Төлеген Армангүл Қозыбайқызы
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:не указан
03.11.2016
0
56
1

"Фонетика әлеміне саяхат" тақырыбына қазақ тілінен сабақ жоспары

   Сабақтың жоспары

Күні : 07.09.16

Сынып : 4 «В»

Пән : Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Фонетика әлеміне саяхат.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі : Білімдерін бекіту

Мақсаты :

Білімділік : Фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту.

Дамытушылық : Өздері жасайтын сызбалар бойынша теориялық материалды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, ойлау, сөйлеу, тіл дамыту. 

Тәрбиелік : сауаттылыққа, ынтымақтастық пен ізденушілікке, жауапкершілікке баулу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі, әңгіме әдісі,түсіндіру әдісі.

Көрнекі құралдар : суреттер, қима қағаздар, «Қазақ тілі» оқулығы .

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезең.
Қатар-қатар тізіліп,

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа-нақ

Дайындалдық бәріміз

1-қатар жай отыр,

2-қатар тез отыр,

3-қатар сен де отыр.

Сабақ бастар кез боп тұр.

Балалармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру;

Балалардың назарын сабаққа аудару.
  ІІІ.Негізгі кезең.

Бүгінгі сабағымызда фонетикадан өткендерді есімізге түсіріп, жазбаша, жұмыстар жүргіземіз. Дыбыс, буын, тасымал, екпін. 1.Топтастыру. «Фонетика әлеміне саяхат» картасы ілінеді. Оқушылар «Дыбыс», «Буын», «Тасымал», «Екпін», елді мекенге сұрақтарға жауап беру арқылы саяхат жасайды. «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны. Жұмбақ шешеміз.
1.Өз құрамында үш буын, алты әріп бар.
Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп. (әліпби)
2. Дыбыс емес таңба,
Оқылмайды, жазылады.
Бірақ сөзден табылады.
Ол қай әріп еді,
Ойлап көрші, есіңде барма?(ь,ъ)
3. Дауысты, дауыссыз қатарында қолданылатын қай дыбыс?(у)

      «Дыбыс» еліне саяхат:Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы қайталау.

   Тақтаға мынадай сөздер жазылады: дала, білім  халық, қымыз.

   Осы сөздерді құрап тұрған тек дауысты дыбыстар тізбегін жазу: аа, іі, аы, ыы.

   Мынадай сұрақ қойылады:

   - Осы тізбектен қандай сөздер екенін білуге бола ма?
   Енді сөздердің тек дауыссыз дыбыстарын көшіріп жазады: Д...Л..., б...Л...М, Х...Л...Қ, қ...м...з.

   - Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?

   Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелері өзара пікірлесе отырып, өз қорытындыларын айтады.  Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай алса, сөйлеу кезінде дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да маңызы зор. Дауысты, дауыссыз дыбыстар бір-бірінсіз сөз құрай алмайды .

   «Тасымал» еліне саяхат: 3-жаттығу.

13-беттегі буындардан мақал құрастырып жаз.

*Мақалдан тасымалдауға болмайтын сөздерді тап.

Сергіту сәті.Әуен.

  ІІІ.Негізгі кезеңді бекіту.

 «Буын» еліне саяхат : Сабақ басындағы қайталауға берілген тапсырма оқулық бойынша орындалады.

7-жаттығу.Сөздерді оқы.

[Сәбіз]  [қийар]

*Cәбіз сөзінің әрбір дыбысына ауызша сипаттама бер.Дыбыстық талдау жасау.

 

Дауыссыз дыбыс

к,қ,м,н,ң,р,й,...

1.    Созылмайды, кедергіге
ұшырамайды.

2.  Қатаң, ұяң, үнді
З.Буын құрамайды.
4.Екідауыссызқатаркеледі.

 

 

   Жаттығулар орындалғаннан кейін топтарға тапсырмалар беріледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін «ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша анықтау керек. Сызбаны әр топ өздерінің қалауынша, әртүрлі формада сызуына болады. Мысалы, үшбұрыштар, ашылған кітап, үй тәріздес, т.б.

 

 

Дауысты дыбыс

А, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, y, u, ...

1.Созылып айтылады, кедергіге ұшырамайды.

2. Жуан, жіңішке.

3.  Буын құрайды.

4. Екі дауысты дыбыс қатар келмейді.

 

1. Дыбыс

2. Әріптік таңбасы бар

3. Сөз құрайды

4. Қазақ әліпбиін құрайды

5. Дыбыстың өзгеруі сөз мағынасын өзгертеді

 

   Бастапқы шеңбердің ішіне дауысты, дауыссыз дыбыстардыңайырмашылықтары, үшінші шеңберге ұқсастықтары жазылады.

ІV.Қорытынды.

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Балақайлар бүгін сендер сабаққа белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар!

V.Үйге тапсырма.13 бет, 5-жаттығу.15 бет, 9-жаттығу.

VI.Бағалау.

 

Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың жақсы жақтарын, белсендік көрсеткен оқушыларын мадақтау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения