Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.05.2016
0
187
0

Отбасында және уйде кіші мектеп жасындағы оқушыда мәдениетті жүріс-тұрысты тәрбиелеу әдіс-тәсілдері

Абдикаримова Аягөз

Бастауыш сынып мұғалімі

№5 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі 

Жетісай қаласы,Мақтарал ауданы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазақстан

            Кунделікті өмір сан-салалы байланыстар мен қарым-қатынастарға толы.Егер осы байланыстарға ой көзімен қарап, талдап,саралап болсақ, олар адамдардың әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстауын, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау тәртібіне, яғни бір сөзбен айтқанда, әдеп «этикет» сыпайылық мәселелеріне әкеледі.

               Халыкымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген. Әрбір қазақ жанұясында жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандаса білу дағдысына тәрбиелейді.«Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын ал» –деп жатады ата-ана- Ондай кездерде үлкендер де баланың қол алуға деген ықыласын арттыра түседі-«Таудай бол», « Үлкен жігіт болып өс»,-деп баланың мерейін өсіріп тастайды.Осы тәлімді ұстанған  қазақ жұртында әдетте бірінші болып жасы кішілердің үлкендерге қол беру дағдысы қалыптасады.

                  Қорыта айтқанда сәлемдесу, амандасу  адамның әрбір  жан иелерінің бір-біріне ізет ,сый-құрмет көрсетуі.

                   Халқымыз ерте кезде-ақ әдепті жоғары бағалай білген.Қазақ ұлдар мен қыздарының да өне- бойынан  әдептілік қасиеттері байқалып тұрған.Қаракөз сұлулардың қолаң шашы  тобығына түсіп ,жүріс-тұрысы биязы,мінезі жайдары ,үлкенге кішіпейіл,кішіге мейірімді  болған ғой. Кімге болсада  қөнақжай ,сыпайы ,әдеппен жөн сұрасып ,мейманға төрін үсынған халықпыз.Халқымыз қыздарының ойы да көркем,бойы да көркем болуын  қалаған. Қызды әуел бастан-ақ ізеттілікке, ұқыптылыққа,іскерлікке ,сыпайлыққа тәрбиелегенде оған болашақ ана ретінде қараған. Қазақта бесік жайлы керемет ұлағатты  кісілердің аузынан шыққан  сөз. Тіпті  қазақ  деген атау  қалып-таспай      тұрып-ақ  көне эпостарда бесік  жыры мен  бесікке қатысты айтылған. Бесік жабарға:  шапан, кебенек, тон, жабу, ноқта  қамшы, кездік. Бұл этнографиялық заттардың  ырымдық орны бар.  Шапан қартайғанша аман бол десе, кебенек батырлыққа, тон,  жылылық пен  мейірімділікке, жабу ағайын  арасында  қайырымдылыққа , жүген  жылқы мінезділікке, байлыққа,  қамшы дос – қасты  айыруға  , пышақ жау жүректілікке себеп болсын  деп ырым етеді.

       Әл-Фарабидің : Адамға ең бірінші білім емес ,рухани тәрбие  берілдуі керек ,тәрбиесіз  берілген білім адамзаттың қас жауы ,    ол келекшекте оның барлық  өміріне апат әкеледі, деген  сөзі  сабақты ұйымдастырудағы басты мақсат –оқушының жан дүниесін түсіну екендігін  меңзейді .Қазіргі  заманғы балалардың писхикалық дамуы , ақыл-ой қабілетін ерте  жетілетіндігін ұмытпау керек. Балалардың  ойлау қабілетінің  қалыптасуы  олардың  жасына ғана  емес , басқа да шарттарға  байланысты  болады . Мектеп  жасындағы  балалардың  ойлауы , ең алдымен  оқытудың  мазмұны  мен  методикасына  баиланысты  қалыптасады. Бұған  дәлел –қазіргі   бастауыш  сыныптарда  берілетін  жаңа, күрделі  білім  мазмұны  оқушыларда теориялық ойлаудың  негізін қалыптастырып  отырғаны . Көрнекті совет психологы Л.С.Выготский айтқандай, оқыту баланың  дамуын ілгері қарай  жетектеуге , әсіресе оның  өздігінен ойлау  әрекетінің жоғары  сатыда  болуын  қамтамасыз етуге  тиісті . Теориялық ойлау –ойлаудың ең маңызды және  тиімді түрі . Ғылыми білімдерді  меңгеру  теориялық  ойлауды  керек етеді . Ғылымның  соңғы жаңа табыстары мен күрделі ұғымдарын түсіну , ең алдымен , ойлаудың осы түріне байланысты. Теориялық ойлау  тек  ересек адамдарға ғана  тән , төменгі сынып оқушыларының 7 -10 жастағы балалардың  теориялық  ойлауға  шамасы келмейді , олар тек нақты , практикалық ойлауға ғана  бейім деген пікір  дұрыс емес. Бала тәрбиелейтін адамның  бойынан жоғарыдағы  қасиеттердің бәрін  баланың бойына дарыта алатын болашақ ұрпағымызды ақылды , артына бір рулы елін ерткен асыл қадірлі адам етіп тәрбиелейтін  де осы қыздар , болашақ аналар, әйел заты  болғандықтан  болар  жас кезінен  бастап  жақсы мінез-құлыққа баулып өсіреді . Қызға қырық үйден тыю дейді халқымыз. Сол қырықтың  біріншісі-бесігің ,үйің  алтын  босағаң. Олай болса , қыз баланың тәрбиесі де осылардан  басталады, ол ең алдымен анаға  байланысты . « Шешесін көріп  қызын ал, аяғын көріп асын іш»,-деген мақал тегін айтылмаған .

                    Платонның «ұл тәрбиелеп  отырып , жер иесін тәрбиелейміз , қызды тәрбиелей отырып , ұлтты тәрбиелейміз» деген  қанатты сөзіне біздің халық  қашан да лайық болған сияқты. От басындағы  тазалық, имандылық, ынтымақ  арқылы  салиқалы –салдарлы  ұрпақ тәрбиеленеді .

                     Халқымыз өзінің бүгінгі  өмірге  деиін  талай  замандық шым-шытырық  оқиғалардың  сәулесін  бойына  сіңіріп, небір  асу-қия бел-белестерден өткен. Талапты да , талантты халық қанатты сөзді қашанда қастерлеген .

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения