Aizat Nazarbek
Должность:магистрант
Группа:Посетители
Страна:алматы
Регион:Алматы
02.06.2016
0
103
2

Ерлікке тағзым

ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы 
№2 Ақсуат орта мектеп жанындағы интернат 
Алимжанова Гульжанат Зейноллаевна - балалар тәрбиешісi 

Тақырыбы: "Ерлікке тағзым"

Мақсаты : 1.Оқушылардың Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды өз бетінше, Қазақстан тарихы және әдебиет пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. 
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. 
3.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
4.Тарихи оқиғаларға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.

Іс-шараның барысы.

- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 

- Бүгінгі ашық сабағымыз бес бөлімнен тұрады:
I – Сергіту сәті «Біз картоп егемыз»
II – «Кім жылдам?»
III «Тұлғаны таны»
IV -«Бейнефильм»
V - «Хат оқу»
VI - «Рефлексия»
VII - Ән «Катюша»

Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық.
Сергіту сәті «Біз картоп егемыз» 
Балалар шеңбер құрып картоп егу қимылдарын бір бірінің арқасына массаж ретінде музыка ырғағымен билеп жасайды. 
Ой қозғау: балалар, мына суретте не көріп тұрсындар?
(тақтаға Ұлы Отан соғысының көрінісі слайд арқылы шығады)
Сабақтың тақырыбымен, мақсатын хабарлау, суреттер арқылы топқа бөлу
(А. Молдагулова, М. Мәметова, Х. Доспанова)
II. Сұрақтар:
1.Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды? (1941-1945)
2.Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыш қызы (Хиуаз Доспанова)
3.Биыл Жеңістің неше жылдығы (70 жылдығы)
4.Ленинград маңындағы елді мекенді азат етуге қатысқан ер жүрек мерген қыз. 
(Әлия Молдағұлова)
5.Кеңес Одағының Батыры, пулеметші? ( Мәншүк Маметова)
6.Жеңіс күні (9 мамыр)
7.Мына ән сөздері кімге арналған
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен .
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен .
Аққу құстың бейне бір баласындай ,
Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.(Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға)
8. Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен қазақ жігіті ( Рақымжан Қошқарбаев)
9.Жаумен 305 рет әуе шайқасына қатысқан кім? (Талғат Бигелдинов)
10. «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов» кімнің туындысы?
(Бауыржан Момышұлы)
III. Тұлғаны таны 
1.Бейнеулік Кеңес Одағының Батырларының суреті
2.Рақымжан Қошқарбаев 
3.Хиуаз Доспанова
4.Талғат Бигелдинов
5.Мәншүк Маметова
6.Әлия Молдағұлова
ІV. «Бейнефильм»
Оқушы санына қарай кестелер таратылады. Оған бейнефильмде көрген сәттерін, алған әсерлерін кестеге ойларын жазып толтырады.
IV. «Хат оқу»
Әр топқа берілген мәтін бойынша мәнерлеп оқу.
1 топ: Әлия Молдагулованың Сапураға жазған хаты
2 топ: Мәншүк Маметованың соғыста жазған хаты
3 топ: Хиуаз Доспанованың газет бетіндегі мақаласы
V. «Рефлексия»
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикелерге толтырады.
VI. Ән «Катюша»
Катюша
Музыка: М.Блантера Слова: М.Исаковский 
Расцветали яблони и груши, 
Поплыли туманы над рекой. 
Выходила на берег Катюша, 
На высокий берег на крутой. 

Выходила, песню заводила 
Про степного, сизого орла, 
Про того, которого любила, 
Про того, чьи письма берегла.

Он ты, песня, песенка девичья, 
Ты лети за ясным солнцем вслед. 
И бойцу на дальнем пограничье 
От Катюши передай привет. 

Пусть он вспомнит девушку простую,
Пусть услышит, как она поет, 
Пусть он землю бережет родную, 
А любовь Катюша сбережет. 

Расцветали яблони и груши, 
Поплыли туманы над рекой. 
Выходила на берег Катюша, 
На высокий берег на крутой.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения