Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.04.2016
0
168
0

Урок в 7 классе на тему «Абай қара сөздеріндегі даналық дариясы»





Сапиева Айжан Матжанқызы,

учитель казахского языка и литературы в Атырауской областной национальной гимназии для одаренных детей г.Атырау,

Атырауская область,Казахстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кемел ойын келісті өлең өрнегіне салып кестелеп, қиыннан қиыстырып берген «ер данасының» ішкі қоймасына жол табар қара сөздерінің мәнін, терең танымын зерделету

Тәрбиелік:Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен тәрбиесін оқушы бойына сіңіру, ұлы гуманистің рухани қазынасынан нәр алған ұрпақ тәрбиелеу

 Дамытушылық:Түйінді ой айта білуге, өзіндік қорытынды пікір қалыптастыруға жетелеу, шығармашылық ізденісін арттыру

Сабақтың типі:Практикалық сабақ

Сабақтың түрі:Шығармашылық ізденіс сабағы

Сабақта қолданылатын технологиялар мен  әдіс-тәсілдер: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан  ойлауды дамыту, сатылай кешенді талдау технологиясы, сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, топтық шығармашылық  жұмыс, талдау, бейнесюжет.

Сабақтың көрнекіліктері: Интербелсенді тақта, электрондық оқулық, , оқулық мәтіндері, кесте, слайд презентация , бейне жазба

Сабақтың басты ұстанымы:

«Ынталы жүрек  сезген сөз бар тамырды қуалайды»

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

І. Қызығушылықты ояту

«Естіген нәрсені ұмытпастыққа  төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек »

ІІ. Ой шақыру

«... Абай қара сөздерінде, өлеңдерінде айтылған ойларын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қара сөзінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар қарапайым, жеңіл, оңай ұғымдармен қайтадан айтылады»,- дейді  М.Әуезов.

Абайдың өнеге мен тағылымға толы лирикалық шығармаларындағы айтар ойын қара сөздерімен жеткізген ой иірімдеріне көз жіберу- бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты.

ІІІ. Мағынаны тану

Ғұмырының сан алуан соқпағында «алысып», «тартысып», «жұлысып», «айтысып», уақытын халқының келешгіне арнаған ұлы ақын Абай ұлттың намыс туын қолдан түсірмей, «Мен өзім – қазақпын» деген сөзді қастерлеп, бойтұмарына отты поэзияның ұшқынын байлаған жан.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ оны да ойла», - деп ұлы ақын бүкіл қазаққа ой тастап, таудан да биік, теңізден де тұңғиық барлық құпия сырын ішке түйсе, енді бірде

«Ызалы жүрек, долы қол

Улы сия, ащы тіл,

Не жазып кетсе, жайы сол,

Жек көрсең де өзің біл»,-деп ақтарыла ақиқатты жайып  салған Абайдың сөз оралымдарын түсіну, зерттеу біздің мақсатымыз.

Сабақ жоспары

І. Абай-өз қолынан ырқы кеткен халқының тағдырына күйзелуші, қаймана қазағының бірлігін аңсаушы.

ІІ.Алгоритімдік саты.Шығармаларын талдау. 

Абайдың 2, 3, 7, 11, 24 қара сөздерінің мәнін ашу

Осы ойларды өлеңдерімен байланыстыру

ІІІ.Эвристикалық саты.
Заманды адам өзгертуі мүмкін бе? 

(Кестемен жұмыс)

 

Абайдың сөзі

 

Сенің сының немесе пікірің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.Шығармашылық саты

Бүгінгі өмірмен байланысты бейне жазба дайындау (үй тапсырмасы)

2. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...»

Тапсырмалар:

ІІ.Алгоритімдік саты.Шығармаларын талдау

Абайдың 10, 38, 42, 25 қара сөздері арқылы жастарды оқу-білім, ғылымға үндеуі

Абай өлеңдерімен байланыстыру

ІІІ. Эвристикалық саты

Сатылай кешенді талдау жасаңыз

ІҮ.Шығармашылық саты

 «Абай-аға, Абай-ұстаз, Абай-дана» атануына себепкер Құнанбай тағылымының жалғасы (бейне жазба)

3. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»

ІІ.Алгоритімдік саты.Шығармаларын талдау

6, 15, 19, 31, 32 қара сөзінің идеясы

Абай өлеңдерімен байланыстыру

ІІІ. Эвристикалық саты

 «Адамның кейбір кездері» (31 қара сөзімен байланыстыру )

ІҮ. Шығармашылық саты

«Жас жүрек жайып саусағын,

Талпынған шығар айға алыс...» (Жас ақындар, әншілер, суретшілер  шығармашылығы)      Критериалды бағалау

4. «Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік»

ІІ.Алгоритімдік саты.Шығармаларын талдау

Қара сөздердегі ойды өлеңдерімен ұштастыру

ІІІ. Эвристикалық саты

1) 10 қара сөзі бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз

2) 18 қара сөз  Баланы жамандықтан қалай сақтаймыз?

3)  Кітаппен жұмыс

«Бес дұшпаның білсеңіз», «Бес асыл іс көнсеңіз» кесте толтыру

                                                            

ІҮ. Шығармашылық сат

1)«Осы елде бозбала жоқ сөз ұғарлық,

Үзілмес үмітпенен бос қуардық» (бейне- жазба)

2)Ой толғау

5. «Алланы сүй, адамды сүй, әділетті сүй»

ІІ. Алгоритімдік саты.Шығармаларын талдау

Абай қара сөздеріндегі үш сүю идеясы

 «Махаббатпен жаратқан адамзатты,

            Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті...»

ІІІ. Эвристикалық саты

дәптермен жұмыс

 

Тән мен жан құмарлығы - өмірге құштарлық

сезімнің жиынтығы

 

 

Дүниенің тылсым сырын танып білудегі адам әрекеттері

«Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген

кісі өзі де есті болады»

«қашан бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.»

«Ғылым-Алланың бір сипаты, ол-ақиқат, оған ғашықтық хақтың ісі»

Мал, мақтан, құрмет адамда өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың

Ұят кімде болса, иман сонда. Ұялмас нәрседен ұялу шын ұят емес

Имек жлда тиянақ, тегістік жоқ,

Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.

ІҮ.Шығармашылық саты

«Алланы сүй, адамды сүй, әділетті сүй»

 «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» бейне –баян

6. Шешендіктің ұлылығы – ақиқат

    Абай афоризмдері

Сабақты қорытындылау

Ұлы ойшыл Науаидың дүниетанудағы қисыны мен Абайдың көзқарасын салыстырсақ, Абай да шындықты білудің өлшемі ақыл деп санаға басым көңіл бөледі.

Науаи «Адамның басы мен денесі кең сарайлы қорған болса, қоғанның сырты-бізді қоршаған шындық»,- деп төмендегідей тұжырым жасайды.

 

Шешім шығарушы сана деп түйіндесе, Абай өзінің 43қара сөзінде адам құмарлығы сезім мүшелері  арқылы іске асатынын дәлелдейді.

Адам баласын қор қылатын үш нәрсе: надандық, еріншектік, залымдық. Адамның асыл қасиеті – қанағат, рақым, еңбек, ақыл.

Сондықтан адамзаттың басқару пульті жүрек десек, санаға әмір жүргізуші – қашан да ақыл. Әйтсе де адамды жамандыққа үйір қылатын да, жақсылыққа жетелейтін де ой осы өрістің биіктігі ақылмен өлшенеді. Бүкіл адамзатқа ортақ әрі ешқашан мәнін жоймайтын терең ой өрістің биіктігі ақылмен өлшенеді. Бүкіл адамзатқа ортақ әрі ешқашан мәнін жоймайтын терең ой, гуманистік таным иесі Абай да оқырманын адал еңбекке, абырой-мақсұтқа шақырады. Келешек өмірдің кілті білімдінің қолында екенін жеткізеді.

Үйге тапсырма :   «Жүрегімнің түбіне терең бойла...»

                                 Сізді мазалаған көп сауалға бір шешім    

Бағалау :   1)   Үй тапсырмасы бойынша критериалды бағалау

                    2) «Мен қай деңгейдемін» Сурет бойынша өзіндік бағалау

                    3)Топтық бағалау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения