Гульжан Семгалиева
Должность:Учитель технологии
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Батыс Қазақстан обласы Сырым ауданы Тоғанас ауылы
20.04.2016
0
285
0

Ашық сабақ технология пәнінен "Алжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер."





13 сабақ-6 сынып-3.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Алжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алжапқыштың қажеттілігі туралы түсінік беру.Алжапқыш тігу үшін бірінші өлшем алуды үйрету.Сарамандық жұмыс жүргізу, өлшем алу.

Сабақтың көрнекілігі: алжапқыштардың эскиздері,үлгі, сантиметрлік таспа, инструкциялық карта, слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдасыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Машина инесі қандай жұмыс атқарады?

Жауабы: Машина инесі – машинаның ең маңызды жүмыс органдардың бірі. Иненің негізгі өызметі – тігім жүргізу.

-Машина инесінің құрылысы қандай?

Жауабы: Жуан жағы колба,оқтама(стержень),ұзын науашық(длинный желобок),көз,ұшы,колбаның жазық жағы және дөнес жағы бар, қысқа науашық(короткий желобок)

-Машина тігісінің сапасы неге байланысты?

Жауабы:Сапасыз ине тігін машинасында ақау туғызуы мүмкін. Ине тігу жұмысының маңызды құралы.

ІII.Жаңа сабақты түсіндіру

Киім- пайдалануына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады.Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан , әрі ас әзірлегенде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет.Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын,тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы-шыттан,зығыр матадан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі,сырт көрінісі тартымды келеді. Киім тігерден бұрын алдымен қандай киім тігуді орналастыру керек.Содан кейін таңдаған киімді қандай сән үлгісімен тігетінді, соған лайық мата түрін таңдау қажет. Таңдаған матаның тігетін бұйымға өрнегі, түсі үйлесімді , сәйкес болуын естен шығармаған жөн. Осы кезде бұйымға қандай сәндік жұмыстар жүргізуді ойластырған жөн.

Сергету сәті.

*Көзді жұмып 30 секунтқа, сосын ашамыз.

*5-6 рет қайталаймыз.

*Көзді жоғары- төмен, оңға-солға қаратамыз. Басты қозғалтпай.

*Көздің қарашағын айналдырамыз оінан-солға, жоғары-төмен.

 

Алжапқыш өлшемін алу  (Слайд)

Алжапқыш тікпес бұрын оның сызбасын құрастырып, үлгі дайындайды. Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігін сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескру қажет: өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді, белін алдын-ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тік тұруы керек. Өлшемдерді сантиметрлік таспамен түсіреді. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға болмады. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады. Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады

Алжапқышты құрастыру үшін келесі өлшем бірліктерді түсіреді:

Құ- кеуденің ұзындығы. Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін түсіреді.

Тбұ-төменгі бөлшек ұзындығы. Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.

Жба-жартылай бел айналымы. Көлденең денені бел сызығынан айналдыра түсіреді. Өлшем белдіктің ұзындығын анықтау үшін қолданылады.

Ж бөк.а-жартылай бөксе айналымы.Бөксені көлденеңінен айналдыра түсіреді. Өлшем алжапқыштың төменгі бөлігінің енін анықтау үшін қолданылады.

Сарамандық жұмыс.

Қыздар бір бірінін өлшемін алады және жазады.

Қорытынды: Сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру  мақсатында сұрақтар қою.

 

Үйге тапсырма: ₰18,19  Өздері ұсынатын алжапқыш эскизін салу 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения