, 3 – тапсырма, әңгімелеу;

2. 107 – бет, 4 – тапсырма, жазу;

3. 106- бет, сөздікті жаттау;

VI. Білімді бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалаймын.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения