РАМАЗАНОВ АСЛАН АЛИМЖАНОВИЧ
Должность:учитель математики
Группа:Посетители
Страна:КАЗАХСТАН
Регион:уральск
14.07.2016
0
155
0

Сыныптан тыс шара: "Математика және біз" тапқырлар сайысы

 


«МаТЕМАТИКА ЖӘНЕ БІЗ» 
Тапқырлар сайысы

Мақсаты:

1)            Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған  білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. 

2)            Дидактикалық, логикалық есептер шығару арқылы  оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.

3)            Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау,  шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер:

Математикадан сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, интерактивті тақта, компьютер

Математикалық сайыстың барысы:

І: Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты математика, физика және информатика аптылығы аясында

7-8 сыныптар арасында өткізгелі отырған «Математика және біз» тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!

ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар!

       “...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі  мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз де”    
                                                                                                    Н.Назарбаев

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар   ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің  керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

    Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

1)    Топтардың таныстыруы.

2)    1-тур «Логикалық сұрақтар»

3)    2-тур «Жұмбақтар шешейік!»

4)    3-тур: «Капитандар» сайысы

5)    4-тур «Сиқырлы шаршы»

6)    5-тур «Арифметикалық домино».

7)    6-тур «Адасқан әріптерден сөз құрау»

8)    7-тур «Көңілді санау»

9)    Қорытындылау.  

 
1-тур:  Логикалық сұрақтар:

1. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 АТА, 2 ӘКЕ, 4 БАЛА)

2. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)

3. Сәуледе бір бүтін, екі  жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)                                          

4.     Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (ТІКБҰРЫШ)

5.     Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)

6.     Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа  туылған пілдің баласы неше кг тартады? (125 КГ)

7.     «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 САҒАТ, 43 МИНУТ)

8.     Автобустан түсу үшін не істеу керек (АВТОБУСҚА МІНУ КЕРЕК)

9.     2адам шахмат ойнап отыр екеуі 2сағат ойланды. Енді сұрақ 1ші адам қанша сағат ойланды? 2ші адам қанша сағат ойланды  (2-ДЕ 2 САҒАТ)

10.   Сен қараңғы бөлмеге кірдің бірінші май шамды жағасың ба? керосин майды жағасын ба? (СІРІҢКЕ)

11.   Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ??? (3 АДАМ)

12.   Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны?
(ӘКЕСІ МЕН ҚЫЗЫ)

13.   Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз?  (БІЗ САҒАТҚА ҚАРАҒАН КЕЗДЕ, НЕШЕДЕН БОЛМАСЫН ОН МИНУТ КЕТІП ТҰРҒАН ЖАҒДАЙДА.)

 

2-тур  «Жұмбақтар шешейік!»

1) Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап.

                                         ( Х )

2) Күшіне сенген бір мықты

    Жығып алып сегізді

    Барайын қайда дегізді.

                  ( шексіздік)

3) Шекер жейтін аққұтан

    Бір қазыққа байланды

    Аузына тістеп шекерін

    Ол қазықты айналды. 

        ( циркуль )

4) Қандай санның атының жазылуында  қанша әріп болса, соншалық цифр бар?

                (жүз-100)

5) Бірдей санды бірнеше рет,
    Көбейтуден тұрады.
    Егер оны ықшамдасаң,

    Қандай атау болады.    

                           (Дәреже) 
 6) Егіз тұған қос жүйрік,
     Жарыса шауып терлейді.

     Бірін-бірі көрмейді,

     Бір мәреге келмейді.

                   (Паралель түзулер)
7) Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай.

                           (Натурал сан


     8) 12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.                  

                  (Жыл,12ай,52апта,7күн)

9) Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. Ол не?

      (0мен 9 арасындағы сандар)

10) Оң сандарға қолшатырдай,

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтасың сен оны. 

                        (Квадрат түбір)

 

3-тур: «Капитандар» сайысы
І-топ капитанына   7 «А» сыныбы

1) Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш     (тең бүйірлі)

2)Заттарды санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар)

 3)1-ге және өзіне бөлінетін сандар (жай сан)

4) Үлкен хорда                       (диаметр)

5) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы              (1800)

6) Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі  (кесінді)

7) Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? (10 см)

8) Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем   (теорема)

9) 56 санына қарама-қарсы сан? (-56)

10) Жазыңқы бұрыштың шамасы                (1800)

11) Ең кіші жай сан            (2)

12)Жұп сандар қандай цифрлармен аяқталады            (0,2,4,6,8,)
13)
7) Бір нүктеден шыққан түзу             (сәуле)

ІІ-топ капитанына   8 «А» сыныбы
1) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш        (тең қабырғалы)

2) Қиылыспайтын екі түзу       (параллель)

3) Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі        (планиметрия)

4) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек не деп аталады? (бұрыс бөлшек)

5) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

6) Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең?            (60)

    7) Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы неге тең?      (5 см)

8) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем.           (аксиома)

9) Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)
10) Тік бұрыш неше градусқа тең?                (90)

11) Ең кіші натурал сан  (1)

12) Тақ сан қандай цифрлармен  аяқталады? (1,3,5,7,9)

13) ОУ осі қалай аталады?  (ордината)

 

4-тур «Сиқырлы шаршы»

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді


1 топ:

Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп 3, 4, 5, 6, 8, 9 сандарымен бос торкөздерді толтыр.

2 топ:

Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен бос торкөздерді толтыр.

10

3

8

5

7

9

6

11

4

 

11

4

9

6

8

10

7

12

5

 

  

 

 

 

 5-тур «Арифметикалық домино».
Ойынды қолында ең кіші сан жазылған карточкасы бар ойыншы бастайды. Қойылған карточкаға ойыншылар амал дұрыс орындалатындай өзінің карточкасынан сәйкес келетінін жалғастырып қояды. Егер ойыншыда қажетті карточкалар жоқ болса, ойын кезегін келесі ойыншы алады. Осылай ойнай отырып, кім  бірінші болып өзінің барлық карточкаларын қойып бітірсе, сол 10 ұпайға ие бо



6-тур  Адасқан әріптерден сөз құрау


 1-топқа:                                           2-топқа :

А Н С                                             У К Б 

Л Е С У Ә                                      З У Ү Т

К И Р Ь Л У Ц                               Ұ Р Ш Ы Б

А П Р Е Л Ь Л Л А                        Н У К Я И Ф Ц

 

7-тур Көңілді санау

VІІ.Қорытынды.

 Әділқазыларға сөз беріп,

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения