Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
01.09.2016
0
143
1

Интербелсенді әдістерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру

Ильясова Ж.С.,

бастауыш сынып мұғалімі 

Өскемен қаласының «№6 орта мектебі» КММ

Өскемен қаласы,Шығыс Қазақстан облысы,Қазақстан Республикасы

Биылғы  12 жылдық оқытудағы басты мақсат: қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

 «Нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім стандарты жауап берсе, «Қалай оқыту керек?» деген сауалына жауапты тек мұғалім береді. Әр мұғалім оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруы керек. Оқушы мәліметті есту арқылы -10%, көру арқылы-30%,  қарапайым әрекет арқылы-50%,  ал белсенді іс-әрекет арқылы-90%  естеріне сақтайды екен«Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң-үйренемін» деген  көне қытай ғұламасы Конфуцийдің  нақыл сөзі интербелсенді әдістердің маңыздылығын көрсетеді. Әрекет арқылы үйрету- қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді әдіс, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады.  Ендеше, алынып   отырған  тақырыбым бүгінгі күндегі білім беру үрдісінің бір бөлігі ретінде, бастауыш  сынып оқушыларына  қойылатын талаптарға жауап бере алады. Тақырыптың өзектілігі де осында.

    Ерекшелігі: Тақырыбымды  «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына - 25 нақты іс» бағдарламасымен, нақтырақ айтқанда соның ішіндегі  «Инновациялық алаң» жобасымен байланыстырдым. Интербелсенді әдістерді  тиімді қолдану арқылы оқушылардың өзін-өзі билеу және өздігінен дамуын қамтамасыз етуге болады деген сенімдемін.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру арқылы оқыту нәтижелерінің оңды динамикасына қол жеткізу – 70-75 % (бұл гимназиялық 60% деңгейден жоғары)

Зерттеудің мақсаты:Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға  бағытталған интербелсенді әдістердің маңыздылығын көрсету.

    Міндеттері:

          1. Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығы жөніндегі  

             әдебиеттерге шолу жасау         

         2. Интербелсенді әдістерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тиімді қолдану.

3. Әдістер арқылы оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамытуға жағдай жасау;

 4.Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру;

       Жоба жұмысына қатысушылардың құрамы: 7-11 жас аралығындағы 

  2-4 сынып оқушылары.

         Зерттеу нысаны: Сапалы білім үрдісін ұйымдастыра отырып,  жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын арттыруға болатын интербелсенді әдістер

Зерттеу болжамы:   Егер интербелсенді әдістерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай  оқу үрдісіне кіргізудің тиімді жолдарын қарастырса,  онда  жеке тұлғаның  функционалдық сауаттылығы арта түседі.

Эксперимент жұмысының кезеңдері:

 

Кезеңдері

Уақыты

Кезең атаулары

І

2015-2016

Диагностикалық (теорияны оқып үйрену, іздену кезеңі)

ІІ

2016-2018

Эксперименттік

ІІІ

2018-2019

Қорытынды

І-кезеңде атқарылатын жұмыстар:

          1. Өзекті мәселе бойынша педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік,    философиялық ғылыми әдебиеттерді оқып зерттеу және талдау жасау; мақалалар жинағын, басқа да басылымдағы еңбектерді оқып үйрену;

          2. Мәселе бойынша бағдарлама жасау;

          3. Сыныптың жаңа өзекті тақырыпқа кіруге байланысты бейімделуін және мотивациясын тексеру.

ІІ- кезеңде атқарылатын жұмыстар:

  1. Білім процесінде интербелсенді әдістерді қолдана отырып жеке тұлғаның функционалды сауаттылығын дамыту мәселесін мектепішілік семинар арқылы көрсету,
  2. Тәжірибе арқылы тарату;

           3. Сынып оқушыларының білім-білік дағдыларының мониторингісіне қорытынды  жасау.

ІІІ- кезеңде атқарылатын жұмыстар:

  1. Эксперимент жұмыстарының педагогикалық-психолгиялық мониторингі

             сін жүйелеу;

  1. Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруына сай іс-тәжірибе

             жинағын шығару;

           3.  Өзекті тақырып  бойынша қорытынды жасап, ұсыныстар дайындау.

          

Критерийлер

Индикаторлар

 

Оқушылардың функционалды

 сауаттылығы

Белсенділік

Икемділік

Қарым-қатынас жасай білу әрекеті

Ақыл-ой тереңдігі

Қиялдауык

Әдістемелік ұсыныстардың

сапасы

 

Мектептің әдістемелік кеңесінің бағалауы

Әріптестердің бағалауы

 

Теориялық кезең:

   Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзінің барлық күш қайратын «үйретуге» бағыттайды, ал интербелсенді оқыту басты назарды шәкірттердің «қалай» және «қандай  әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады. Ағылшын тілінен келген «inter activ» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. [1]

     Интербелсенді әдістер арқылы оқушылар  белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тындауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.  

Дәстүрлі оқыту  мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары

    Оқу    жүйе-

                   лері

Параметрлер

Дәстүрлі білім беру

(білімді жинақтауға негізделеді)    

Интербелсенді оқу

(білімді      өздігімен игеруге

негізделеді)

Объект

Оқушы

Бүкіл Әлем, бүкіл өмір (өмір сүру, еңбек жасау, қарым-қатынас, жаңа нәрсеге үйрену)

Оқытушы рөлі

Білім көзі, белсенді үйретуші, оқушыдан анағұрлым көп білуші

Таным процесі мен үйренуді ұйымдастырушы, жүргізуші, бағыт-бағдар сілтеуші,

 

Оқушы рөлі

Айтқанды орындаушы, қайталаушы, тыңдаушы

Белсенді, өз біліміне деген жауапкершілікті түсінуші, білімді өздігімен игеруші

Оқытушы әрекеттері

- мәліметтеме ақпараттар береді;

- өзі жасаған қорытындылар мен тұжырымдарды келтіреді;

- тапсырмалар береді;

-оқушылардың білімін тексереді.

- оқушылардың мынандай қабілеттері дамытуға ұмтылады:

- өзіндік әрекеттер мен көзқарас қалыптастыру мен дамыту,

- ақпаратты өздігімен игеру:

- талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құру

Оқушы

әрекеттері

- бастамшылдық пен ынтаны көрсетпейді, олардың есіне өз міндеттерін жиі салып, әрекеттерін қадағалап, бақылап отыру керек.

- сабақта енжарлық пен ыртиярсыздықты байқатады.

 

- білімді өздігімен игереді; олар білімді өзіндік түсінік, ойлар, көзқарас деп түсінеді.

- өз біліміне  деген  жауапкершілігі жоғары: оларға еш қысым жасаудың қажеті  жоқ

-  белсенді.

  Ал егер оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беруде орынды пайдалансақ, ол төмендегідей сипатын береді:

ü  Оқушы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады;

ü  Оқушылар өз ойын еркін айта бастайды;

ü  Өз бетінше ізденуге үйренеді;

ü  Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға машықтана түседі;

ü  Мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алысады;

ü  Өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді;

ü  Оқушының білім сапасы артады;

ü  Логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады.

        Білімнің  жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын ұтымды пайдалану  оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруда, шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде ерекше маңызды. Оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу  арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. [2] «Топтастыру», « Бес жол өлең», «Эссе жазу», « Болжам», « Галереяға саяхат», « РАФТ», «Блум жүйесі», « Жигсо, « Автор орындығы», « Инсерт», «Венн диаграмма», «Кубизм»,  «Бағытталған оқу» т.б...стратегияларды [1] пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге болады

Болжам ретінде:

  1. Қазіргі оқу жылымен салыстыра отырып, 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдарындағы  сынып оқушылырының функционалды сауаттылығын  диаграмма түрінде көрсетсем:

 

Қорыта айтарым, интербелсенді әдістер терең де берік білім алу құралы бола отырып, оқушының азамат ретінде өмірден өз орнын табуға кепіл бола алады деп ойлаймын. Ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ, олақтық белгісі-бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу, керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан  келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»,-деп атап кеткен. [3] Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген сөзімен аяқтағым келеді.   

 

 Түсініктеме:

            Жоба жұмысы 4 жыл көлемінде  өтеді. Алғашқы жыл болғандықтан жобаның тек теориялық тұсына көбірек тоқталдым. Интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың сауаттылыға артатындығын болжам ретінде диаграмма түрінде көрсеттім. Болашақта эксперименттің алғашқы және соңғы жалдарындағы оқушылардың функционалды сауаттылық  деңгейі, олардың  салыстырмалы мониторингі жасалады және де әр кезеңге арналған іс- шаралар жоғарыдағы ерекшелікке негізделеді.

 

 Тақырыпқа сай глоссарий:

 

Интербелсенді әдістер – үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.

 

Функционалды сауаттылық- білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Жақсылықова Г.И., Каженова А.М., Исмагилова Н.З. Интербелсенді әдіс-тәсілдер: әдістемелік құрал –Өскемен, 2014. – 41-42б.

2. Ельбисинова С.К. СТО технологиясының әдебиеттік көркем шығармаларды оқытуда тиімділігі // Педагогикалық ой. - 2015-№5-26б.

3.Темірғалина Ж.  Бастауыш сынып-оқушының шығармашылық қабілетін ұштаудың көзі. // Бастауыш мектепте оқыту. - 2013.- №5.-2б

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения