Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
10.10.2016
0
45
0

Дос іздеу

Толықбаев Қайрат Жолдыбаевич,

педагог-психолог «Шақаман орта білім беретін мектебі» КММ

Семей қаласы,Шығыс–Қазақстан облысы,Қазақстан

Мақсаты:

Қатысып  отырған оқушылардың өз ойларын ашу.

Қарым-қатынас жасауға көмектесу.

Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

 

Құрал жабдықтар: қағаз қалам

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Көңіл-күйлерін сұрау

Барысы:

Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:

-                     бір-бірін тындау

-                     уақыт үнемдеу

-                     белсенділік таныту

-                     достық қарым-қатынас

-                     жағымды эмоция тудыру

Ережелерді оқушылар  хормен оқиды, жазылған ережелерді тақтаға ілеміз.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, өз аттарын айтады және жанында тұрған сыныптасына жағымды көңіл күй білдіреді (тілек айтады)

Оқушыларды IV-топқа бөлеміз.

(күн,  ай,  жұлдыз, аспан)

 

I-жаттығу:  «Ойға шабуыл» әдісі.

Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?

(Оқушылар пікірі)

Психолог:

- Сонымен достар! Біз досқа сенеміз, досты  сатпаймыз, көмктесуге, көңіл білдіруге  әрқашан дайынбыз.  Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз.

-  Өздерің ойлап көрдіңдер ме?

- «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба?

 - Сіз қалай ойлайсыз?

- Сізді сенімді дос деп санайды ма?

(Оқушылар өз пікірін айтады)

ІI. Тақырып бойынша жұмыс:

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.

(парақ таратылады)

Тақтада сөйлемнің басы жазылған:

Ашық айтқанда, маған әлі қиын...

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...

Ашық айтқанда, маған ұнамайды...

Ашық айтқанда, мен қуанамын...

Психолог:

-Біз бәрінебіз барлық адамға ойымызды  ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?

ІІI.Хабарландыру  «Дос іздеу».

Психолог:

-         Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда, онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып, хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».

-         Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз, өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.

-         Хабарландыру жиналып  алынады, одан кейін оқылады. Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.

 

ІV. Рефлексия.

- Өз ойын ашық  айту оңай ма?

 - Өзің туралы жазу оңай ма?

 

Қорытынды: Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения