Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
25.05.2016
0
137
0

Қазақ тілді контентті дамытудың принциптері

Куттибаева Алмагул Союзовна
Қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы
Маңғыстау Энергетикалық Колледжі
Қазахстан,Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Қазіргі кезде ғаламтор бетінде қазақ тілін дамыту мәселесі өте өзекті мәнге ие болып отыр. Ақпараттық технологиялар кезеңінде «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар жеткізген» ғаламторда осы күні мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту алғышарттары жасалып жатыр. Интернетте мемлекеттік тілдегі сайттардың бәсекеге қабілетті болуы үшін оның өзіндік қазақы ортасы, оқырманы болуы шарт.

Соңғы жылдары қазақ тіліндегі ресурстар санының өсу динамикасы көрініп тұр. Қазіргі таңда оқушылардың 70 пайызы мемлекеттік тілді біледі және олар – сапалы қазақ тіліндегі ресурстардың нақты қолданушылары болып табылады. Қазақ тілін білетін жастардың буыны өсті, бірақ олардың мәліметтерді қазақ тілінде алуға мүмкіндіктері жоқ. Бұған техникалық жағдайлар да әсерін тигізуде. Мәселен, қазақша интерфейсі бар сайттарды тегін құруға мүмкіншілік жоқтығынан көп мәселе шешімін таппай отыр. Жаңа гаджеттерде – планшет және смартфондарда көбінесе қазақша қаріптер жоқ. Оны қолданушылар амалсыздан латын немесе кириллица қарпін қолданып, қателермен жазады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде қазақ тіліндегі сайттардың саны жалпы еліміздегі сайттардың 12 пайызын құрап отыр. Жыл сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болуда. БАҚ-тың электрондық нұсқалары дамуда, әртүрлі семинарлар, конференциялар, тренингтер, байқаулар өткізіледі. Десе те, интернет қауымының ойынша, мемлекеттік тілдегі контенттерді танымал етудің жаңа жолдарын іздестіру қажет-ақ. Үлкен кедергінің бірі – ол Қазнеттегі қазақша контентті дамытуға пейілді орта өз ішінде әзірге бірін-бірі дұрыс танымайды. Сондықтан іс жүйелі түрде жүргізілмей отыр.
Расында, ғаламторда мемлекеттік тілді дамыту мәселесі көп уақыттан бері қозғалып келеді. Дегенмен бұл мәселеде мемлекет пен қоғамның ынтымақтасу үрдісі әзірге байқалмайды.

Сол себепті қазақтілді ресурстардың жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне толықтай жол ашылды деп айта алмаймыз. Қазіргі кезде қазақ тілінде сайт жасайын деген әрбір веб-мастер бүкіл интерфейсін қазақ тіліне өздігінен аударуға мәжбүр болып отыр. Бұған көп уақыт, күш жұмсалып ғана қоймай, жұмыстың қымбаттауына да алып келуде.

Тағы бір атап өтер жайт, интернетте қазақ тілін дамытудағы проблемалардың бір бөлігі – тілді қолдану және үйрету кезінде басқару тәсілдерін абсолюттендіру, соның ішінде іс жүргізуді мемлекеттік тілге енгізу, бағдарламаларға уақыттық шектеу қоюға да барып тіреледі. Сондықтан тіл үйрену және эксклюзивті контент құру мотивациясына аз көңіл бөлініп отыр.

Қазақ тілінде сайт құрудың қиындығы соңғы бірнеше жыл әсіресе қатты сезілуде. Қазақ тілінде сайт жасайын деген әрбір веб-мастер бүкіл интерфейсін қазақ тіліне өздігінен аударуға мәжбүр блады.

Интернетте қазақ тілін алға жылжытумен қоғамдық ұйымдар да айналысады. Мысалыға,  «Мінбер» қазақ журналисттерін қолдау орталығы қазақ тіліндегі контенттің экслюзивтілігіне және мультимедиялыққа көңіл бөледі. Орталық қазақ тілі журналисттеріне жаңа медиа-құралдарын қолдану әдетін дамытуға арналған тренинг және семинарлар өткізеді.

Мамандардың ойынша қазақ тілін дамытудағы проблемалардың бірі болып тілді қолдану және үйрету кезінде басқару тәсілдерін абсолютизациялау, соның ішінде іс жүргізуді мемлекеттік тілге енгізу, бағдарламаларға уақыттық шектеу қою. Сондықтан тіл үйрену және эклюзивті контент құру мотивациясына аз көңіл бөлінеді.

Интернет қолданушылардың арасында интернеттегі мәліметті әлдебір үкіметтік ұйым әзірлеп, жариялап отыруы керек деп санайтындар да баршылық. Шындығында, ақпараттық технологияның дамуы әрбір адамға интернетке мәлімет жариялап, оны дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Яғни «Ғаламтор қазақша сөйлесін, ұлт мүддесіне жұмыс істесін», – деп бос уақытын интернетте өткізгенше, қазақ тілінде мәлімет қорының көбеюіне ат салысқаны жөн. Сонда ғана интернетте қазақ тілі белсенді қолданылатын тілдердің қатарына енбек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1.       «Интернет, кітап және әдебиет»,  Қайсар Қауымбек сұхбаты
  2.       «Елімізде интернет-журналистика дамып келеді», Skifnewsақпараттық порталы
«Ұлт әдебиетіне ғаламтор төрінен орын бар ма?» Алмат Исаділ
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения