Сеилханов Даулет Базарханович
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинский область, г.Талдыкорган
16.05.2016
0
129
0

Ғарышқа саяхат

Күні

Ашық сабақ
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат
Мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың ғарыш жайлы түсінігін кеңейту, ғарыш, аппараттары туралы мәліметтер беру, ғарышкер өмірімен таныстыру.
ә)дамытушылық: оқушылардың танымдық көзқарасын жетілдіріп, белсенді жұмыс жасау қабілетін дамыту, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылығын артыру.
б) тәрбиелік: Ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Дербес компьютер,интерактивті тақта, нақыл сөздер.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ – жауап, ой бөлісу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру

II.Өткен тақырыпты пысықтау

III.Жаңа материал

IV.Қорытындылау

V.Үй тапсырмасы
I.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу.

Оқушыларды топқа бөлу (Экипаж мүшелері)

Экипаж мүшелерінің топтары.
1. Экипаж « Космос » 3. Экипаж « Гагарин »
2. Экипаж « Байқоңыр » 4.Экипаж « Ғарышкер »
II.Өткен тақырыпты пысықтау

1.Жылы және суық түстерге қандай бояулар жатады?

2.Қазақстандық  алғашқы суретші кім?

 

III.Жаңа материал

Биылғы жылдың 12 сәуірінде 53 жыл толды дүниежүзілік космонавтика және авиация күніне. Ғарыш саласымен оның тылсым құпияларын өз негізіне арқау ететін бүгінгі сабақ –аспан әлемінен терең түсінік беріп, жаратылыс жаңалықтарымен жадымызды жаңғырта түсейік.
ХХ- ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі –адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш айлағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылықаңтардың 12-сінде қағылды.
Алғашрет 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин аспан әлеміне жол тартқан күннен бастап, міне, дәл бүгінгі күнге дейін жарты ғасырға жетерлік уақыт өтіпті. 53жылда адам баласының ғарышты игеруі қарыштап дамып, қаншама рет ғарыш қасапарлар жасалды.
Адамзат күнсанап, сағат санапғарыш әлеміне саяхат жасап жаңалықтар ашты. Сол сияқты бүгін бізде белгісіз галактикалар мен ғаламшарларды, кометалар мен астероидтарды,жұлдыздар мен тұмандықтарды ашу үшін ғарыш әлеміне бірге сапаршегеміз!

(слайд)
І- тапсырма: Экипаж мүшелері ғарыштың дамуы
жайлы білетіндерін ортаға салады.

ІІ- тапсырма: Экипаж мүшелеріне сұрақтар қою.
1. Неше шоқжұлдыз бар?
2. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты?
3. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты?
4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты?
5. Жұлдыздар шүйесін қалай аталады?
6. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды?
7. Ең алғаш ғарышқа қашан кім ұшты?
8. Жер тобындағы планеталарды атаңдар?
9. Алғашқы әйел – ғарышкер кім?
10. Неше планеталар  бар?

ІІІ –тапсырма: Тілөнері. Үш тұғырлы тіл үйлесімін тапқан бүгінгі Қазақстанда үш тілділі кұлттық мерейі саналады .Ендеше осы турасында да өзімізді сынап өтсе карты қетпес. Яғни, сіздер бұл кезеңде қазақ тілін деберілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табасыздар .
Тіл - өнер
Қазақ тілін деберілген сөздерді - орысша, ағылшын шатілге аудару.
1. Ауа – воздух – air
2. Ғаламшар – планета – planet
3. Ай – луна – moon
4. Жұлдыз –зведа -star
5. Уақыт – время – time
6. Жылдамдық – скорость – speed
7. Ғарыш – космос – space
8. Күн – солнце – sun
9. Жер – земля – earth
10. Аспан – небо – sky

IV- тапсырма:

Ғарыштың пайдасы


V –Қорытынды жасау.

 1.Сабақтың қорытынды есебі.
«Гагарин» экипаж
«Байқоңыр» экипаж
«Космос» экипаж
«Ғарышкер» экипаж мүшелерінің бір-біріне «Екі жұлдыз бір тілек»

2.Оқушыларды бағалау
3.Ұй тапсырмасы: Ғаламтордан ғарыш туралы ақпарат іздеу.
Ертеде ұланғайырқазақ даласын жаудан қорғап, талай жауынгерлік жорықтарда жеңіспен оралған бабаларымыздың ер жүректілігін, отан сүйгіштігін бүгінгі Тоқтар мен Талғат ағаларымыздың ерлігі мен теңдей бағаласақ артық болмайтындай!
Адамзат баласының жан-жақтыру хани үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, табиғат аясы, жетіқат Көк, Жер, нұрын төккен Күн мен Ай керек екенін олар дәлелдеп өткендей!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения