Жолдыбаева Зауре Базарбаевна
Должность:математика пәні мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан, Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы
Регион:Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы
27.07.2016
0
86
0

Пирамиданың көлемі

Геометрия, 11сынып                                                                           

Сабақтың тақырыбы: Пирамиданың көлемі

Сабақтың   мақсаты: Пирамиданың  көлемін есептей  білу  дағдысын қалыптастыру   

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, пирамида моделі,тест тапсырмалары

Оқыту әдісі: практикалық

 Сабақтың барысы:      1.Ұйымдастыру

 


 Бейбітшілік және келісім сарайы — Қазақстан астанасы Астана қаласында бүкіл әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостер салған пирамида. Пирамида – әртүрлі діндердің, этностар мен мәдениеттің бірлік белгісі, халық пен елдің ашықтық белгісі саналады. Сарай 2006 жылы«Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін» өткізу үшін арнайы салынған.

 

 

 

 

 2. Үй жұмысын тексеру

1.      Тік үшбұрышты призманың табанының қабырғалары 10 см, 17 см және 21 см-ге тең, ал призманың биіктігі 20 см. Призманың көлемін табыңыз.    Жауабы: 1680 см3

2.      Кубтың диагональдық қимасының ауданы  см2. Кубтың көлемін табыңыз.   Жауабы: 125 см3

3.      Үшбұрышты дұрыс призманың табанының ауданы  тең. Егер призманың биіктігі табанының қабырғасынан 2 есе үлкен болса, онда призманың көлемін табыңыз.       Жауабы: 288 см3

 

Тибр өзенінің шығыс жағалауында, Рим қаласының қақ ортасында алып сәулет ескерткіші бой көтерген. Бұл – б.з.д. ХІІ ғасырда еңбексүйгіш шеберлердің қолымен жасалған Цестиус пирамидасы. Отыз жеті метрлік пирамида қала пейзажына сән беріп тұр. Оған таяу маңда Сан-Паоло қақпасы орналасқан. Қалаға келген туристер саяхаттарын дәл осы жерден бастайды

 

 

 

 

 

 

 3.Өткен тақырыптар бойынша қайталау

 -Пирамиданың анықтамасы;

-Пирамиданың элементтері;

-Үшбұрыштың ауданы;

-Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы;

-Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы;

-Герон теоремасы;

-Тік төртбұрыштың ауданы;

-Квадраттың ауданы;

-Параллелограммның ауданы;

 

-Ромбтың ауданы;

-Трапецияның ауданы.

 

 

Каирға таяу маңда нағыз тарихи ескерткіштер бар. Олар – алып пирамидалар. Пирамидалардың ең үлкені – Хуфу. Бұл пирамиданың әрбір тасы мен құмынан мистика мен тарих рухының иісі аңқиды. Оның бітпейтін үңгіртауларында, табыттарында шешілмеген жұмбақтар көп. Әлемнің ең мықты ғалымдары қанша жылдық еңбектерін арнаса да, жабулы қазан ашылмай келеді.

 

4.Жаңа сабақ

Кез келген пирамиданың көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең.(призманың көлемі арқылы  түсіндіру).

V=13 SтабH-пирамиданың көлемі.

 

 

Сараевоның солтүстігіндегі Босния ормандарында әлемнің ең ерекше пирамидаларының бірі жасырынып жатыр. Пирамиданың қожайыны – табиғат. Оны Височица алқаптары салған. Пирамида биіктігі – 200 метр. Бұл жақын жерде орналасқан Високо ауылының ұзындығымен бірдей. Жергілікті тұрғындар туристерге пирамиданың шығу тегі өнермен байланысты деген аңыз әңгімелер айтады екен.

 

 

 

 

5. Есептер шығару

№1  Пирамиданың табаны – тік төртбұрыш, оның қабырғалары 4 см және 6 см. Оның әрбір бүйір қыры    7 см-ге тең. Пирамиданың көлемін табыңыз.               Жауабы: 48 см3 

№2  Пирамиданың табаны катеттері 6 және 8 болатын тік бұрышты үшбұрыш. Пирамида биіктігі  .   Көлемін табыңыз.                                                             Жауабы: 

 

 

Тағы да бір таңқаларлық ғибадатханалар кешені Солтүстік Судандағы Ніл өзенінің жағасында орналасқан. Ол Джебебель Баркалпирамидалар тобынан, үш сарайдан, бірнеше ғибадатханадан тұрады. Бұл кешеннің оңтүстік бағытында тағы да бір көрікті көне пирамида бар. Аталған құрылыстардың барлығы да б.з.д. 3-1 жүзжылдықтарға жатады. Туристерге кешке саяхаттауға кеңес беріледі. Күн батып бара жатқанда, көне ғимараттар ерекше әдемі және алып болып көрінеді.

 

 

    Рюген қонақ үйі пирамида пішінді құрылыстардың ең               биігі саналады. Оның биіктігі – 330 метр. Оны көзіңізбен көргіңіз келсе, Солтүстік Кореяға жол тартыңыз.

 

6.Бекіту:тест жұмысы

 

І нұсқа

1.Куб бетінің ауданы 96см2.Көлемін тап.

А)  64см3     B) 96см3       C)16см3       D) 36см3      E)216см3 

2. Үшбұрышты призманың барлық қырлары 23 -ке тең.Көлемін тап.

А)  4       B) 16         C) 24         D)  18        E)   8

3.Дұрыс төртбұрышты пирамиданың биіктігі 2 см,ал табанының  қабырғасы 4 см.Бүйір қырын тап.

A) 33            B)2             C)32             D) 3          E)23

4. Төртбұрышты дұрыс пирамиданың табан қабырғасы 6-ға тең,ал биіктігі 4-ке тең.Пирамиданың көлемін тап.

А)  64    B) 48        C) 36       D)  24        E)   96

5.Дұрыс тұжырымды тап:

 А) призманың көлемі оның табаны мен биіктігінің  көбейтіндісіне тең.

 B) параллелепипедтің көлемі  диагоналі мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.      

 C)  пирамиданың көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен      біріне тең.          

 D) кубтың көлемі бір қырының квадратына тең.  

  E) пирамиданың толық беті табандарының аудандарының қосындысына тең.

ІІ нұсқа

1. Куб бетінің ауданы 150 см2.Көлемін тап. 

А)  60см3   B)  125см3   C)  150см3    D)  75см3     E) 2

2.Дұрыс үшбұрышты пирамиданың биіктігі , ал табанындағы үшбұрыштың  қабырғалары 4-ке тең. Пирамида көлемін тап.

А)    18     B)   6       C)     24      D)  16         E) 36

3. Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 5 см-ге тең, ал табанының қабырғасы 6 см. Бүйір қырының ұзындығын табыңыз.

 A)43    B) 44   C)5       D)30           E) 7  

4.Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір қыры 5, ал биіктігі 4. Пирамидкөлемін табыңыз.

А) 20      B)  22        C)  25         D) 24         E)26

5. Дұрыс тұжырымды тап:

 А) призманың көлемі оның табаны мен биіктігінің  көбейтіндісіне тең.

 B) параллелепипедтің көлемі  диагоналі мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.  

 C) пирамиданың толық беті табандарының аудандарының қосындысына тең. пирамиданың толық беті табандарының аудандарының қосындысына тең.

 D) кубтың көлемі бір қырының квадратына тең.  

  E) пирамиданың толық беті табандарының аудандарының қосындысына тең.

Дұрыс жауаптар

нұсқасы

1

2

3

4

5

І

A

D

E

B

C

ІІ

B

C

A

D

E

 

   Мексика астанасының маңында Оңтүстік Американың ғана емес, күллі планетаның алып құрылысы бар. Бұл – Күн пирамидасы. Жетпіс бес метрді құрайтын пирамида Сьюдадела цитаделі мен Ай пирамидасының арасында жатыр. Қала қонақтарын алыстан айқайлап шақырады. Ежелгі сәулет кешеніне бара қалсаңыз, панорамалық көріністерге әбден тоясыз.

 7.Үйге тапсырма №28,29

 8. Қорытындылау

 

 

 

 Геометрия, 11сынып 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения