Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
03.05.2016
0
266
0

Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

Кобеева Каршыга Омирзаковна

Бастауыш сынып мұғалімі 

Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі 

Мақтарал ауданы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазақстан

Мақсаты:

Адам бойындағы жағымды – жағымсыз қылықтарды ажыратып, оған өз көзқарасын, ойын айтуға үйрету.Аңыз жанрының ерекшелігін талдай отырып, ондағы көркемдегіш құралдар арқылы оқушының сөздік қорын, тіл байлығын кеңейту.Аңыздың негізгі идеясын ашу арқылы баланы адамгершілікке баулу. Алдар көсе мультфильм желісі арқылы көрсету.

Баланы өз ойын еркін айтуға, шығармашылық қасиетін дамытуға, сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Сыни тұрғыдан ойлап, шешім қабылдауды үйренеді .Ертегі кейіпкерлеріне қарап әңгіме  құрастыру, өз ойларын ашық айта білуі. Бұрын білген мәліметтеріне қосымша мағлұмат алып, тапсырма барысында қолдануы және жаңа тәсілдер арқылы білімді тереңінен меңгеруі.

Әдіс – тәсілдер

СТО.   Джигсо әдісі (ынтымақтасып жұмыс істеу).   Ойын: «Ойларың ұшқыр болсын!»

Суретпен жұмыс .  Сұрақ – жауап.   Инсерт әдісі

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Дереккөздер

 

3 – мин

І Ұйымдастыру кезеңі

Топтастыру. Аңыз кейіпкерлерінің аты жазылған түрлі – түсті қағаздар таратылады.Алдаркөсе, Жиренше, Қожанасыр

Балалар 3 – топқа бөлінеді.

1 – топ  Алдаркөсе

2 – топ  Жиренше  

3 – топ  Қожанасыр

 

 

Интернет желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

 

Постер қорғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – мин

ІІ Мағынаны ашу. Алғышарттар

1 – топ

Аңыз деген не?

 

2 – топ

Басты кейіпкерлері кімдер?

 

3 – топ

Ерекшелігі неде?

    Аңыз көбінесе тарихта  болған адамның басына құрылатын шығарма. Аңыз әңгімеде өмірде шын болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял – ғажайып оқиғалар араласып келеді. Қазақ аңыздарында Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт сияқты ерекше жандар мен Алдаркөсе сияқты ел ішінен шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар айтылады.

 

Аңызда

Кейіпкерлері

Ерекшелігі

Тарихта болған адамдардың іс – әрекеті баяндалады.

Асанқайғы,

Қорқыт,

Жиренше,

Қожанасыр,

Алдаркөсе

Шындық пен қиял – ғажайып оқиға араласып келеді.

10 – мин

ІІІ Жаңа сабақ .  Джигсо әдісі

Алдар көсе қонаққа келеді. (мультфильм желісі арқылы көрсету)

Балалар Алдар көсе қандай адам деп ойлайсыңдар?

Алдар жөнінде ел аузында айтылатын күлдіргі аңыздың бірі – Шықбермес Шығайбайды алдауы.

Әр топқа аңызды бөліктерге бөліп жазылған парақша таратамын. Оқып болған соң, топ ішінде бір – біріне айтады. Сонан соң бүкіл сыныпқа әр топтан бір оқушы шығып, өз оқыған бөлігін мазмұндап шығады. 

 

Кейіпкерге мінездеме береді.

 

 

 

 

Аңыздың мазмұнымен барлық оқушы танысып шығады

7 – мин

ІV Ой – қозғау. Диалог құру.

Топтық жұмыс 

1 – топ диалогтық әңгіме құру.

Алдар Шығайбайдың үйіне келгенде, жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін табу.

Шығайбай отбасының әрекетінен нені байқадыңдар және өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

2 – топ Аңызға жоспар құру.

 Алдардың Шығайбайды неше рет және қалай алдағанын табу.

 Алдаркөсе Шығайбайды бірнеше алдаған кезде алдына қандай мақсат қойды?

3 – топ Эссе жазу

«Егер мен Шығайбай болсам, не істер едім?» өзін кейіпкерлердің орнына қойып, эссе жазу.

1 Жыланның жуандығы қандай? – Байдың тығып қойған қазысындай.

Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай? – Бәйбіше астындағы қойдың басындай.

Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді? – Тоқал астындағы қамырдай.

Сақалының жұлынғанын неге теңейді? – Қызы тығып қойған тырнаның жүніндей.

2 Жабықтан сығалауы

Ет орнына тулақ турап қоюы.

Ыстық нанды алдап алуы.

Торсықты алдап алуы

Атқа бор жағып қоюы.

 

3 Эссе жазады.

 

5  – мин

V  Қызығушылықты ояту.  

Ойын: «Ойларың ұшқыр болсын»

Мультфильм желісі арқылы көрсетіледі.

 

Дарынды балаларды табу мақсатында ойнатылады. Алдаркөсе тапсырмасы:  Суреттен бес айырмашылықты таба білу.

Өзін – өзі бағалай білуі.

Суретте он айырмашылық бар

 

 

 

Суретен бес айырмашылықты таба білу. Он айырмашылықты таба білген оқушы дарынды бала атанады.

7– мин

VІ Суретпен жұмыс.Постер қорғау

Тапсырма. Мультфильм желісі арқылы көрсетіледі.

Алдар Көсенің көңілді оқиғаларындағы суреттерді  үлестіріп бояп, сурет арқылы аңыз әңгімелер құрастыру 

 

Сергіту сәті:

 Балалар жауабы тыңдалады

 

 

5 – мин

VІІ  Сабақты бекіту .Сұрақ – жауап

Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма?

Алдаркөсе мен Шығайбай әрекетіне баға беріп, «Егер мен оның орнында болсам...» деген ойды әрбір бала өз ойымен толықтырады. Топ өз жұмыстарына баға береді.

 

Балалар сұрақтараға жауап бере отырып, «Егер мен оның орнында болсам...» деген ойды әрбір бала өз ойымен толықтырады.

 

 

3 – мин 

VІІІ  Сабақты қорытындылау:

Инсерт әдісі

Білдім

 

Білгім келеді

 

Үйрендім

 

 

Үйге тапсырма :

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

 

2 – мин 

Кері байланыс: Оқушылар бүгінгі сабақтан нені орындай алмағанын , нені толық түсінбегенін және  өздерінің ұсыныс – пікірлерін , көңіл – күйлерін стикерге жазады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения