Куеубаева Саягуль Назарбековна
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Көкпекті ауданы Мамай ауылы
24.04.2016
0
505
4

Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында әдістемелік қызметтің ерекшеліктері

     Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.

  Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.

Бұл мәселе неден туындап отыр?  «Бұрынғының айтқаны дәл келеді»-демекші, ертегі, батырлар жырында Алпамыс батыр минут сайын, сағат сайын өскен сияқты қазіргі заман, қоғам минут, сағат сайын дамуда. «Сондықтан заманына сай баласы»-демекші, әр адам қоғаммен бірге даму қажет. «Бұрынғы білім жақсы еді» –деп отыра беруге келмейді. Бұрынғы заман мен қазіргі заманды салыстыру мүмкін емес. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті, өз ойын айта-алатын, қарым-қатынас жасай алатын, алған білімін өмірде қолдана білетін тұлғаның қажеттігі туындауда. Сондықтан да елбасымыз  Н.Назарбаев­ негізгі өзекті мәселелердің бірі бі­лім беру жүйесін жаңаша­ландыру қажеттігін атап беріп отыр.

  Орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру қажеттігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасында айқындалып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты. Бұл қазіргі басымдықтарды ескеретін жаңа білім стандартын, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, оларды жүзеге асырудың бағыттарын айқындайтын әдістемелік қызметті жаңарту  қажеттігін анықтайды.  Сондай-ақ ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылдың 13 қаңтарындағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұнын жаңарту, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту міндеттері белгіленіп отыр.

  Функционалдық сауаттылық білім берудегі жаңа басымдықтарды айқындайды: алынған білімді өмірден практика жүзінде қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің көзқарасын негіздей білуді қалыптастырады.Жеке тұлғаның функционалдық сапаларын белсенділік, шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдай білу, өмірде өзін-өзі дамытып іске асыра білуді қалыптастырады.

  Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім беру жүйесін жаңартуға ерекше көңіл бөлінген болатын. Мұндағыбілімберужүйесінжаңартушарттары:

  • біріншіден, оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;
  • екіншіден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;
  • үшіншіден, педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
  • төртіншіден, педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен жоо мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;
  • бесіншіден, аймақтарда педагогтардың біліктілігін арттырудың кіріктірілген орталықтарын құру.

  Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады. Бұдан басқа білім беруді жаңарту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды. Сондықтан болар, білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруде, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда әдістемелік қызметті қайта қалыптастырып, оған қойылатын талаптарға сай бағыттауда әдістемелік қызметті үйлестірушілерге зор міндеттер жүктеледі. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мектеп мұғалімінің педагогикалық шығармашылық еркіндігіне мүмкіндік берді. Мектептің дамуы үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет.

    ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтары:

  • білім сапасын арттыру;
  • жаратылыстану-математикалық, техникалық пәндерді, шет тілдерді оқыту сапасын жақсарту;
  • білімде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру;
  • мұғалімдер мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру;
  • біліктілікті үздіксіз арттыру және адамның бүкіл өмірінде білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін инновациялық қоғам қалыптастыру;
  • өмір бойы оқу жүйесін дамыту;

     Әдістемелік қызметті қайта құруда білім мазмұнының жаңаруы, білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «Баршаға білім беруден – таңдау бойынша білім беруге», «Жалпыға білім беру» қағидасынан «Әр адамға сұранысына қарай білім беру» қағидасына көшкені басшылыққа алынады.

  Әдістемелік қызметтің негізгі мақсаты – ғылымилық, кешенділік, нақтылық, жүйелілік, өзектілік, қажеттілік принциптері негізінде білім беру ұйымының  білімдік және әдістемелік жүйесінің даму стратегиясын анықтау болып табылады.  

      Аманкелді атындағы орта мектебі 2014-2015 оқу жылынан бастап «Оқытудағы жаңа технологияларды қолдана отырып білім беру сапасын арттыру» тақырыбында жұмыс істеп келеміз. Аманкелді атындағы орта мектепте 68 оқушы білім алып, тәрбиеленуде. 19 мұғалім 2 тәрбиеші 1 психолог, 1 кітапханашы қызмет атқаруда.   .

Ел Президенті Н.Назарбаев­ кө­терген негізгі өзекті мәселелердің бірі бі­лім беру жүйесін жаңаша­ландыру. Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстың нәтижесінде мұғалім білім мазмұнын жаңартады. Бұрынғы дәстүрлі іс шаралар артта қалып, әдістемелік қызмет те басқа сипатқа ене бастады. Ғылыми-әдістемелік жұмыс шығармашылық сипатта жүзеге асуда. Әдістемелік қызмет мұғалімдерге қажетті мотивациялық, мазмұндық  және процессуалдық компоненттерді  дамытуға бағытталған.. Жаңа білім мазмұнына сәйкес ғылыми-әдістемелік жұмысты 4 модуль арқылы жүзеге асырудамыз.

1) ғылыми зерттеулер мен эксперименттік жұмыстар

  • вариативті және авторлық бағдамаларды әзірлеу, сынақтан өткізу;
  • рецензиялау;
  • зерттеу мәселелеріне сәйкес теориялық мәселелерді талдау;
  • ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу;

2) әдістемелік құжаттардың әзірлемесі:

  • бағдарламалар мен оқу жоспарлары;
  • әдістемелік нұсқаулар;
  • сауалнамалар;
  • ережелер (байқаулар, конкурстар, көрмелер, шығармашылық жұмыстар және т.б. туралы);
  • диагностикалау әдістемесі.

3) мұғалімдердің біліктілігін арттыру:

  • әдістемелік тақырыптары бойынша жұмыстары;
  • проблемалақ семинарлар;
  • біліктілікті арттыру курстары
  • дөңгелек үстелдер;
  • жеке консультациялар;
  • авторлық семинарлар;
  • ашық сабақтар;
  • өзара сабаққа қатысу;
  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс;
  • педагогикалық шеберлік конкурстарына қатысу («Жыл мұғалімі», «Үздік әдіскер» т.б.)
  • тәлімгерлік.

4) инновациялық педагогикалық тәжірибелерді табу, зерттеу, жинақтау және тарату:

  • шығармашылық топтардағы жұмыстар;
  • шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандардың материалдарын немесе инновациялық қызметіндегі өз тәжірибесін жүйелеу және жинақтау;
  • зерттеу нәтижелерін рәсімдеу (баяндама, жинақ, мақала, монография, көрнекі материал);
  • презентация, оқу үрдісіне инновациялық жаңашылдық ендіру және тарату;
  • шеберлік сыныптары;
  • педагогикалық шеберхана;
  • педагогикалық кеңестерде баяндамалар жасау;
  • республиканың қалалары мен аудандарына семинарлар ұйымдастыру;
  • педагогикалық лекторийлар;
  • әдістемелік күндер өткізу

    

 

  Әдістемелік қызмет жұмысы төменде берілген топтар арқылы жүзеге асады.

 

 

Гуманитарлық бірлестік               Политехникалық            бастауыш сыныптар бірлестігі

 

               «Жас мұғалімдер»мектебі                    шығармашылық топтар

                              

                                                  Кәсіби қоғамдастығы

Осы аталған шығармашылық топтардың бірлесіп жұмыс жүргізуінің нәтижесінде  білім беру жүйесін жаңартуға байланысты біздің мектепте де көптеген жұмыстар атқарылуда.

 

Функционалдық сауаттылықты дамыту                            деңгейлік  бағдарлама идеясы

 бағдарламасын                                                                    тәжірибеге енгізілуде

жүзеге асыруға байланысты

 жұмыстар жүргізілуде

                                                          

                                                              Білім беру жүйесін жаңарту

 

Көптілділікті дамытуға3 жылдық                    мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарына

 іс-шара жоспары жасалды                                     жіберілуде

 

     Біліктілікті арттыруға байланысты жүргізілген жұмыстар:

     2014-2015 жылдар аралығында 19 мұғалімнен 2 мұғалім І деңгейлік бағдарлама бойынша   шеберлік педагогикалық орталығынан, 1 мұғалім ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан өтті. Ал 10 мұғалім жаңа деңгейлік курс бағдарламалары негізінде әзірленген қысқа мерзімді курстардан өтті. Алдағы уақытта  2 мұғалім ІІ деңгей, 3 мұғалімді ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша 12 мұғалімді пән бойынша  қысқа мерзімді курстарға жіберу көзделуде.

        2015-2016 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы бойынша көптілділікті дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында мектепте іс-шара жоспары құрылды. 2015-2016 оқу жылы ағылшын тілі пәніне вариатив компонент есебінен 1-3-сыныптарға 2 сағат, 4-сыныпқа 1сағат, 5-9-сыныпқа  2сағат, 10,11-сыныпқа 1сағаттан берілді.Әр ай сайын әкімшілік тарапынан ағылшын, орыс тілінің берілу сапасы тексеріліп отырады. Орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдерін біліктілікті арттыру курстарына жіберу жоспарда тұр. 2016-2017 оқу жылы ағылшын, орыс тілі пәнінен аудандық семинар ұйымдастыру белгіленіп отыр. Жыл соңында оқушылардың орыс тілі, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын тексеру жоспарға қойылған. Осы жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың ағылшын, орыс тілдерінде өз ойларын жеткізе алатын дәрежеге жетеді деп ойлаймын.

         2013-2015 оқу жылдарында Аманкелді атындағы орта мектебінен 3 мұғалім І,ІІІ деңгей бойынша деңгейлік курсқа барды. Сертификатталған мұғалімдер бірігіп, мектепте «Ізденіс»кәсіби қоғамдастығын құрып, деңгейлік бағдарлама идеясын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіп кетті. Сертификатталған мұғалімдер мектеп тәжірибесіне коучинг, лессон стади әдістерін енгізіп, мұғалімдерге 7 модульді жан-жақты түсінуіне ықпал етті.

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға болатынын тәжірибеде дәлелдеп берді.

     Әдістемелік жұмыстар қатып қалған бұрынғы формада емес, мұғалімдер өз жұмыстарына  коучинг, шебер сынып арқылы яғни әртүрлі әдістер арқылы жүргізе бастады. Тіпті ата-аналар жиналысы да коучинг түрінде өткізіліп, ата-аналар тарапынан алғыс алды. Мұғалімдерде өзгеріс ұшқынының пайда болғаны байқала басталды. Сабақтарында коучингте көрген 7 модульді толық қолданбаса да стратегияларын қолдана бастады. Сертификатталған мұғалімдердің сабағында оқушылар белсенділік таныта бастады. Өз ойларын еркін айта білуге дағдылана бастағаны байқалды. 2015-2016 оқу жылында өткен ашық сабақтарда 7 модуль әдісі тиімді қолданылды. Сабақтар жаңа мазмұнда беріле бастады.

     Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім сапасы  2%-ға артты.2014-2015 оқу жылында білім сапасы-60%, 2015-2016 оқужылы І жартыжылдық 62%.

      Осыдан 2жыл бұрын мұғалімдерді конкурстарға қатыстыру өте қиын болатын. Қазір мұғалімдер өздіктерінен конкурс, ғылыми жоба, сайыстарға белсенділікпен қатысады. Өздерінің кәсіби шеберліктерін көтеруге атсалысады. Интернетте, компьютерде  жұмыс істеуді қазіргі уақытта жақсы меңгеріп алды. 4 айдың ішінде 7 мұғалім қашықтықтан өткен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өз іс тәжірибелерін баспаға жариялауда да белсенділік танытып отыр.

       Дарынды оқушымен жұмысты да мұғалімдер жандандыра түсті.  28 оқушы облыстық, республикалық, халықаралық конкурс, олимпиада, ғылыми жоба сайыстарына белсенділікпен  қатысып, жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие болды.

      Аманкелді атындағы орта мектебінде жүргізілген әдістемелік жұмыстар білім беру мазмұнының жаңартуға өз үлесін тигізуге ықпал етуде. Әдістемелік жұмысты жандандыратын-мұғалім .

     Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

  Ендеше, бүгінгі таңда бүкіл адамзат қоғамының ХХІ ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, зияткер тұлғаны қалыптастыру – жаңа Қазақстанның алдына тұрған басты міндет. Еліміз артып отырған осы міндет қаншама ауыр әрі қиындыққа толы болса да әрбір ағаштың жеміс беретініне сенемін.

      Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.

  Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.

Бұл мәселе неден туындап отыр?  «Бұрынғының айтқаны дәл келеді»-демекші, ертегі, батырлар жырында Алпамыс батыр минут сайын, сағат сайын өскен сияқты қазіргі заман, қоғам минут, сағат сайын дамуда. «Сондықтан заманына сай баласы»-демекші, әр адам қоғаммен бірге даму қажет. «Бұрынғы білім жақсы еді» –деп отыра беруге келмейді. Бұрынғы заман мен қазіргі заманды салыстыру мүмкін емес. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті, өз ойын айта-алатын, қарым-қатынас жасай алатын, алған білімін өмірде қолдана білетін тұлғаның қажеттігі туындауда. Сондықтан да елбасымыз  Н.Назарбаев­ негізгі өзекті мәселелердің бірі бі­лім беру жүйесін жаңаша­ландыру қажеттігін атап беріп отыр.

  Орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру қажеттігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасында айқындалып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты. Бұл қазіргі басымдықтарды ескеретін жаңа білім стандартын, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, оларды жүзеге асырудың бағыттарын айқындайтын әдістемелік қызметті жаңарту  қажеттігін анықтайды.  Сондай-ақ ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылдың 13 қаңтарындағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұнын жаңарту, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту міндеттері белгіленіп отыр.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения