Дуйсенова Гульназ Мырзабаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
30.08.2016
0
136
1

Ашық сабақ: "Ү дыбысы мен әрпі"

 

Ақсай қаласы № 5 жалпы орта білім беретін мектеп

 

Әліппе пәні

Тақырыбы: « Ү дыбысы мен әрпі »

( ашық сабақ)

« Шалқан » ертегісі желісімен

 

                                                                           Мұғалімі: Дуйсенова Г. М.

 

2014 -2015 оқу жыл

 

Әліппе

Уақыты: 18.11.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі ( ашық сабақ )
Сабақтың мақсаты:
1. Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету. Оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Мәтінмен жұмыс жасау.
2. Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен танысу арқылы оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту. Мәтінді түсініп оқуы, түсінігін айтып беруі, дүниетанымын кеңейту.
3. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, сауатты, әдемі, көркем жазуға тәрбиелеу. Жазу каллиграфиясына қатаң көңіл бөлу.

Күтілетін нәтиже: Ү дыбысы мен әрпін таниды, ол арқылы берілген сөздерді оқып, жазуды үйренеді, оның жіңішке дауысты дыбыс екенін ажыратады,  Ү әрпінің баспа және жазба түрімен танысып, мәтінмен жұмыс жасап, түсінгендерін айта алады.
Сабақтың түрі: « Шалқан »  орыс ертегісі желісімен.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлер суреті, кеспе әріптер,  тақта, оқулық, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып алайық.
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
- Өте жақсы, балалар.
ІІ. Психологиялық дайындық. Оқушылар бәрі бірге айтады.
Іші толы әріпке,

Мынау әйбат Әліппе,

Барлық ілім- білімнің,

Әжесі осы - Әліппе.

ІІІ. Өткенді қайталау.
Мұғалім: Жақсы балалар, енді өткен әріпті еске түсірейік.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ұ дыбысы.
- Ұ дыбысы қандай дыбыс?
- Жуан дауысты дыбыс.
-  Мысалы: Ұ ---------- я
- Ұ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ұ дыбысына байланысты сөз құрау. Оқушылар тез
- тез айтып шығады.
ІҮ. Жаңа сабақ
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ма? Ендеше балалар, бүгін біз «Шалқан » ертегілер еліне саяхатқа барайық.
- Ендеше барлығымыз да мұқият тыңдайық. Ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Олардың немересі, күшігі, мысығы және үйлерін паналаған тышқаны болыпты. Көктем шыға ата бақшаға шалқан егіп, оны күні - түні , күтіп- бағып өсіреді. Ол күн санап үлкен болып өседі. Оның  піскенін көрген ата оны өзі  жұлып алмақ болады. Оны  әрі тартып, бері тартып жұлуға әлі келмейді. Ендеше, атамызға « Шалқанды » жұлуға көмектесу үшін мына сөзжұмбақты шешелік.  

Сөзжұмбақ.

Көру мүшесі   не ?    көз

Үй жануарын ата.   түйе

Үй  құсын ата    қаз

Шешуі: күз

- Ү дыбысы қандай дыбыс?

Жіңішке, қысаң еріндік дыбыс.

Күз сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Күз - 3 әріп, 3 -дыбыс,  1 -буын.

К  - қатаң дауыссыз дыбыс,

Ү - жіңішке дауысты дыбыс,

З - ұяң дауыссыз дыбыс.

- Дауысты дыбысты қандай түспен бояймыз ?

- Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен бояймыз ?

Оқушылардың жауаптары.

- Өте жақсы, балалар! Атаның дем алып алуына көмектестіңдер. Шалқанды ата жалғыз жұлып алар емес, ол көмекке әжені шақырды. Көмекке әжей келді. Әжейдің сендерге алып келген тапсырмасы бар екен. Соны орындап жіберіп, ата мен әжейге күш берелік.

Әжейдің тапсырмасы.

Ү. Венн диаграммасы.  Салыстыру.Бағандағы сөздерді, оқып, айырмашылығын тауып, талдау. Тақтада жазылған  сөздерді балалар өз ұяшықтарына салады.

                                                                           

 

 

         Ү

Үк, күн, күс,

күндіз

                     Ұ

          Ұқ, құн, құс, құндыз

 

 
   

 

 

 

 

                 

 

 

 

- Өте жақсы, балалар! Бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.  Шалқанды ата мен әже де  жұлып алар емес, олар көмекке немересін  шақырды. Көмекке немересі  келеді. Немересі де құр келмеген екен. Оның сендерге алып келген тапсырмасы бар екен. Соны орындап жіберейік.

ҮІ. Өлеңмен жұмыс. Оның сендерге алып келген тапсырмасы өлеңді мәнерлеп оқу

« Сен бақытты ұлансың » авторы: М. Қуанышбеков .

Әр қатардан бір баладан оқиды.

- Өте жақсы, балалар! Оқуды да жақсы үйренген екенсіңдер.  Шалқанды ата мен әже , немересі де  үшеуі бірігіп  тартса да жұлып алар емес, олар көмекке күшігін  шақырады. Көмекке күшігі  келеді. Күшіктің де сендерге  алып келген тапсырмасы бар екен. Ол сендермен ойын ойнағысы келеді.

ҮІІ. Ойын:  « Өз орныңды тап ». Әріптерді өз орнына қою. 

Күшік - кшүік, түлкі  - іктүл,  үйрек   -  йекрү. Әр қатарға беру.

 

 

 

ҮІІІ . Сергіту сәті.

Ал балалар бойымызды сергітіп алайық.

Керіледі мысық,

Бізге көзін қысып,

Жүгіреді шапшаң,

Кезіксе оған тышқан.

- Өте жақсы, балалар! Бойымызды сергітіп алдық. Олардың Шалқанды жұлуға әлдері келер емес, Олар көмекке кімді шақырады деп ойлайсыңдар ? Әрине, мысықты. Олар көмекке мысықты шақырды. Мысықтың сендерге  алып келген тапсырмасы бар екен. Ол мына оқулықтағы суреттің астындағы, сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгімелеп беру.

 ІХ.  Оқулықтағы суретпен жұмыс. Әрбір бала өз сөздерімен әңгімелеп береді.

- Өте жақсы, балалар! Олар біршама демалып, күш жинап алды. Бірақ,  олар шалқанды жұла алмады. Олар енді көмекке жем іздеп жүрген тышқанды шақырады. Тышқан да  сендерге  бос келмеген екен. Енді бәріміз сол тышқан әкелген тапсырманы орындасақ, « Шалқанды » жұлып алуға көмектесеміз. Сол үшін дәптердегі Ү әрпінің бас әрпінің элементтерін бастырып , таза әдемі етіп жазайық.

Х. Дәптермен жұмыс.

Ауада жазып көрсету.

Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады.

Бас, кіші әріптерін жазулары.

Әдемі, таза жазуларын қадағалау.

- Өте жақсы, балалар! Біздің көмегіміздің арқасында және ертегі кейіпкерлерінің бірігіп, еңбектенуінің арқасында, шалқанды жұлып алды. « Бірлік түбі- тірлік » , « Еңбек түбі- береке  » деген мақал осыдан қалған екен.

ХІ. Қорытынды« Шалқанның тапсырмасы ».  Үлестірмелі қағаздарды балаларға тарату, дауысты, дауыссызды тапқызу.  Оқып, айтып береді.

ХІІ. Мадақтау.

Шалқан сендерге құр қол келмепті, сендерге сыйлықтар алып келіпті. Бұл жай сыйлықтар емес сиқырлы әріптер екен.

Қандай әріптер екен ?

Бәріміздің әріптеріміз бірдей ме екен?

Жоқ,  бірімізде Ү дыбысы болса,енді бірімізде П дыбысы екен.

Олай болса, Шалқан да біздің келесі де қандай дыбыспен танысатынымызды білген ғой. Ол бүгінгі дауысты Ү әрпінен кейін өтетін  П әрпін де өзімен бірге ерте келіпті.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения