Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
13.03.2013
0
2286
0

Нәтиже сабақ

Аимаханова Кулзира Кушербаевна

Учитель Казахского языка и литературы

Средней школы №198

Республика Казахстан

город Кызылорда

Сабақтың тақырыбы:

 Нәтиже сабақ

Сабақтың міндеттері: «Менің мектебім», «Сөйлем түрлері», «Мектеп кітапханасы»тақырыптары бойынша алған білімдерін нәтижелеу, жүйелеу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: «Мектеп өмірі» модулі бойынша өткенді қайталап, алған білімдерін бекіту, іс – жүзінде қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық:оқушылардың ой - өрісін, білім деңгейін, таным белсенділігін жетілдіру, тілін дамыту.

3.Тәрбиелік:мектепке, қоршаған ортасына, қазақ тілі пәніне сүіспеншілігін тәрбиелеу.Мемлекеттік тілді үйренуге баулу.

Сабақтың түрі:нәтиже сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, топтық диалог, топтық жұмыс, сөзжұмбақ, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

  І.Ұйымдастыру кезеңі.

        1.Сәлемдесу.

        2.Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев                                         Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов  

 

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны

Еліме қарашы.

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген қазағым мықты ғой.

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің-Қазақстаным.

 

Ұрпаққа жол ашқан

Кең-байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы: Менің елім, менің елім,

                      Гүлің болып егілемін.

                      Жырың болып төгілемін, елім,

                      Туған жерім менің-Қазақстаным.

                                                                                                                            3.Қызығушылық ояту.Алфавиттік жұмбақтар.

 Қазір сендердің алдарыңа жұмбақтар беріледі,бірақ осы жұмбақтардың ерекшелігі – шешуі тек бір ғана әріп болады.Қандай әріп екенін табыңдар.

 

-Осы тапқан әріптерден қандай сөз шығады?

-Нәтиже.

-Жақсы. Бүгінгі сабағымыз - нәтиже сабақ.Дәптерлеріңе бүгінгі күнді, тақы- рыпты  жазып алыңдар.

   ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына екі топқа да диалог құрастыру берілген болатын.Бірінші топқа «Мектепте» ,екінші топқа «Кітапханада» тақырыптары берілді. Тыңдайық.

   ІІІ.Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау.

Біз бүгін сіздермен «Мектеп өмірі» модулінен өткенді қайталап, алған білімімізді бекітіп, іс – жүзінде қолдана білуге үйренеміз, жаттығамыз.

-Жұмыс топтық түрде жүреді.

Сабақтың жоспары:

1.Бәйге.

2. «Полиглот» ойыны.

3.Сөйлем құрастыру.

4.Сөздің көркі – мақал.

5.Өзіңді сынап көр.

6.Жұмбақ айтыс.

7.Септік шаһарында.

8.Тіл – қатынас құралы.

9.Сөз шебері.

10. «Сөйлемдердің кездесуі» көрінісі.

 

Ескерту:Мұнда әр топтың алдында сандықша тұрады. Сол сандықшаға сайыста жеңген топқа бір жұлдызшадан салынып тұрады. Соңында жеңімпаз топты сол жұлдызшалар арқылы анықтаймыз.

-Жақсы, енді сайыс сабағымызды бастайық.

 

І сайыс. «Бәйге».

 Бұл сайыстың ерекшелігі - әр топқа жеті сұрақтан қойылады.Топ мүшелері сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берулері керек.

 

 

                               Сұрақтарға жауап бер.

                                          І – топ .

 

1.Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері қандай болады ?

2.”Мұғалім” сөзіне синоним табыңдар.    

3.Сөз тіркесі дегеніміз не ?

4.Оқушылар кітапханаға не үшін барады?

5. 22 – қыркүйек қандай мереке?

6.Қай жылы қалаға Қызылорда аты берілді?

7.Бұйрықты сөйлемге мысал келтір.

 

                                         ІІ – топ.

1.Сөз дегеніміз не ?

2.Күздің бірінші айын атаңдар.

3.Қызылорданың алғашқы аты.

4.Сөйлем дегеніміз не ?

5. “Алғашқы” сөзіне антоним табыңдар.

6.Мектеп кітапханасы нешінші қабатта орналасқан ?

7.Сынып жетекшілеріңнің аты – жөні.

 

ІІ сайыс. «Полиглот».

 Берілген жұмбақтардың шешуін тауып, оларды үш тілде айту; қазақ, орыс, ағылшын.

                   І – топ.

 

1.Қабат – қабат қаттама,

   Ақылың болса аттама.

 

 2.Білімнің дәнін тереді,

   Балаға тәлім береді.

 

 3.Тарыдай болып кіресің,

   Таудай болып шығасың.

 

                                          ІІ – топ.

 

   1.Бір санға өсірді,

      Өзі қалып орнында

      Бізді алға көшірді.

 

   2.Бір қарыс таяқ алдым,

      Алдым да, жұмысқа салдым.

 

   3.Өзім сөзден тұрамын,

      Аяқтаған ойды құрамын.

 

ІІІ сайыс.Сөйлем құрастыру.

     Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау.Сөйлемнің түрін ажырату.

 

                                          І – топ.

  Жазушыларының,біздің,қазақ,көп,шығармалары,кітапханамызда.

 

                                          ІІ – топ.

 Басқа,қазақ,қандай,тілінен,оқисыңдар,тілдерді.

 

ІV сайыс.Сөздің көркі – мақал.

 Қазақ халқы – сөзге шешен, дана халық.Қазақ тілінде жақсы, әсем, көркем сөйлеп, өз ойларымызды жеткізуде мақал – мәтелдердің пайдасы зор екенін білдік, ал енді кітап, білім, тіл, оқу туралы мақал – мәтелдерді еске түсіре отырып, жарысайық.

 

V сайыс.Өзіңді сынап көр.      

                          Фонетикалық талдау жасау.

І – топ. Оқытушы.                         ІІ – топ. Мұғалім.

VІ сайыс.Жұмбақ айтыс.

Бұл сайыстың шарты бойынша, екі топ жұмбақ айту арқылы жарысқа түседі.

 

VІІ сайыс.Септік шаһарында.

                                  Берілген сөздерді септеу.

 

    І – топ.Оқырман.                 ІІ –топ.Жаттықтырушы.

 

VІІІ сайыс.Тіл – қатынас құралы.  

      Шым – шытырық сөздерден дұрыс сөз құра.

      

       І – топ.                                   ІІ – топ.

   

    ждатақубыл                        сутарылаут 

    шарағым                             жерүнакй  

    тімәл                                     қапақ

    газүрл                                   буқайа

    нікәз                                      жуяа

 

ІX сайыс.Сөз шебері.

 

“Мектепішілік” сөзінен бірнеше басқа сөздер  шығару.

 

ІV. «Сөйлемдердің  кездесуі» көрінісі.

 Балалардың дайындап келген көрінісін тамашалайық.

 

V. Сабақтың  қорытындысы. Рефлексия.

  -Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Сендер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

 Әр топтың жұлдызшалары саналып, жеңімпаз топ анықталады.

 

VІ.Үйге тапсырма беру:ережені, сөздерді қайталау. 

 

Скачать

ntizhe-saba.mektep-mr-aimahanova-k.k..doc [89 Kb] (cкачиваний: 58)

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения