Олжакеш Аскар Анатолийулы
Должность:учитель истории
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Кызылординская область, кент Айтеке би
24.10.2016
0
41
0

Сыныптас тыс жұмыс: Қазақ хандығының құрылуы





 Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының коғамдык саяси құрылысымен таныстыра отырып, қазақ хандарының қызметіне баға беру.
         Дамытушылық. Қазіргі Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге үйрету.
         Тәрбиелік. Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, жастардың бойларына сіңіру.

     Көрнекі құралдар:  презентация «Қазақ хандығы» түрлі кестелер,карточкалар.

     Сабақтың түрі: Аралас сабақ (пікірсайыс,баяндама)

                                  

                                        Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу.

б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

 Картамен жұмыс. 2-3 слайд

Мұғалім қазақ жерін мекендеген тайпалардың орналасқан жерін атайды, ал оқушылар сол жерді картадан анықтап, тайпа аты жазылған қағазды жабыстырады.        

1.     Наймандар – Ұлытау, Есіл

2.     Қоңыраттар – Түркістан, Қаратау

3.     Арғындар – Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстан

4.     Керейлер – Жетісу, Тарбағатай, Ертіс өзені

5.     Дулаттар – Іле, Шу, Талас өзендері

6.     Қаңлылар – Қаратау, Сырдария

7.     Үйсіндер – Жетісу

8.     Жалайырлар – Қаратау, Сырдария, Жетісу

«Кім көп біледі? » Мына терминдер мен цифрларға анықтама бер.           4 слайд        

•         1155 жыл                          1227 жыл                         Қараша

•         Қазақ                    Керей мен Жәнібек                 1219 жылы

•         Жошы                               Этноним                          200 мың

•         Алтын Орда                     Алаш                                1220 жыл

•         1 млн.                                Қайырхан

3.Моңғол шапқыншылығының қазақ жеріне тигізген зардаптары» атты кластерді толтыру. 5-6 слайд

         

    ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.          

                                               Сабақтың жоспары:

1.     Хан – ел билеушісі

2.     Аты аңызға айналған қазақ хандары.

3.     Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы

         Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып,отаншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор.

1.Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылар кімдер?

Осы жайында әңгімеле.

1-оқушы. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді.ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде,өз мақсаттарына шебер пайдаланды.Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды.Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталықжәне Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне,Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

        Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей,Жәнібек сұлтандарды құшақ жайа қарсы алады.Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып,Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп,1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

 2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы жөнінде не айтасыңдар?

2-оқушы. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді.Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хндығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.

3.Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды.

3-оқушы. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға,Қараталдан Сырдарияға,Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ,жазық даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды.Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі,ділі,наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті.Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына,оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты.Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік – мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

4.Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатиқан елдермен қарым-қатынасы туралы не білесіңдер?

4-оқушы. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жайа қарсы алды?ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқада аудандарын мазалай бастағңан ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.

      Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады.Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын,қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады.Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.

     Міне,жаңа құрылған  Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде еді.
  5.Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?Елді кім басқарды?

5-оқушы.Жаңадан құрылған ҚАзақ хандығының тағына Шыңғысқанның ұрпағы болғандықтан,Керей,Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқылы болды.Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша,хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар,жасының үлкендігі де ескерілген.Сондықтан хан тағына Керей отырып,билік тізгінін қолға алады.Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел бласы, Керей хан болса Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы,яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген.

  6.Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?

6-оқушы.   ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:

1)Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;

2)Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;

3)Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

7.ХҮ ғ. соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?

 7-оқушы.ХҮ ғ. аяғында – ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды.ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары  Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлде қайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.

8. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіңдер?

8-оқушы. Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.

  

 

 

 

    

     ІҮ. Бекіту сұрақтары.

1.     Кестені толтыру 18 слайд

 

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті.

+

 

2

Ханның уәзірі болған жоқ

 

+

3

Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс

+

 

4

Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ

 

+

 

2.       Тарихи диктант. Шарты: диктант ішінен бүгінгі сабаққа қатысты есімдерді(адам аттарын) ғана теріп жазу. 19 слайд

Әл-Фараби, Айша, Алаша, Әл-Бируни, Уыз, Гауһар- Шахназ, Шыңғысхан, Арыстан баб, Жошы,Сүлеймен Бақырғани, Бөрте, Жебе, Керей мен Жәнібек, Жүсіп-Зылиха, Қасым, Әли, Хақназар, Жүсіп Баласағұн, Тәуекел, Әл-Макдиси, Есім, Төле, Салқам Жәңгір, Исатай, Әз Тәуке, Мөңке, Абылай,  Ибраһим, Қазыбек би, Торы, Әйтеке, Қабанбай, Төле би, Доспабет.

 

3.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения