Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
31.05.2016
0
174
0

Мемлекеттік рәміздердің тарихи құндылығы мен орны

Қаржаубаева Гульнара Аристанбековна
Тарих және география пәні оқытушысы
Маңғыстау Энергетикалық Колледжі
Қазақстан,Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы, Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.

Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді:

•          Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,

•          Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,

•          Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау кез- келген қоғамдық ортадан бастау алады. Осы жолда біздің де мектебіміз біршама алда. Мектеп ұжымы әр дүйсенбі сайын бірінші сағаттан кейін оқушылардың қатысуымен өтетін жиынды әнұранмен бастауды әдетке айналдырған. Ғимараттың екінші қабаты мен әрбір сынып төрінде мемлекеттік нышандар орналастырылған. Және де мектеп  қабырғасында болатын  мәдени, спорттық кез-келген іш-шаралардың шымылдырығы әнұранмен ашылады. Егеменді елдің әрбір азаматы ел нышандарын құрмет тұтуға міндетті. Әр мемлекеттің өзінің дербестігінің, азаттығының белгісі ол-рәміздер. Олардың қасиетін, құңдылығын ұрпақтарымызға түсіндіріп жеткізу біздің басты міндетіміз болып табылады. Азаттығымызбен бірге келген рәміздеріміз  дұрыс насихатталған жағдайда ғана ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп, мәңгі жасамақ. Олай болса, елтаңбамыз жарқырап, әнұранымыз шырқалып, байрағымыз көк аспанда мәңгі желбіреуі үшін мемлекеттік нышандарға қашанда құрметпен қарауымыз керек.

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміз бойынша елімізді тануға және оны бүкіл әлемге танытуға болады .Өйткені онда халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр, сондықтан ол отан сүйгіштік сезімнің бастау көзі бола алады.

Мемлекет басшысының жанынан арнайы құрылған Президенттік Кеңес елдік келбетті қалыптастыру бағытында Тұңғыш Президентіміздің тікелей тапсырмасымен және басқаруымен қаншама маңызды жұмыстар атқарды. Уақыт өте келе салиқалы жүргізілген саясаттың маңызын енді ғана жете түсініп, болашақ үшін мемлекеттілік тарихымызға қатысты ғылыми тұжырымдар жасаудамыз.

Тәуелсіздікке ұмтылған Қазақстанның мемлекеттік рәміздері жөнінде Президентіміздің атына түскен ұсыныстарды, мемлекет басшысы оларды қарауға және ұсыныстар даярлауға аталған Президенттік Кеңеске түсіріп отырған. Мемлекеттік рәміздерге қатысты алғашқы ұсыныс-хат Президенттің атына сол кезде Қазақ КСР-нің халық депутаты, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының директоры, академик М. Қ. Қозыбаевтың атынан 1990 жылдың 18 маусымында жазылған. Ұсыныс-хатта сол кезде қолданыста болған әнұран (конкурстық негізде жаңа мәтінді қабылдау) мен елтаңбаны (конкурстық негізде жаңа елтаңбаны қабылдау, оған ұлттық колорит және республиканың тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін беру) өзгерту себептері (сталинизм дәуірінің идеологиясынан арылу) мен қажеттілігін (Егеменді елдіктің белгісін білдірту) баяндалған. Президент өз кезегінде бұл хатты Президенттік Кеңес мүшесі М. Жолдасбековке түсірткен. М. Жолдасбековтің осы хаттың мазмұнына байланысты Елбасы атына жазған жауабында ұсынысқа қолдау білдіре келіп, бұл мәселені Жоғарғы Кеңестің кезекті сессиясының күн тәртібіне қоюуды сұрайды. Елбасы Президенттік Кеңестің атына түскен хабарлама жауаппен таныса келе, рәміздік жобалар даялайтын құзырлы жұмыс тобын құруды тапсырады.

Президенттік Кеңестің мүшесі, белгілі заңгер-ғалым С. Сартаевтың атынан 1990 жылдың 21 тамызда Елбасының атына жазылған келесі хатта республикамыздың іс жүзіндегі дербестік статусқа ие болуына орай мемлекеттік рәміздерді өзгерту жөніндегі мәселені арнайы қарастыру ұсыныс жасалған. Елбасы келісімін берген жағдайда жаңа ту мен елтаңбанының эскиздерін жасауға және жаңа әнұран мәтінің даярлауға кірісетіндерін баяндаған. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Идеологиялық бөлімінің меңгерушісі Қ. Сұлтановтың Президенттік Кеңестің мүшесі С. Сартаевтың ұсыныстарына байланысты Мемлекет басшысы атына жазған хатында идеологиялық бөлім толықтай қолдайтынын хабарлайды.

Президенттік Кеңестің мүшесі М. Жолдасбековтің 1990 жылдың 13 желтоқсанында мемлекеттік рәміздерге байланысты Елбасының атына жазылған кезекті хабарламасында Жоғарғы Кеңес төрағасы Е.М. Асанбаевтың басқарумен жұмыс тобы құрылып Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда деп баяндаған.

Мұрағат құжаттарына зер салып қарасақ Елбасы аса маңызды мемлекетік мәселе – елдіктің белгісі рәміздер даярлау ісіне ас мұқият мән беріп, құзырлы ұйымдардың сараптауына өткізіп барып қана Жоғарғы Кеңестің күн тәртібіне қойдыртқан. Оған он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің стенографиялық есептерін тарихи құжат ретінде зерделеу арқылы көз жеткіземіз.

Мемлекеттік рәміздердің эскиздік нұсқаларының алқашқы талқылануы Жоғарғы Кеңесте 1992 жылдың қаңтар айында басталған.

1992 жылдың 18 қаңтарындағы он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында мемлекеттік жалауы (Туы-автор) туралы талқылауда сөз алған депутаттар І.Н. Аймағамбетов, Ә.Т. Әлімжанов және Ө.А. Жолдасбековтер өз сөздерінде мемлекеттік жалауға байланысты талқылаулардың тиісті процедуралардың толық өтпегенін алға тартып күн тәртібіне алдыртып тастау жөнінде ұсыныс енгізген. Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясына қатысып отырған Президентте бұл ұсынысты құптаған. Бұл тарихи үдерістің терең астары болды. Қоғамда әлі де Кеңестік Одақтың идеологиялық уыты саналарынан тарқамаған және тәуелсіздіктің жарияланғанына ай өтер-өтпесте, оның ән-мағынасын халық енді ұғынып жатқан шақта Жоғарғы Кеңестің сессиясына рәмізге қатысты мәселенің шығарылуының өзі үлкен іс болды. Қоғамды, соның ішінде депутаттардың өзін тәуелсіз елдің атқарар үлкен істеріне дайындау сабағы болды десек артық айтпаймыз.

Келесі кезекте мемлекеттік туды қабылдау мәселесі болды. Тағы да жобалық нұсқадағы туға байланысты депутаттардың қызу талқылауы, тудың түсі мен элементтерді орналастыру жөніндегі ұсыныстары барынша айтылды. Сөз алған Елбасы: «Единый небесно-голубой фон – единство многонационального народа. Мы выбрали его с самого начало и до конца были едины в этом плане. … Нельзя не отметить в символике то, что мы живем на Востоке. Солнце восходит. Мы – государство, имеющее Тянь-Шанские горы. Беркут – это национальный символ, никакой не враждебный. … Этот казахский орнамент должен всех удовлетворить.». Елбасы сөзінен кейін мемлекеттік ту бойынша басым дауыс беріліп, қабылданды. Ал әнұранның әуені пікірталассыз қабылданды. Әнұранның сөзіне байланысты конкурс жалғасатын болып шешімге келген.

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында:«…Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек. …Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс.» деген болатын. Ендеше, мемлекеттік рәміздер біздің тарихи жадымыздың бейнесі және ақиқат құндылықтарымыздың бірегей факторы болып табылатыны сөзсіз.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Натарова Ю., Джанабеков А. Пропаганда и популяризация государствен- ных символов как один из факторов формирования казахстанского патриотизма // Саясат. – 2007. – С. 20.

3. Елжан Ералы. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.»
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения