Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
24.09.2016
0
162
1

Тәрбие сағаты "Мен – өз елімнің патриотымын!"





Ильясбекова  Зауреш Тогаевна, учитель  английского языка  школы-гимназии №1 имени Динмухамеда Конаева, села Кордай, Жамбылской области,Казахстан

Мақсаты:

  1.      Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын  білуге тәрбиелеу.
  2.      Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
  3.      Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта

Барысы:

  1.      Ұйымдастыру.

 Ж1:Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

  1.      Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Отан – әр адамныңжүрегінежылытиерқасиеттісөз.Отан –сенің туған елің, туғанжерің, дос –жарандарың, туғантуысқаның. Отан-бұлөзіңніңтұратын, өмірсүретін, қызметететінжерің. Отанадамүшінбіреу ғана. Отандыанағатеңейді. Себебі, Отансендердіанаңдайқорғайды, көмектеседі, күшбереді.БізОтанымызды, еліміздісүйеміз. Біз, Қазақстанныңпатриотымыз!

Әли: Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:  
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,  
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.  
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! 
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. 

 

Ж2:Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Аделя: Кең жазира құтты мекен – гүлістан. 
Арай таңым, бақыт берген шығыстан. 
Қасиетті анам - өзің, туған жер. 
Бабалардан келген мұрам-Нұрстан. 

Нұрмухан:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Арайлым:  Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Нұралы:        Отан- тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Отан – өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Гүлзат:    Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Нурила Б.: Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Өлең: «Отан»

Ж1:-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

Камила: Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

 

 

Ж2:Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.

Ж1: Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

 


Фатима: Атыңнан айналайын, егемен ел, 
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. 
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік! 
Ғасырдың тойы болшы келе берер. 

Ботажан: Отан деген –Атамекен. 
Отан деген –туған жер. 
Отан-апа 
Отан үлкен 
Қазақстан туған елі. 


Альмира:Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Нурила Е.:-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Ж2:Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.

Слайд : «Үш арыстың үлгілері»

Би: «Қамажай»

Ж1:Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.

Ж2: Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

Ж1: 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Ж2: Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтапұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.

Інкәр:    Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Ж1: Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік Елтаңбасындакөгілдір түс аясындашаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күнсәулесіндей тарап, уықтаршаншылған. Бес жұлдыз,қанатты тұлпар бейнеленген.Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

Әлібі:   Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Ж2: Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Амина:  Оттай жанып жанарың

Одан қуат аламын

Әнұран ол — тынысы

Кең жазира даламның.

 Шынар: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,  
Көк туымды қалайша құлатармын.  
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, 
Бәріміз баласындай бір атаның. 
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын, 
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. 
Халқымның ахуалы дұрыс болсын. 
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! 

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

  •   Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
  •   Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

 

Чемпиондар туралы видео

 

Оқушыларға өз ойларын айтқызу: патриот дегеніміз не?

Ж1: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз  Жұбан  Молдағалиев:

Бекзат: Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

— деген екен.

Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз,  Елтаңбамыз,  Туымыз,  Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.  Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения