Алия Сериккажыевна
Должность:учитель математики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан. ВКО. г. Семей
02.11.2016
0
135
0

Математика пәнінен ашық сабақ "Бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру"

Сабақтың тақырыбы: Бұрыс бөлшекті аралас санға,аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру.

Мақсаты: Тақырыпты пысықтау,жүйелеу.

Білімділік:Әрбір оқушыға сапалы терең білім беру, ой өрісін дамыту  арқылы алған білімдерін толықтырып бекіту.

Дамытушылық: Теорияны  практикамен ұштастыра отыра, амалдарды тиімді пайдалануға үйрету және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетінше еңбек етуге, ізденуге баули отыра, ой өрісін кеңейтіп,жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке баулу.

Әдісі: Оқушыларды екі топқа бөліп сайыс өткізу,деңгейлеп саралап оқыту

Түрі: Білімділік пен дағдыны қалыптастыру (ашық сабақ)

Көрнекілік: тірек-сызбалар, карточкалар

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі :

А) сынып оқушыларын зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару,

Ә) сабақтың мақсатымен таныстыру;

Б) сынып оқушыларын екі топқа бөлу;

Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің сабағымыз «Бұрыс бөлшекті аралас санға,аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру»   тақырыбын пысықтау мақстында «Білім тарландары атты» сайысымызды бастаймыз. Мұнда «Бәйге» және «Жорға» атты екі тобымыз білімдерімен сайысқа түседі. Ашық сабағымызды ашық деп жариялауға рұқсат етсеңіздер!

Бәйге тобының сәлемдесуі:

   Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

  Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

         Алға қойған мақсатымыз бір екен.

   Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

  «Бәйге» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Жорға тобының сәлемдесуі:   

Армандарға қол созумен келеміз,

      Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

       Білімменен қаруланған тобымыз,

       Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

 

 

Жүргізуші: Сайысымыз 3 турдан тұрады. Оның алғашқы туры «Біліміңді тексер» деп аталады. Мұнда топтағы әрбір оқушыға бір теориялық сұрақтан беріледі. Дұрыс берілген әр ұпайға 5 ұпай беріледі.

 

 

       
 

1.     Үлестер дегеніміз не?

2.     Бөлшек сызығының астындағы мен үстіндегі санды ата?

3.     Қысқартылмайтын бөлшектер дегеніміз не?

4.     Бұрыс бөлшектер дегеніміз не?

5.     Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз?

 
 

1.     Жарты мен ширекті бөлшек түрде қалай жазамыз?

2.     Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?

3.     Дұрыс бөлшектер дегеніміз не?

4.     Аралас сан дегеніміз не?

5.     Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жаз?

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: II турымыз «Кім жылдам?» бұл жерде деңгейлік тапсырмалар беріледі:

 

 

 

 

   - жеңіл,               -орташа,             - күрделі деңгейлі есептер ұсынылған. әр топтағы

 

 

 

 

оқушылар өз еріктерімен таңдап, әрі дұрыс, жылдам орындайды.          – 5 ұпай,             - 10 ұпай,        - 15 ұпай. Біраз қателік бар болса, 1-ұпай шегеріледі.

 

 

       Аралас сандарды оқыңдар         1)                                              2) 

 

 

       Бүтін және бөлшек  бөлігінің қосындысы түрінде жазып көрсет:

         3)                 4)     

 

 

 

       

Аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар:

           1)                                          2)    

        Бұрыс бөлшегін аралас сан түрінде жазыңдар:       

3)                     4)    

 

                     

        

      Бөліндіні аралас сан түрінде жазыңдар:        

 1) 18:5;  25:6                          2)  47:5;  52:9

 

 

    Бос орындарды толтырыңдар: 

 

3)               4)      

 

 

 

 

 

 

 Жүргізуші: III турымыз “ғажайып торкөздер ” деп аталады. Онда әр түрлі сұрактар қамтылған. Ол торкөздердің өзіндік ұпай сандары бар.

Қалаған ұпай саныңды таңдағың да жауап бер, дұрыс жауап берсең сол ұпай саны сенің еншіңде.                      

10

10

10

10

20

20

20

20

30

30

30

30

    10-торкөз сұрақтары:

     1) 5-сыныпқа арналған математика оқулығының авторлары кімдер?

     2)”Математика ” атауы қандай мағынаны білдіреді?

     3) Егер Т-дан” бастасаң-санмын,

       “Т-ны” алып тастасаң-жаумын                                                                                                                                                                                                                           

    4) Ойлап тап:      

20-ші торкөз сұрақтары:

1)Бұрыс бөлшек пен дұрыс бөлшектің айырмашылығы неде?

2) Оңынан оқысаң да сол сан, соңынан оқысаң да сол сан. Ол қандай екі таңбалы сан?

3) Мақал. Сандарға байланысты 3 мақал-мәтел айт.

4) Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазу үшін:

30-ші торкөз сұрақтары:

1) Жаяу адам 4 сағатта 22 км жол жүреді. Жаяу адамның жылдамдығы сағатына неше километр? Аралас сан түрінде жаз

2) Ұшақ Семейден Алматыға дейін  1 сағат 20минут ұшады, ол кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесіз?

3)Тік төртбұрыштың ауданы   . Оның ұзындығы 6 см. Тіктөртбұрыштың ені неше сантиметр?

4) Логикалық сұраққа жауап бер:

Төрт қабатты үйде Сәкен Жомарттан жоғарғы қабатта тұрады,бірақ Мұраттан төменгі қабатта тұрады. Ал Жомарт Ерболдан жоғарғы қабатта тұрады. Кім қай қабатта тұрады?

Жүргізуші: Бүгінгі «Білім тарландары» атты сайысымызды осы турмен аяқтаймыз. Әділқазылар алқасы өз әділ бағаларын қойып, қорытынды жасасақ дейміз. Баршаңызға рахмет!

 

Бағалау парағы

 

Бәйге

Жорға

I тур

Жалпы ұпай саны: 

АЛҒАНЫ:

I тур

Жалпы ұпай саны: 

АЛҒАНЫ:

II тур

Жалпы ұпай саны: 

АЛҒАНЫ:

II тур

Жалпы ұпай саны: 

АЛҒАНЫ:

III тур

Жалпы ұпай саны: 

АЛҒАНЫ:

IV тур

Жалпы ұпай саны: 

АЛҒАНЫ:

 

 

огикалық есептер. (бастауыш сыныптарына)
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? Математикадан 1 - сыныпқа арналған кеспелер
Карточка №1.
1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу?
4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?
5. Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға алды?
6. Анар математика сабағында 1 бестік, әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға алды?
7. Дилназда 3 марка, Асанда 7 марка. Дилназда Асанға қарағанда неше марка кем?
Карточка №3.
1. Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды?
2. Анар 6 бестік бағасын алды. Сосын тағы 3 бестік бағасын алды. Барлығы неше бағ

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения