Азиева Айгул Жолболсынқызы
Должность:Заместитель директора по учебной части
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырауская область, город Атырау, мкр.Жулдыз 3/73
18.05.2016
0
328
2

Қазақ тілінен ашық сабақ "Жалаң және жайылма сөйлем"





Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.

ә) тәрбиелілігі: оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылығы: оқушылардың сауаттылығын, ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу. Олардың сабаққа деген белсенділігін, іздену, шығармашылық ойлау, талдау, салыстыру, көркемдік қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тірек-сызбалар, шығармашылық жұмыстар,  «аяқталмаған сөйлем», топтық жұмыстар, ойын, т.б.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, шығармашылық жұмыстарға арналған бетшелер, т.б.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

-         Бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз қонақтармен амандасайық.

Амандасу рәсімі:

-         Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Бүгінгі күн тамаша! Ал өздерің көңіл-күйлеріңді суреттеңдерші.

(күн, бұлт, жаңбыр)

-         Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Енді өткен сабақтарда алған білімдерімізді еске түсірейік. Тақтада сұрақтар бәйтерегі ілініп тұр. Сол бәйтеректен сұрақтар алып, жауап беріп көрелік. Қәне, кім шығады?

     «Сұрақтар бәйтерегі»

а) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

ә) Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?

б) Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

в) Бастауыш деген не?

г) Баяндауыш дегеніміз не?

(оқушылар сұрақтарды суырып жауап береді)

ІІІ. Суретпен жұмыс.

-         Суреттен қандай бейне көріп отырсыңдар?

-         Мамандық иелері.

(суреттердің әрқайсысына сөйлем құрастырады, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді табады)

1.     «Қандай қимыл?» ойыны. (тақта алдына 1-2 оқушы шығып қимылдар көрсетеді, қалған оқушылар қимылын қарап отырып, сөйлем ойлап айтады).

Сұрақ-жауап.

- Екі оқушының қимылы бойынша құралған сөйлемдерде ұқсастық, айырмашылық бар ма?

-         Сөйлемдерің қандай мүшелерден құралған?

-         Тұрлаулы, яғни бастауыш, баяндауыш.

-         Ал, сенің сөйлемің ше?

-         Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер де бар.

2.     Салыстыру.

 

Қар жауды

Ұшақ көтерілді

Мұғалім кірді

Күн жылынады

Қар қалың жауды

Ұшақ биікке көтерілді

Мұғалім сыныпқа кірді

Күн көктемде жылынады

 

- Сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне назар аударайық.  Сонда не байқап отырсыңдар?                                                                                                                               

ІІІ. Жаңа сабақ.

-         Сонымен балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «жалаң және жайылма сөйлем» деп аталады. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадысын, тақырыбын жазып алайық.

Тірек-сызбамен жұмыс.

 

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелер де болады.

 

 

 

Бастауыш пен баяндауыштан құралады.

 

 

 

Құрмалас сөйлем

 

 

 

Жалаң 

 

 

 

Жайылма 

 

 

 

 

Жай сөйлем

 

Сөйлем

 

 

 

ІҮ. Топтық жұмыс.

Жалаң  сөйлем

Жайылма сөйлем

 

 

 

 

 

 

 

Күн салқындады. Қар жауды. Кебеже ағаштан жасалады. Жарыста Әсем жеңіске жетті. Орман жасыл желекке бүркенді. Алмас келді. Кеш болды. Ғалия еңбек сабағында кесте тікті.

 

Ү. Оқулықпен жұмыс.

197-жаттығу.

 

ҮІ. «Ойлан, тап» (ауызша)

 

(берілген адам аттары мен сандарды байланыстырып жайылма сөйлем құрастырады).

 

ҮІІ. «Жұмбақ сағат»

(Сағат тілі бойынша екі әріптен тастай отырып, жасырынған мақал-мәтелді тап)

і

 

р

б

ң

а

е

ң

 

 

 

 

 

а

а

 

 

 

 

 

д

д

 

 

 

 

 

к

е

 

 

 

 

 

т

ғ

 

 

 

 

 

ы

р

 

н

ы

Е

ы

ш

 

Шешуі: «Ердің атын еңбек шығарады»

(оқушылардан еңбек туралы мақал-мәтел сұрау)

ҮІІІ. «Адасқан әріптер» ойыны.

І топ – о, н, қ, я.

ІІ топ – ә, г, р, р, і, е, д.

(осы сөздерді табады, І топ – дәрігер сөзіне 1 шумақ өлең құрастырады, ІІ топ – қоян тақырыбында мәтін құрастырады)

 

Дәрігер

 

 

 

Қоян 

 

 

ІХ. «Аяқталмаған сөйлем»

Сәния ерте ... . Ол мектепке ... . Қоңырау ... . Мұғалім сыныпқа ... . Сабақ ... . Оқушылар есеп ... .

(оқушылар баяндауыш сөзді тауып қойып, сөйлем мүшесіне талдайды).

Х. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»

 

Мысал

Ереже

1.     Аппақ қар жауды.

2.     Жанар қуанды.

3.     Жаңбыр жауды.

4.     Сұңқарт апспанға көтерілді.

Жалаң

Жайылма

Жалаң

Жайылма

Анықтамаға сай ма?

 

 

 

Мысал

Ереже

1.     Қоңырау соқты.

2.     Күн салқындады.

3.     Сара гүлдерге су құйды.

4.     Айнұр сегізінші сыныпта оқиды.

 
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения