Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
04.05.2016
0
155
1

Қазақша жариялау керек! Сабақ тақырыбы; Көктем

Тулегенова Айгуль Нурсеитовна,

мектепалды даярлық тобының мұғалімі «Достық орта мектебі мектеп 

жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ Алакөл ауданы,

Алматы облысы,Қазақстан

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Қағаздан аппликация жасау жұмысын орындауды үйрету.Қағаз аппликация бөлшектерін үйлесімді орналастыра білуге үйрену.Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

Барлық оқушылар

- Жыл  мезгілдерін  біледі.

- Ойларын еркін жеткізеді;

Оқушылардың басым бөлігі

- Есте сақтау,зейіні қалыптасады.

- Ойын еркін жеткізеді.

Кейбір оқушылар

-Сөйлем құрай алады

-Сыни тұрғыдан ойланады.

-Диалогқа түседі

Алдынғы оқу

 Балалар өз жұмыстарын жоспарлай білуге дағдыланған.

Ресурстар

дәптер, әр түрлі суреттер,дидактикалық материалдар

Жоспар

1.Көктем мезгіліне аппликация жасауды үйрету.

2.Композиция құрастыруға дағдыландыру.

3.Тапсырманы орындату.      

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар мен тапсырмалар

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының  іс - әрекеті

Әдіс -тәсілдер

Басталуы:

(Ұйымдастыру)

-Ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастыру

- Топтастыру

4 мезгілімен топқа бөлу

Балаларға сұрақ қою.

1.Балалар жылда қанша мезгіл бар?

2.Кім атап жібереді?

Дұрыс айтасыңдар,онда бүгінгі сабағымызда жыл мезгілдерімен топқа бөлініп алайық.

1-топ қыс

2-топ көктем

3-топ жаз

4-топ күз

Оқушылар бір –біріне сәттілік тілейді

 

 

-Төрт мезгіл бар

-қыс,көктем,жаз,күз.

«Бізден сұрақ- сізден жауап»

 

Ортасы

Жаңа сабақ

Ой қозғау

«Көктем» мезгіліне сурет ілінеді.

Гүл-гүл жайнап,жер аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан,

Гүлдерімен қай кезең.

Оқушыларға сұрақ қойып жауап алу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу

Балалар қазір жылдың қай мезгілі

Қыстан кейін қай мезгіл келеді

Дұрыс айтасыңдар онда бүгінгі сабағымыздың такырыбы көктем.

-Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгеріс болады

-Көктем мезгілі туралы кім өлең біледі.

 

«Құс қанатын қағады» ойын

-Балалар көктемде туған жерге құстар қайтып келеді.Осы құс қанатында әр топқа арналған сұрақ бар екен.

-қане жауап беріп көрейік.

1-топ Көктемгі мерекелерді ата

2-топ Көктем айларын ата

3-топ Көктемде туған жерге қайтып келетін құстарды ата

4-топ жұмбақтың шешуін тап

Қар,мұз еріп,су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып,жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

-дұрыс айтасыңдар, балалар.Енді осы көктем мезгілін жапсыру аркылы көрсетейік.

   Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін әртүрлі орналастырып,ішінен дұрысын таңдап алу.Аппликация бөлшектерін ретімен желіммен жапсыру.

Берілген тапсырмаларға  дайындалады.

Нақты жауап беруге тырысады

көктем

 

 

 

-қыс

-көктем

 

 

-жаңбыр жауады,қар ериді,құстар қайтып келеді

-оқушылар өлең оқиды

 

 

 

 

1.8-наурыз,22 наурыз

2.наурыз,сәуір,мамыр

3.қарлығаш,тырна,дуадақ,

Үйрек,қаз

4.көктем

«Дәл тауып айт» ойыны

Аяқталуы

Қорытынды

Балалардың дайын болған жұмыстарын талдау,күн үлестіру арқылы ,күніміз жарқырай  берсін деген тілекпен бағалау.

 

Оқушыларды бағалау.күн үлестіру.

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения