Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
22.09.2016
0
57
0

Сәлем саған, мектебім!»

Елтезерова Нургуль Кадировна, преподаватель по живописи, Кульсаринский детский школы искусств,
город Кульсары, Жылыойский район,Атырауская область, Казахстан

Мақсаты: Мектеп табалдырығын аттап жатқан жас жеткіншектерге мектеп өмірінен хабар беріп,өнерлі оқушыларды таныстыру.Оларды да осындай сахна төріне шақырып,өнерге насихаттау.Таңдаған мамандықтарын тастамай,соңына дейін аяқтауға шақыру.

 

-Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!

Бүгінгі Құлсары балалар өнер мектебінің 1-сынып оқушыларына арналған  «Сәлем саған, мектебім!» атты мерекелік  шараға қош келдіңіздер!

   Ортамызға  бүгінгі шарамыздың себепкерлері – 1-сынып оқушыларын қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық!

-Егемендігіміздің белгісі әнұранымыз шырқалсын!

-Мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз. Алғашқы сөз кезегін мектеп басшысына береміз.

-Құлсары балалар өнер мектебі 1989ж. Көркем сурет мектебі болып ашылды. 1993ж. Халық әні және хореография сыныптары ашылып мектеп атауы Құлсары балалар өнер мектебі болып өзгерді. Одан кейінгі жылдарда домбыра сыныбы,фортепиано, прима-қобыз, қыл-қобыз, сырнай, бас-қобыз , эстрадамен ән айту сыныптары ашылып өнер мектебі өркендеп келеді. 2006ж. мектеп жанынан  «Көңілашар» мұғалімдер ансамблі құрылып, жетекшісі болып «Елеулі еңбегі үшін» медалінің иегері Балғынбаев Т.Т. жұмыс жасап келеді.

   Қазіргі таңда мектебімізде4-бөлім, 26-мұғалім жұмыс жасап, 470-оқушы  білім алып, өнер нәрімен сусындап жатыр. Биылғы оқу жылында  1-сыныпқа 150-оқушы қабылдадық.Ендеше мектебіміздің табалдырығын аттап жатқан 1-сынып оқушыларын құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта таусылмас талап, шығармашылық шабыт, өрелі өнер тілейміз!

      Сіздердің құрметтеріңізге  қазақ биі «Жайдарман» , орындайтын «Ерке» би тобы.

      Мектебіміздегі ең үлкен бөлім «Халық аспаптар» бөлімі. Бұл бөлімде 10-мұғалім шәкірттеріне домбыра, прима-қобыз, қыл-қобыз, бас-қобыз, сырнай, домбырамен ән айту пәндерінен дәріс береді. Биылғы оқу жылындағы жетістіктері «Тәуелсіз-тірегім, теберігім!» атты 4-ші халықаралық балалар фестиваліне қыл-қобыз сыныбының оқушысы Мусабаева А. 1-ші орын иеленсе, прима-қобыздан Ерманбаева Н.  2-ші орын иеленді. Ұстаздары Баршагүл Байтешқызы мен Зарина Салімгерейқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.

   Қобыз – дүниенің шегі,

   Қорқыт – тәңірімнің тегі,

   Мәрттігін мақұлдаған

   Өлместің отын жаққан – Қобыз!

   Ендеше, Н.Ерманбаеваның орындауында А.Жайымовтын шығармасы «Дамылсыз қозғалыс». Қарсы алыңыздар!

         Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,

         Нағыз қазақ -  қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

Домбыра сыныбының оқушысы Кенжеғалиев Әділеттің орындауында С.Тұрысбековтың күйі «Көңіл толқыны». Жетекшісі Балғынбаев Т.Т.

     Келесі кезекте сіздерді көрем сурет бөлімімен таныстырып өтейін, бұл бөлімде 6-мұғалім шәкірттеріне сурет,кескіндеме, композиция, мүсін пәндерінен дәріс береді. Оқушылар көптеген байқаулар мен көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. «Шеберлікте шек жоқ» атты көрме-байқауды аудан көлемінде өткізуді дәстүрге айналдырды. Былтырғы оқу жылында Республикалық  «Ұлттық қолөнер бабалар мұрасы» атты интернет-байқауында Мұхамбетова А.1-орын,Сағи Г.2-орын,Қуанышова А.3-орын иеленсе, ұстазы Елтезерова Н.Қ. «Алғыс хатпен» марапатталды.

Экранға назар аударып, бөлім оқушыларының көрме-байқау кезінен сәттерді тамашалайық.

   Ғ.Құрманғалиев «Асыл жан» орындайтын домбырамен ән айту сыныбының оқушысы Жанаева Айзада, жетекшісі Сарсенов Б.С.

      Фортепиано бөлімі. Бұл бөлімде 4-мұғалім шәкірттерге фортепиано, эстрадамен ән айту,сольфеджио пәндеріне дәріс береді. Былтырғы жетістіктерін айтар болсақ, «Тәуелсіз-тірегім, теберігім» атты 4-ші халықаралық фестивальде Сапарова Ү. 1-орын иеленсе,жетекшісі Абдирова Т.Е. «Алғыс хатпен» марапатталды. Орал қаласында өткен « Жұлдызды талант» атты республикалық фестивалінде эстрадаман ән айту сыныбының оқушысы Байғали Д. Бас жүлдені иеленсе, жетекшісі Жұмабаев Б.К. «Алғыс хатпен» марапатталды.

    Кеудесі тұнған әуендер

    Ойнатсаң әсем күйге енер

    Күйсандықты тыңдайық

    Көңілің өсіп желденер.

Ричард Клайдерман  «Марианджет Амур» орындайтын фортепиано сыныбының оқушысы Адаева Б. Жетекшісі Абдирова Т.Е.

    Хореография бөлімі. Бұл бөлімде 4мұғалім шәкірттеріне классикалық би, сахналық би, ансамбль, спорттық балдық би сияқты пәндерден дәріс беріп, болашақ бишілерді дайындауда. Былтырғы жетістіктері Алматы қаласында өткен «Күншуақ» республикалық байқауында «Маржан» би тобы 1-орын, жетекшісі Бисембаева Ш.Ө, «Ерке» би тобы 2-орын, жетекшісі Күнбаева Б.Н. иеленіп жүлдемен оралды.

      Ендеше, «Хорезм» биімен  «Маржан» би тобын шақырайық, жетекшісі Бисембаева Ш.Ө.

     Биылғы оқу жылының түлектері 1-сынып оқушыларына естелікке кәдесыйлар табыс ету салтанатына кезек берейік. Құрметті 1-сынып оқушылары сіздерде мектебіміздің мақтанышына айналады деген сенімдеміз, сыйлықтарың құтты болсын.

      Алдарыңызға эстрадамен ән айту сыныбының оқушыларын шақырамыз! Оларсыз мектебімізде бірде-бір шара өтпейді. Ендеше «Жастар» тобы «Мерекем» әнімен бүгінгі мерекелік шарамыздың шымылдығын жабады. Қарсы алыңыздар!

 

Назарларыңызға рахмет! 1-сынып оқушыларына мектебімізге қош келдіңіздер дейміз! Сіздерге де осылай сахнаның төрінен  орын алып,биік-биік асуларды бағындырады деген сенімдеміз! Қадамдарыңыз құтты болсын!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения