Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
13.05.2016
0
150
0

Сын есім

Избаева Турсынай Кенжетаевна
Бастауыш сынып мұғалімі 
Новочеркас орта мектебі 
Новочеркас ауылы,Астрахан ауданы,Ақмола облысы,Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;

Дамытушылық: лексикалықбілім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;

Тәрбиелік: ұлттық салт–дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: пысықтау сабағы

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалы қойындар.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, слайдтар.

Құрал - жабдықтары: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

 

I .Ұйымдастыру кезеңі

Күннен, жерден нәр алған

Біз - өмірдің гүліміз.

Сәрсенбінің сәтінде

Сәтті болсын күніміз.

Псхихологиялық дайындық

Түстер арқылы топ құру. (Сары, қызыл, көк)

Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. «Автор орындығы» әдісі

Берілген сөздерді сын есімнің мағынасына қарай топтастырып, автор орындығында қорғайды.

 

ІІ.Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл» әдісі

І топ. Сары түстер.

(Берілген тапсырмаларды орындай отырып әр топ өздерінің аттарын қояды.Тапсырма топтағы оқушыларды толық қамтиды.)

1-тапсырма.

Заттың атын білдіретін сөздерді .... дейміз. (зат есім)

2-тапсырма.

(зат есімдерге) ..... кім?, кімдер?, не?, нелер? сұрақтары қойылады.

3-тапсырма

..... кім?, кімдер?, не?, нелер? сұрақтары қойылады(жалқы есім)

 

4-тапсырма

..... кім?, кімдер?, не?, нелер? сұрақтары қойылады (зат есімнің көпше түрі)

5-тапсырма. Қай сөз табы?

Заттың атын білдіреді кім?, не?,кімдер?, нелер?

Жалқы есім Жекешетүрі

Жалпы есім Көпшетүрі

Топқа қандай ат қоямыз? «Зат есім »

 

ІІ Топ. Қызыл түс

1-тапсырма.

.... білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

2-тапсырма.

Сын есімге .... деген сұрақтар қойылады.

3-тапсырма

Берілген сөздерден сын есімд ітауып астын сыз.

 

Қала, жақсы, бес, кіші, ойнады, ащы, секірді, сопақша, орман, жуас.

 

4-тапсырма. Сипатта. Алма қандай?

5-тапсырма. Қай сөз табы?

Заттың сынын білдіреді қандай? қай?

Ащы тұщы

үлкен

қызыл домалақ

Топқа қандай ат қоямыз? «Сын есім»

IIІ. Көркем жазу

Ққ

Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.

- Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерг етаныс емес?

- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.

- Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?

- «Шөп» деген сө зартық, себебі ол–зат есім, қалғандары - сын есім.

 

ІV. Мағынаны тану. 1.Оқулықпен жұмыс. «Ойын» әдісі

Өлеңнен сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдер мен бірге теріп жазу

Ата - бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығыңатоймаған,

Дарқан дала, қарлышың.

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Дарқан дала, қарлышың, байырғы мереке, ақ дастарқан.

- Осы сөздердің ішінде туынды сын есім бар ма? Неліктен оларды туынды сын есім дейміз?

- Себебі, олар жұрнақ арқылы жасалған.

 

- Наурыз қандай мереке?

- Наурыз қазақша жаңа күн дегенді білдіреді.

- 22 наурызда күн мен түн теңеледі.

- Наурыз көже жасалады.

- Наурыз көже 7 түрлі дәмнен жасалады.

- Наурызда ренжіскен адамдар бірін – бірі кешіреді.

 

V. Артығын тап

1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары – зат есімдер.

2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.

3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.

 

VІ. «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны

 

Берілген әріптер мен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.

Мысалы, Әәәә – Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.

Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.

 

Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?

Ашулы арыстан – ызалы арыстан

- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір – біріне жуық сөздер дейді.

- Олай болса, оқулықтағы 2 – жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.

 

Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.

Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.

Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.

(Жұрнақ арқылы жасалған.)

VІІ. Сурет бойынша жұмыс

Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.

1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.

2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.

3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.

Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.

 

VІІІ. Ой толғаныс.1. «Бір айналым сөйлесу» әдісі. Топ аттарын алмастырады.

Терме диктант.

Аңшы, серуендеді, орман, ақылды, сұлу, жеміс, ойнады,секірді, батыр, күлді,жасыл, ауыр.

Зат есім тобы. Берілген сөздердің ішінен зат есімдерді теріп жазу.

Сын есім тобы. Берілген сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазу.

 

ІХ. «Адасқансөздер» дидактикалық ойыны

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.

1. Өсіптұр, гүлдер, аулада, қызыл.

2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.

3. Озыпкелді, ат, жирен, бәйгеден.

4. Қалаларда, метро, болады, үлкен.

Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

Ол үшін не істеу керек?

- Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.

Қандай аю? Қоңыр аю.

 

Х. Шығармашылық жұмыс. Сөзжұмбақ пен ребус шешу.

Топ аттарынтағы да алмастырылады.

 Сын есімтобы. Сөзжұмбақ «Сын есім»

 Е т І С т І К

 Ж А л Қ Ы

 Н Е

 Е к І

 қ О С ы М ш А

к ү Р Д е Л І

 к І М

1. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрағына жауап беретін сөз таптары.

2. Бас әріппен жазылатын зат есімнің түрі

3. Зат есімнің сұрағы

4. Қосымшаның неше түрі бар?

5. Түбірсөзге ..... жалғанады

6. Келе жатыр, оқып отыр етістіктің қай түріне жатады?

7. Оқушы сөзіне қандай сұрақ қойылады?

 

ХІ. «Жұмбақ зат» ойыны

Бұл ойынның шарты бойынша көрсетілген затты сыныптағы оқушылар түрлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.

Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.

- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.

Терезе, дөңгелек, жолбелгісі, орамал жасырылды.

 

XІІ. Қорытындылау

Сын есім туралы не білеміз?

- Сын есім затты ңтүрін - түсін, сапасын білдіреді.

- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.

- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.

- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.

- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.

XІІІ. Бағалау, мадақтау

Сабаққа белсене қатысқан, ұтымды жауап берген балаларды оқушылардың өздеріне анықтау ұсынылады. Оларға қол шапалақтап, қошемет көрсетіледі.

XІV. Үйге тапсырма

5 - жаттығу

1. Өлеңді оқу, сын есімдерді табу, қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықтау;

2. Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап кел

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения