Esentaeva Alma
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
03.11.2016
0
47
1

Қазақ тілі пәні бойынша "Дара және күрделі етістіктер" тақырыбындағы сабақ

 

 Қазақ тілі

     

Сабақтың атауы

Дара және күрделі етістіктер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

 

Жалпымақсаттар

Білімділік: Оқушыларға дара, күрделі етістік туралы мағлұмат беріп, сөйлем ішінен таба білуге дара, күрделі етістіктерді бір - бірінен ажыратуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру. Шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әрбір істі сапалы, ұқыпты орындауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, ой ашар, ой толғаныс

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Жұмбақты шеш
<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->
<!--[endif]-->

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Тест тапсырмалары

Қызығушылықты ояту

Ертегімен жалғастыру. Ерте, ерте, ертеде «Қазақ тілі» деген елде «Сөз табы»деген ақсақал өмір сүріпті. Ақсақалдың тоғыз ұлы болыпты. Балалары бір - бірімен тату, ұйымшыл тұрған екен. Сендер танисыңдар, кәнекей есімізге түсірейікші.
Слайд:
Сөз таптары
Зат есім 
Етістік 
Сын есім 
Сан есім
Алдыңғы сабақта ақсақалдың «Етістік» деген ұлымен таныстық.
- Етістік туралы не білеміз?
Тірек - сызба: / слайд/
Етістік
Қимылын, іс - әрекетін Не қылды? Қайтті?
Не істеді?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Етістіктің егіз баласы болыпты. Бүгінгі тақырыбымыз дара және күрделі етістіктер
Дара, күрделі етістік туралы мағлұмат беріп, сөйлем ішінен дара, күрделі етістікті таба білу.
Ой ашар: Жұмбақ шешу.
Барлық жемін бітеудей асайды
Әйтсе де ұзақ жасайды. /құс/
- Балалар, құстың қимылына байланысты сөйлем құрастырайық
Құс ұшты. Құс ұшып жүр.
Құс қонды. Құс қонып отыр.
- Айырмашылығы қандай?
Ереже шығару. Дара етістік бір сөзден, күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден тұрады./ интерактивті тақтада жазу/
Етістік
Құрамына қарай
Дара Күрделі
- Ақсақалдың баласы Етістік құстарға жақын болыпты. Жыл құстарын асыға күтіп жүреді екен.
«Құстарға көмек» ойынын ойнаймыз.
Жылы жаққа ұшып келе жатқан құстардың тапсырмаларын орындау арқылы ұяға қондыру қажет.
/Слайд/ Тырнаның тапсырмасы:
5.
Оқулықпен жұмыс жаттығуларды топтарда бөліп орындау.

Сергіту сәті

Жаңылтпаштар

Жаңылпаштар айтып,тілдерін жаттықтырады

Ой толғаныс

Өзіндік жұмыс. Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
/Оқушылар бір - бірін тексеріп бағалайды.
Түбіт туралы оқушылардың ойын тыңдау. Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты байқау.
Түбіт сөзі айтылуы кезінде үндестік заңы бойынша і дыбысы көрші тұрған дыбыстардың әсерінен естілмей қалады.
/Бейнетаспадан түбіт туралы түсінік беріп өту./
Үйректі ұяға қондыру
Шығармашылық жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрау.
/Слайд/
1. Тақырып қою.
2. Әңгіме құрастыру
Қарлығашты ұяға қондыру.
 Тест «Сәйкестендіру» Тоқылдақтың тапсырмасы
Интерактивті тақтамен жұмыс
Бардым Келе жатыр
Келді Сайрап отыр
Сайрады Барып едім
Көрді Көріп тұрмын
/Оқушылар тақтаға келіп орындайды./ Тоқылдақты ұяға қондыру
Сабақты бекіту
Ой толғаныс
- Бүгінгі сабақта етістіктің қандай түрімен таныстық?
- Дара етістік неше сөзден тұрады?
- Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

Үй тапсырмасы

5-ж

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтырады

         

 

 

№23 орта мектеп

 

Семей қаласы.

 

Мұғалімі. Сабденова  Шолпан  Токеновна.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения