Хасенова Турсынгуль Еркиновна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстар
Регион:не указан
19.08.2016
0
289
0

Ашық сабақ "Ы.Алтынсарин әңгімелері"

  

              Қазақ әдебиеті                                   9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін                       айта отырып, Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру.Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқашы мазмұндата отырып, оның шынайы өмірден алынғандығына назар аударту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту. Әңгімедегі көркем сөз айшықтарын білгізу, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармашалығына байланысты слайд, «Таза бұлақ» кітабы т.б.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, ой талқы.

Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасын тексеру.

Ы.Алтынсариннің шығармашылығы, ағартушылық қызметі.

«Кел, балалар, оқылық», «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңдерін жатқа айту.

«Авторға хат»

І слайд Ыбырай портреті Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.Ыбырайдың жазушылық, ағартушылық қызметіне әсер еткен адамдарды ата.

2. Ы.Алтынсаринді не себепті балалар әдебиетінің атасы дейміз?

3. 1887 жылы Торғай даласында қандай жаңалық болды?

4. «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығы қай жылы шықты және қандай өлеңмен ашылды?

5. 1883 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралының кіріспесінде не жазды? Бұл кітаптың құндылығы неде?

6. «Дала қоңырауы» поэмасының авторы кім? Поэма кім туралы жазылған?

ІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту.

-         Қазір үнтаспадағы шығармаға құлақ түрейік.

-         Балалар, бұл шығарма сіздерге таныс па? Шығарманың аты мен авторын сұрау.

-         Дұрыс, балалар. Бұл Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі.Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні» Лексикалық тақырып: «Тәрбие –адамдықтың  түп қазығы»

Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

Мағынаны тану.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.

  Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.

ІІ слайд  Тіршілік тірегі-еңбек. Тәрбие басы –тал бесік.

  Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай  шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.

  Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.

  Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі.  Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде  жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.

 ІІІ слайд «Отбасы тәрбиесі, негізгі тірек –ана, әке».

 Осы ойымыздың дұрыстығын таныту үшін сіздерге отбасы тәрбиесі шын мәнісінде көрініс беретін мына шығармаларына тоқталып, талдап көрейік. Бірінші топқа «Әке мен бала» әңгімесі, екінші топқа «Шеше мен бала», үшінші топқа «Бақша ағаштары» әңгімелері беріледі. Әр топ өзіне берілген шығарманың қысқа мазмұнын айтып, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтауы керек және шығарманың композициялық жоспарын жасап ұсыну қажет.

Оқушылардың жұмысын тыңдау.

-         Сонымен бұл әңгімелерде ортақ желі бар ма?

Оқушылар пікірін тыңдау.

Қорытынды түйін: Әке мен ана –баланы өмірге әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, баланы жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін бас ұстазы екен.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қорытындыға келу.

Екі жақты күнделік стратегиясы

Жеке оқушылармен жұмыс. Әңгімеден үзінді берілген, үзіндіге байланысты өз пікірлеріңді, нақыл сөздермен білдіресіздер.

 

 ІY слайд Зияткерлік тест

 

Шашылған сөздерден сөйлем құра.Қай шығармадан алынған?

А) ауырды,жәшігім,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. 

     (Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.)

Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына.

     (Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.)

Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа.

     (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.)

 

Шығарма аты мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендір.

 

Сәтемір хан

Мына сүрлеу, бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен-малдың жас тезегі бар.

Бір уыс мақта

Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?

Шеше мен бала

Бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады,орта шеніне барғанда құлап түседі,үшінші рет бар күшін салып қисая-мисая барып тамның төбесіне шығады.

Бай баласы мен жарлы баласы

Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас;

Бақша ағаштары

Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім.Менің бұл ісім сауап емес пе?

 

Артық кейіпкерді тап

 

-         Өрмекші, қоңыз,қарлығаш, құмырсқа.

-         Молда, бақташы, саудагер, жас жігіт.

-         Әлім, жылан, патша, айлакер бала.

 

Интерактивті тақтамен жұмыс

 

Жалғасын тап

 

-         Әдепті бала ............, әдепсіз бала..........

-         Балапан ұяда не көрсе,...........................

-         Сын ................, мін.................................

-         Жақсының үлгісі....................................

-         Әдепсіз өскен ................, түзу өскен..............

 

 

 

Ұлылар үндестігі  Венн диаграммасы

 

  Қазақтың маңдайына біткен ұлтжанды тұлғалары аз емес. Ыбырай заманында қазақ халқы үшін жаны күйзелген, толғаулы қара сөздер жазған ұлы ақынымыз Абай тұлғасы мен Ыбырай тұлғасын салыстырып, олардың азаматтық тұлғасындағы ұқсастықты саралап көрейік.

 

                            Абай                                          Ыбырай

 

 

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

 

1.      Әңгіме деп қандай шығарманы айтамыз?

2.      Ы.Алтынсарин шығармаларының ерекшелігі неде?

3.      Әңгімелерінен жазушының өз бейнесін көруге бола ма?

4.      Алтынсариннің аудармаларын ата. Оны кімдерден аударды?

5.      Ы.Алтынсарин отбасы тәрбиесінде қандай идеяны қуаттайды?

6.      Ы.Алтынсариннің адамгершілік мінез-құлыққа баулитын әңгімелерін ата.

7.      Ы.Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазуға кіріскенде алдына қандай мақсаттар қояды?

8.      Ыбырай шығармаларының басты тақырыптары.

9.      Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні қандай?

 

Топтастыру стратегиясы

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения