Aizat Nazarbek
Должность:магистрант
Группа:Посетители
Страна:алматы
Регион:Алматы
17.08.2016
0
116
0

Жемістер

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 ЖББМ 

Салтанмуратова Эльмира Хамитовна

Биология пәні мұғалімі 

Сабақтың тақырыбы:    Жемістер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Жемістердің түрлерімен таныстыру,адам үшін маңызын түсіндіру. Жемістер жайында жалпы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық:  Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып,оқушылардың ойлау қабілеттерін есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге және ұқыптылықпен тазалыққа жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сұрақ- жауап,

Көрнекіліктер:  интерактивті тақта, слайд, плакаттар, тест тапсырмалары, тірек- сызба, үлестірмелер, суреттер.

Сабақтың  барысы:  I  Ұйымдастыру 

II  Үй тапсырмасын сұрау.

« Кім  жылдам »  ойыны кезеңінде  оқушылар  үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

1.Гүлдің негізгі бөлімдерін атаңыздар ?

2. Көбею  мүшелеріне  не жатады ?

3. Тозаңдану деген не, оның қандай түрлерін  білісіздер?

4.Қос жынысты деп қандай гүлдерді айтады?

5. Жынысты көбею дегеніміз не?

6.Аталық пен аналықтың құрылысын , атқаратын қызметін сипаттаңыздар.А

 

Ерекше белгілері

 Бунақденелілер арқылы

Жел арқылы

Майда, жеңіл, құрғақ.Сыртында түктері,қанатшалары,өсінділері болады, морт сынғыш

 

 

Тұқымының сыртында ілмешектер,тікенектер,желімтек түктер болады.Жемісі ашық реңді,шырынды,тұқымы майлы.

 

 

Гүлі аңқыған хош иісті

 

 

Гүлінде шірнесі жоқ

 

 

Тозаңы құрғақ,өте ұсақ

 

 

 

III – Жаңа сабақ   ` «Жемістер» өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында оқушыларға сұрақ қою; Өсімдікте гүл орнына не түзіледі? (жеміс)

дұрыс айтасыңдар, олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы; Жемістер

                                                     

                                                              ЖЕМІСТЕР

        

   ШЫРЫНДЫ                                                                                          ҚҰРҒАҚ

 

Шырынды жемістер:  Жидек – тұқымдары көп ,қабығы жұқа ,шырынды.

                                           Жидек тәрізді- көп ұялы және көп тұқымды   

                                           Сүйекті шырынды- қабығы жұқа ,жұмсақ , шырынды сүйектенген.  Құрғақ жемістер:         Бұршаққап -  бір ұялы,тұқым саны біреу немесе бірнешеу.   

 Бұршаққын – қос ұялы,ішінде тұқым бекінетін перде болады.                                                                   Қауашақ – бір және көп ұялы.

Қанатты жем  біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған.                                                                           Дәнек– бір тұқымды,жеміссерігімен бірігіп кеткен.                                                        

Тұқымша – жеміссерігі тұқыммен бірікпеген, үлпілдек айдаршасы болады.

 Жаңғақ – жеміссерігі ағаштанып, қатайған.

 

ТЕСТ   ЖҰМЫСЫ

 

1. Шырыны мол, жұмсақ болып келетін жемістер  қалай аталады ?

а) шырынды жемістер;          ә) өрік;          б ) қарақат;

2. Қабығы қалың, қатты, жидек тәрізді жемістер?    

а) апельсин;         ә)өрік;  б) қарақат;

3. Жидек жемісті өсімдікке не жатады?  

а) мандарин;    ә)  қызанақ;   б) шабдалы;

4. Күнбағыс жемісі қалай аталады?

а) дәнек;         ә) тұқымша;    б) қауашақ;

5. Бір тұқымды сүйекті жемісті өсімдіктер?

а) өрік;   ә) қызанақ;   б) қарақат;

6. Жемістің жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып қанатқа айналған?

а) емен жаңғағы;   ә) бақ- бақ;      б) үйеңкі;

 

IV Бекіту                        Зертханалық жұмысты орындау       

 

                             

Шырынды және құрғақ жемістермен танысу

     Тапсырмалар

1.Үлестіріліп берілген жемістердің шырындысын бір бөлек құрғақтарын бір бөлек ажырату.

2.Шырынды жемістердің сүйектісін бір бөлек жидектерін бір бөлек ажырату

Сүйекті шырынды жемісті екіге бөліп суретін даптерге салу .

3.Жидек жемісті де ортасынан жарып ішіндегі тұқымдардын санау сүйекті жемістермен салыстыру

4.Құрғақ жемістердің түрлерін оқулықтағы суретпен салыстырып бір бірінен айырмашылықтарын санау жемістің құрғақ екенін байқау

5.Жұмыс соңында кесте толтыру  

 

Жемістердің

аты

 Жемістер

Жеміс түрлері

Тұқым саны

құрғақ

Шырынды

Біреу

Екеу

Көп

Бидай

 

 

Дән

 

 

 

Меңдуана

 

 

Қауашақ

 

 

 

Картоп

 

 

Жидек

 

 

 

Алма

 

 

 

 

 

 

мандарин

 

 

 

 

 

 

Лимон

 

 

 

 

 

 

Қызанақ

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

VI Үйге тапсырма беру

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения