Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.04.2016
0
192
1

Урок казахского языка в 10 классе на тему «Үш жүздің ардақты әншісі Біржан сал Қожағұлұлы.»

Бажирова Кулян,

учитель казахского языка и казахской литературы

в Атырауской Национальной гимназии для одарённых детей в г.Атырау,

Атырауской области,Казахстан

Мақсаты

Білімділік:  халқымыздың ән өнерінде өзіндік ерекше орын қалдырған Біржанның өмірі мен шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету әрі білімдерін кеңейту;

 

Дамытушылық : - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, алған білімдерін жинақтау әрі зерттей білуге үйрету. Өз ойларын шебер жеткізе білуге дағдыландыру.

 

Тәрбиелік: - өнерді бағалауға, сұлулықты тамашалай отырып, имандылық пен адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтиже

Біржан сал өмірі, шығармашылығы, әндері туралы тың деректерді меңгеру

Түрі

Өздігінен іздену, білімдерін жинақтау.

Әдісі

Әдіс – тәсілі: оқу, жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Көрнекілігі

Тақта, бор, карта презинтация, музыка.

Пәнаралық

байланыс

Қазақ тілі, әдебиет, тарих.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Сәлемдесу

Сабаққа қатысты тексеру

Үй тапсырмасын сұрау

Амандасу

Сынып тазалығы

Үй тапсырмасына дайындығы

Үй тапсырмасын

сұрау

Сегіз сері шығармашылығы

1.Сал сері мағынасын түсіндір

2.Сегіз сері дегеніміз кімдер? т.б.

 

Жаңа сабақ

Сабақ басталмастан бұрын сабағымызға қонақ шақырып (Оқушы) “Ләйлім шырақ” әнін орындап беруін сұраймыз. Ән орындалады

 

Қызығушылықты ояту.

 

Ой шақыру

Кімнің әні орындалды?

 

Сұрақтар:

Біржан кім?

Қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

 

Топтастыру.

кербез Асқақ үнді ғажайып әнші

сал-сері, ақын, өнерпаз домбырашы, сазгер

 

Картамен  жұмыс:

Біржанның жүріп өткен жерлерін картамен көрсету.

 

Мағынаны тану. Джиксо. Кестені толтырмас бұрын “Ләйлім шырақ”, “Жанбота”, “Ақ тентек”, “Ғашығым”, “Жанбас сипар” өлеңдерін оқып, шығу тарихына тоқталу.

 

Топпен жұмыс:

Өлеңдеріне сатылай кешенді талдау

Ой-толғаныс. Біржан және оның өмір сүрген ортасы жайында оқушылар ой толғайды. Ғалымдар пікірін, өз ойларын ортаға салады.

Еркін жауап.

Оқушылар Біржанның өздері ұнатқан өлеңдерін жатқа айтады.

Біржан әнін тыңдау.

 

Біржанды сөз еткенде, қазақтың айтыс өнері жайында айтып кетпеу мүмкін емес. Біржан айтыскер ақын.

 

Оқушылар айтыстың неше түрлері бар?

Айтыстың түрлері

Ақындар айтысы

Жұмбақ

Салт

Жар-жар

Бәдік

Қыз бен жігіт

 

“Біржан мен Сара” айтысын жазған кім?

Оқушы Біржан мен Сара айтысына тоқталады

 

Деректі фильмнен үзінді көру (Біржан сал туралы)

 

Сұхбаттық тест

Біржан бейнесі өзіңе ұнады ма?

Біржан сынға салған адам бойындағы қасиеттер.

Біржан өлеңдерін оқи отырып, өзіңе не түйдің?

Қай өлеңі ұнады? неге?

 

Дәптермен жұмыс: Бес жолдан тұратын қорытынды

Зат есім: Біржан

Сын есім: Өнерлі ақын

Етістік: жырларды, сынады, сал – серілік құрды.

Сезіну: Біржан – қазақ өнерінің шамшырағы

Синоним: Сазгер, бұлбұл, шешен, ақын, сал – сері

 

Сабақты қорытындылау: Біржан салдың “Жанбота” әнін топпен орындау

 

Сабақты бекіту:

Оқушыны бағалау

Жаңа сабақты пысықтау

Жаңа сабақтан алған әсерлеріңіз қандай?

Біржан салдың қандай әндерімен таныстық?

Деректі фильм ұнады ма? (Біржан сал туралы)

 

Үй тапсырмасын беру: Біржан сал әндері туралы эссе жазу.

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения