Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.04.2016
0
161
2

Урок казахского языка в 11 классе на тему «Шетелдегі қазақ балалары тағдыры»





Қуандықова Эльмира,

учитель казахского языка и казахской литературы в Атырауской областной национальной гимназии для одаренных детей г.Атырау, Атырауской области ,Казахстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың пікірталас түрлері туралы дүниетанымын кеңейту, дөңгелек үстел мақсаты мен өту сипатын  меңгерту.
Тәрбиелік: оқушыларды пікірталас мәдениетіне баулу, жаңа білім алуға мотивация туғызу.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойларын ортада еркін айту  дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп, тұжырымдап айта алу біліктілерін жетілдіру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабақ
Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел

Сабақтың формасы: жеке,топтық
Сабақта қолданылатын әдістер: интерактивті әдістер, талдау, түсіндіру, ой қорыту
Сабақтың жабдығы: таратпа материалдар, АТ құралдары,бейнефильм.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру

2. Сабақтың барысы.

«Ой қозғау» сатысы

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі күні қоғамымызда өзекті мәселелердің саны өте көп.Солардың бірі –жетімдер тағдыры. Тастанды…Бұл атаудың көпшілік көңілі үшін ауыр соғатыны белгілі. Ал әке-шеше жылуын аңсаған бейкүнә сәбилерге бұл сөздің әлеуметтік кемсітудей көрінетіні күмәнсіз. Әрине,туған әкенің тәрбиесін алып,туған ананың мейіріне қанғанға не жетсін? Онда қоғам мұндай мәселеге алаңдамас еді. Әйткенмен, «баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» дейтін қазақтың елінде тастанды қаракөздер азаяр емес… Алайда, соңғы кездері шекара асып кетіп жатқан жетімдердің тағдыры жүректі сыздатады... Әлемдегі ең қонақжай, ең мейірбан халық бізбіз дейміз. Сөйте тұра қаны бір бауырларымызды қалай жаттың асырауына бердік? Тіпті қанды қырғын жаугершілік заманда да жесірімізді жылатпаған, жетімін жат елге шығартпаған ел едік қой.

Ендеше, бүгінгі «Дөңгелек үстеліміздің» басты тақырыбы да осы болмақ.Экранға назар аударайық (бейнефильм көрсетіледі)

 

Шетелде Қазақстаннан асырап алған 8 806 жетім бала бар екен.

6 мыңнан астамы – АҚШ-та.

725-і  Испанияда

426-сы  Бельгияда...

Барлығы 30 елге өз қолымызбен аттандырыппыз бауырларымызды. Африка елдерінде де бірнеше қазақ баласы жүр екен.

 

«Бала – бауыр етің». Жүрегіңнің бір бөлшегі. Бауыр етіңді жұлып алып, жатқа бере аласың ба? Жатқа телміртпейміз деп ойлаушы едік, өкінішке қарай, бауыр етімізді жұлып бере алады екенбіз. Қаншама қазақтың қарадомалақтары шет ел асып кетті. Қаншама бала жаттың қолында тәрбие алып жүр. Қаншама қаракөз өзінің тілі мен ділінен алыстап кетті. Қаншама қарадомалақ жатбауыр тартып барады. Мұның бәріне кінәлі кім? Қоғам ба, қоғамды қолымен жасап отырған адамдар ма? Шырылдаған сәбиін балалар үйінде қалдырған көкек аналар мен жетесіз әкелердің жауапкершілігі жоқтығы осыған әкеліп тіреп отыр. Заман азды ма, адам азды ма, әйтеуір, соңғы кездері жанарлары жәутеңдеген көптеген сәбилеріміз бөгденің бауырында тәрбиеленуде. Мұхит асты, Еуропаның түкпір-түкпірінде жүр. Күні ертең олардың ұлтын да, тілін де білмей, жат болып өсетініне шек келтіре аламыз ба? Мұхит асқан балалардың шырылына бір сәт құлақ түріп көрдік пе? Еуропада өсіп жатқан қазақтың қаракөздері қалай күн көруде? Білген біреу бар ма? Жоқ. Міне, «Қазақстан» ұлттық арнасының «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы көкейіміздегі осындай сан сауалдың жауабын іздейді... Жобаны жүргізген де, идея авторы да – журналист Жанар Байсемізова. Жанар екі айға жуық Еуропада жүріп, қазақстандық балалардың тағдырымен танысып қайтты.

«Тірек-сызба құру»

Қазақ жерінде жетімдер санының көбею себептері неде деп ойлайсыздар? Шынымен де қоғамда болып жатырған осындай жайттарға кімдер кінәлі деп айтар едіңіздер? Адам баласы біріне-бірі неге жатбауыр? Жүрегінің бір бөлігін баласына үзіп беруге дайын ана неге безбүйрек? Өз кіндігінен тараған ұрпағын әке қалайша өлімге қияды? Бүгінде осы сауалдардың алдымыздан күн сайын көсе-көлденеңдейтіні жасырын емес.Шын мәнінде, қоғамның дәл осылай қатыгезденуіне несебеп? 

(оқушылармен бірлесе отырып құру)

      Мейірімділік        Қамқорлық                   Жауапкершілік          Білім 

                       

                        Әлеуметтік жағдай          Тәрбиесіздік                       Ақыл ой         

 

    Ата- ана           Қоғамдық орта      Экология       Жаман әдет- қылықтар

 

Адам бойындағы осындай  кейбір қасиеттердің жоқтығынан,кейбір жағымсыз әсерлердің салдарынан  орны толмас  қателіктерге бой алдырып отырмыз.Төменде берілген тақырыптар бойынша ауызша өз пікірін білдірту.

«Еркін жауап»

Тәрбие басы-тал бесік

Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

Жетім бала кекшіл,Жетім өспей ме, көкейіңді теспей ме?

Тәрбие- тәлімнен

Жеке оқушыларға тапсырма:

1.«Ой толғау» Қара сөзбен немесе өлең-жырмен  өз ойларын келтіру

Балалы үй- базар,Баласыз үй -қу  мазар.

Әке-асқар тау,Ана-етегіндегі бұлақ,Бала-жағасындағы құрақ.

“кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің”

«Мен қазақпын!»

2.-«Еуропалықтар қазақ баласын асырап алуға неге әуес?» Шын мәнінде, неге   құмар? Осы сауалдың жауабын таба аламыз  ба?

    -Шетелге ағылған қазақ балалары қазақты ата діннен тайдыра ма?

    -Неге американдықтар өзге ұлттың ұрпағын алуға құштар?

    -Американдықтарға да дені сау бала керек!

    -Қазақстандық тастанды балалар өз өмірлеріне риза деп есептейсіз бе?

 

Оқушы жауабынан соң,кейбір ғаламтор арқылы алынған мәліметтерді айту:

  • «Сарапшылар 18 ай бойы Америкалық ата-аналардың қолына түскен шетелдік балғындардың өмірін зерттепті. Сорақысы сол, олар асырап алған балалары қылық шығарса ғаламтор арқылы арызданып басқа шаңыраққа сыйға тарта салады екен. Қолдан қолға кеткендер негізінен 6 мен 14 жас аралығындағы балғындар. Арасында 4 қазақстандық бар. Әзірге олардың аты-жөндері аталмай отыр.»
  • « Бұл ұсталған көліктерді сатқанмен бірдей ғой. Заңдылық. Егер балаңды бұзық, тәрбиесіз десең, ешкім алмайды ,сондықтан басқа отбасы алып кету үшін жақсы қырын ғаламторға жазуға мәжбүр боламыз.»
  • Нора Гейтли:

Өгей анам ашуланып: үйден кет, күректі ал да өзіңе мола қазып ал деді. Сенің өлі-тірің мені алаңдатпайды, бәрібір сені ешкім іздемейді деп ұрысты.

  • Анна Барнс:

Егер менің бір қылығым ұнамай қалса мені қолдан қолға жіберетін.  Ата-аналарым жиі ауысатын, ешбірі адам құрлы көрген емес мені. .

  • Жалпы, мен кездескен отбасылар қазақ балаларына тағылымды тәрбие беретіндерін, болашақтары үшін ешнәрседен аянбайтындарын айтты. Олардың барлығы ерекше қабілетті, дарынды балалар. Шетелдегі қазақ балаларынан мықты тұлғалар шығады. Тек, өз елінің тілінен мақұрым, түсінігінен жұрдай болатынын, туған еліне қызмет етпейтінін ойлағанда, ақырын ғана деміңді ішіңе тартып қаласың.... (журналист пікірі)

Йә, «біз ата-анаға бала тауып бермейміз, жетімдерге ата-ана тауып береміз» деп,тағдыр тауқыметін тартып жатқан, ата-ананың аялы алақанын аңсап жүрген балалардың жағдайын ойлағансып жүріп, аяғымызды шалыс баспасақ болғаны.       

«Ой қорыту»«Дөңгелек үстел» соңындағы тақырып бойынша ұсыныстар:

                           (оқушылардың пікірімен)

  1. Қазақ балаларының шетелге асуын тоқтататын заң жобасын қабылдау
  2. Қазақстан азаматтарының бала асырап алу жүйесін жеңілдету
  3. Жағдайы жеткілікті отбасыларға бала асырап алу сауаптылығын жете түсіндіру
  4. Жетімдер үйіне бөлінетін қаржыны көбейту
  5. Балаға зәру отбасылардың бала асырап алуын жеңілдету
  6. Азаматтарға салық тағайындап, оны қайырымдылық қорына жұмсау
  7. Шетелдегі қазақ балаларының өмірін толық бақылауға арналған орталықтар құру      

«Америкадағы қазақ балаларының баянды өміріне қанып, елге қайтып келе жатырмыз... Олар бұдан былай жетімдіктің тауқыметін тартпайды. Безбүйрек аналары мен тасбауыр әкелері, Отаны  бұйыртпаған бақытты жат елден, жат құшақтан тапты. Бұған да шүкір.

Тек шетелде жүрген қара көз қандастарымыздың  «Мен Қазақпын» деген жалғыз сөзі де  мұхиттан алыстаған сайын естілмей барады...» деген журналисттің сөзі терең ойға батырады.

            Біз үшін бәрі-өзекті,

Шындық пен жалған дос емес.

Қоғамның сынап кемісін

Ақиқатты айту мен үшін,

Ақиқатты айту сен үшін,

Ешқашан, досым, кеш емес!- деп бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз отырып, қоғамымыздың ащы шындығын әрдайым айта жүрейік дейміз!

Сабақты қорытындылау. Оқушылар білімін бағалау

(Критериалды  бірін-бірі бағалау)

Үйге тапсырма: Шетелдегі қазақ балаларына арнап хат жазу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения