Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
11.06.2016
0
170
0

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру, механикаландыру және автоматтандыру қондырғылары





Наржанова Бахтыгүл Асылбекқызы

Преподаватель специальных дисциплин

Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий

г. Актобе, Актюбинская область, Казахстан

Сабақтың түрі:          Аралас сабақ

 

Сабақтың мақсаты: Өз-өзін басқару сратегиясы бойынша студенттерге бағыт бере отырып, еркін ойлау, өз ойын анық жеткізу, өзін бағалау және басқару.

 

Сабақтың мақсаты:

         а) білімділік: техникалык қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыра білу, механикаландыру және автоматтандыру қондырғылармен таныстыру. Сабақ барысында жаңа тақырыпты өндіріспен байланыстырып, механикаландыру және автоматтандыру қондырғыларынын техникалық қызмет көрсету мен жөндеу барысында  маңыздылығын студенттер санасына жеткізу.

         ә) тәрбиелік: Студентке бағыт бере отырып, еркін ойлау өз ойын анық жеткізу, өзін және өзгені бағалауды үйрету. Студентті сабақ барысында ынтымақтастыруға, өз пікірлерін ортаға сала отырып, басқаның ойын шындауға, дұрыс шешім қабылдайтын теміржол көлігіне сапалы маман тәрбиелеу.

         б) дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту, оптималды шешім қабылдауға дағдыландыру. Ойын толық , еркін жеткізіп, бәсекеде таласа алатындай қабілеттерін дамыту. 

 

Қолданылатын оқу әдістері :

-         Сөздік;

-         Проблемалық, ізденушілік;

-         өндірістік ситуацияларды мысал келтіре шешу;

-         ойын-сайыс;

 

Білу керек :

-         Техникалық қызмет көрсету және жөндеу түрлерін.

-         Жылжымалы құрамды жөндеу орындарын.

-         Техникалық пайдалану ережелерін.

-         Механикаландыру және автоматтандыру қондырғыларын.

 

 

Сабақтың көрнекілік құралдары:

  1.      үлестірмелік карточкалар;
  2.      тест сұрақтары;
  3.      диапроектр 

 

Техникалық: мультимедиялық құрылғы, диапроектр 

 

Пән аралық байланыс:  1.Тартқыш жылжымалы құрам құрылысы;

2.Техникалық пайдалану ережелері.

3.Тартқыш жылжымалы құрамды жөндеу технологиясы   

  

Cабақ жоспары:

 

   І.Ұйымдастыру бөлімі: (5-7минут)

 

1.1. Студенттердің сабаққа қатысымын тексеру.

1.2. Студенттерге сабақ мақсатын хабарлау.

1.3. Студенттерді сабақ жоспарымен, мазмұнымен таныстыру.

1.4. Студенттерді сабаққа психологиялық дайындау.

  

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру бөлімі: (15 мин)

 

2.1.Студенттердің  білім деңгейлерін  тесттік сұрақтармен тексереді, остуденттер бір-бірінің тесттік жауаптарын өздері тексереді; (2-нұсқа, 5-сұрақтан, оның 5-жауапқа «5», 4- «4»,3-«3», -2-«2»).

 

2.2.Екі топқа бөліп сұрақ жауап тапсырманы орындау

  

2.3. Кім жылдам?

 

1. Өндірістік механизациялау дегеніміз не?

2. Механизация және автоматизациялау кезеңдері?  

3. Өндірістік автоматизациялау дегеніміз не?

4.Жартылай механизациялау дегеніміз не?

5. Кешендік автоматтандыру дегеніміз не?

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру: 35-40 мин

 

  1.      Техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметі

 

     Локомотивтерді түзікті жағдайда ұстап тұру мақсатында темір жолда белгіленген жұмыс мөлшерін немесе қажетті жұмыс уақытын орындағаннан соң оларды техникалық жағынан  тексеру үшін жөндеу жүйелері орналастырылған. Олардың бірі агрегаттық әдіс. Бұл әдісте олардың негізгі жүйелері  мен агрегаттары тікелей локомотивте жөнделмейді, олар депо цехында алдын ала жөнделіп, дайындап қойылған тиісті заттармен ауыстырылады. Сондықтан бригадалар кешені алдын ала жөндеу немесе жаңа жүйелер  мен бөлшектерді ауыстыру жұмыстарын атқарады.

      Техникалық қызмет көрсету және жөндеу түрлерін

-СО-1,СО-2,СО-3 жұмыстарының мақсаты – пайдалану уақытында локомотивтің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету;

 

-СО-6, СО-7-Күнделікті жөндеу кезінде жеке жүйелері мен бөлшектерін тексеру, ауыстыру, қалпына келтіру және локомотивтің жөндеу аралығында жұмыс істеу қабілетіне   кепіл болатындай реттеу мен сынау жасалады;

 

-СО-8 Күрделі жөндеу жұмыстарына пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру, тозған немесе ақаулаған агрегаттарды, жүйелер мен бөлшектерді ауыстыру немесе жөндеу.

 

күрделіжөндеуКР-1, КР-2 завуттарда толықтар барлық агрегаттарды жаңалау

 

  1.      Жылжымалы құрамды жөндеу орындары

 

     Бекітілген локомотивтерді күту, қарау және жөндеу үшін негізгі депоның локомотив ғимараты, шеберханасы, жабдықтау құрылғылары, әр түрлі қоймалар, әкімшілік – шаруашылық ғимараттары, керекті жол тарамдары болады. Осы аталған орындарда жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

 

4.Механикаландыру және автоматтандыру қондырғылары

 

ІІІ.а)cергіту жаттығуы

 

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту: (15мин.)

  1.      Жаңа тақырыпты «класстерлеу», немесе топтастырып жазу. 
  2.      Артығын тап. 

V.Қорытындылау: (5мин)

 1.Өз-өзін бағалау парағы бойынша студенттер жауаптарын  тексеру,    бағалау.

     2.Өзін-өзі мадақтау.

 

VI.Үй тапсырмасын беру (5 мин.):

1.Кері байланыс парағы

2. Әдебиеттер: В.Я.Альтухов «Өндірістік процесстерді

 механизациялау және автомоттандыру» 5-6 бет 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения