Амандыкова Раушан Жанбулатовна
Должность:Учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казакстан
Регион:ЗКО Аксай
18.05.2016
0
151
0

Әдебиеттік оқу "Туған жер"





 

Әдебиеттік оқу

Сабақтың  тақырыбы:Туған жер

Сабақтың  мақсаты:

 А) Өз елін,  жерін  сүюге, құрмет көрсете отырып қызмет  етуге дайындау.
 Ә)Өз халқының тарихына сын көзбен қарап, саралай білетін саналы азамат  ретінде қалыптастыру.
Б)Өз ұлтының тарихын сүюге, дамытуға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, слайдттар, ҚР рәміздері, шарлар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, музыка
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақ әдісі: ауызекі сөйлеу, сөйлесу

 

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

1.Қызығушылығын ояту ( 3-слайд)

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне ,жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау   (4-слайд)

Бата сөздерді жатқа айту

Қазақ билері туралы жазып келу

Үй тапсырмасын бекіту

3 топқа бөлу

1-топ                 2-топ                     3-топ

Отан                  Президент             Туған жер

«Кім жылдам?» ойыны  (5-слайд)

«Отан»тобы    ( 6-слайд)

1.Өздеріңді  Отанның бір бөлігіміз деп сезінесіңдер ме? Неліктен?

2.Отан  сендерге  несімен ыстық?

3. Отанға  махаббаттарыңды қалай  көрсетер  едіңдер?

 «Туған жер»тобы      (7-слайд)

1. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» -   дегенде нені түсінесіңдер?

 2.  Сендерге өз елің несімен ыстық?

 3.  Сендер өз еліңді сүйетіндіктеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?

«Президент»тобы    (8-слайд)

1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті  кім?

2.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

3.Егер сен президент болсаң не істер едің?

 

ІІ.Жаңа сабақ

«Адасқан сандар»ойыны  (9-слайд)

Үш таңбалы  сандарды  ретімен санау арқылы жасырылған тақырыпты ашу

343   348   423  457   563   643   708   810 

  Т      У      Ғ      А      Н       Ж      Е      Р                       (10-слайд)

Бүгін біздер қазақтың жазушысы    Оразақын  Асқар ақынымыздың «Туған жер» өлеңімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс  (11-слайд)

 

1.Автордың қысқаша өмірбаяны.

Асқар Оразақын (16.5.1935 жылы туылған, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей- Қаратас ауылы) — ақын. 1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1961-95 жылдары ҚР ҒА Тарих, этнографиялық және ар­хеологиялық институтында, Қазақстан Жазушылар одағында, республикалық Мемлекеттік кітап палатасында, "Жалын" баспасында әр түрлі жауапты қызмет атқарды. "Түңғыш"(1964), "Мейірім" (1969), "Күнгей" (1975), "Ләйла" (1977), "Көкорай" (1979), "Балқарағай" (1981), "Сәулет" (1984), "Таудайбол!" (1984), "Белжайлау" (1985), "Өркеш" (1987), "Керімсал" (1991), "Баркөрнеу" (1992), "Орбұлақ" (2000), "Тө- уелсіздік тартулары" (2001) атты жинақтары жарык көрді. Асқар қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады .

2.Тақырыбы  туралы сұрақ-жауап

«Туған жер» деген сөзді қалай түсінесің?

- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан қандай Республика?
- Егеменді, тәуелсіз республика.
- Еліміздің астанасы қандай қала?
- Астана қаласы деп аталады.
-Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз.

3.Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру

4.Жеке-жеке әр шумағына түсінік беру, ондағы негізгі ойды табу

Ақын туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалай жырлаған?

-Туған жердің өткен тарихы туралы шумақты оқы.

-Ақын мадақтаған батырларды ата.

-Туған жердің байлығын суреттеген шумақты оқы

-Туған жердің кеңдігі, байлығы жөнінде ақын не деп тебіренеді?

-Тоқтар кім?

-Ғарышкерлерден кімдерді білесің? Т.б

«Ой таным» сызбадағы жауапты оқушылардың жауаптарымен салыстыру

(12-слайд)

Өлеңнің мазмұны

Отанымыз жайлы

Ақынның ойы

Туған жерге сүйіспеншілігі

Басты кейіпкер

Ақын және жер

 

Сергіту сәті  (16-слайд)

 

Шығармашылық жұмыс  (17-слайд)

Бес жолды өлең құрастыру

 

Қорытындылау

«Туған еліме тілегім»  (18-слайд)
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл,күн, суреттерін үлестірмелі түрде тастайды
Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма  (19-слайд)

Туған жер өлеңін жаттап келу

Бір шумақ  өлең құрау

Бағалау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения