Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
13.03.2013
0
1237
0

Мұстафа Өзтүрік

Ибраева Турсин Алимхановна

Учитель Казахского языка и литературы

Средней школы №198

Республика Казахстан

город Кызылорда

Сабақтың тақырыбы:

  Мұстафа Өзтүрік

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының атақты таэквандо спортының жарық жұлдызы туралы мәтінді оқыту, аудару. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын байыту.

Дамытушылық: Сауатты оқып, жаза білуге үйрету.

Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, нақыл сөздер, жұмыс дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, пікірталас, көрсету, оқыту, аудару, жазу, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

Кіріспе.

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын айқындау, оқушының назарын аудару.

Үй тапсырмасын тексеру: Өтілген материал бойынша сұрақ-жауап арқылы «Күш атасы − Қажымұқан» атты тақырыпты сарапқа алу.

 

Жаңа сабақ.  «Мұстафа Өзтүрік»

  • Сөздік (сөздікпен жұмыс)
  • Мәтінді оқыту, аудару.
  • Мәтін бойынша сұрақ қою.
    1. Мұстафа Өзтүрік кім?
    2. Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
    3. Неше жасынды орта мектепті бітірді?
    4. Әлемдегі балаларға арналып ашылған не және  қайда ашылды?
    5. М.Өзтүрік неше баланың бірі болып, қайда аттанды?
    6. Ол Тайваньда қай жылдары оқыды?
    7. Мамандығы кім?
    8. Әлемнің неше дүркін чемпионы?
    9. Қай елдерде мектептер ашты?
    10. Қазақстанда қай жылдары еңбек етіп,  тұңғыш қандай  мектеп  ашты?
    11. Қазақтың жас қыз-жігіттері Мұстафаны не тұтады?
    12. Өзінің ана тілін кімнен үйренді?
    13. Туған жерді сағынғанда не жазды?
    14. М.Өзтүрік қай жылы дүниеден  озды?

 

ІІ. Сөздерді мағыналық жағынан сәйкестендіріп, сөйлем құрау қажет.

 

Қара белдіктің                                 Журналистика факультеті

 

Қоғам                                                           Жетінші дан иегері

 

Халықаралық                                  Қайраткер

 

Бірнеше дүркін                                Мектептері

 

Таэквандо                                        Чемпионы

 

ІІІ. «Мұстафа Өзтүрік» туралы ассоциация

 

IV. Синоним сөздерді табу қажет.

Атақты − белгілі, әйгілі

Халық − ел, жұрт

Сауатты − білімді

Оқушы − шәкірт

Жаттықтырушы − бапкер

Құрметтейді − сыйлайды, қадірлейді, құрметтейді

Ана тілі − туған тілі

Ұлтжанды − Отанын, халқын, тілін сүю.

 

V.  Отан, туған жер, білім, тіл, еңбек туралы мақал-мәтелдер

Отан − оттан да ыстық.

Оқу білім бұлағы,

Білім өнер шырағы

Жан қинамай, жұмыс бітпес.

Талап қылмай мұратқа жетпес

 

Отансыз адам,

Бұлбұлсыз орман.

 

Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

 

Туған жердей жер болмас,  

Туған елдей ел болмас.

 

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Көз қорқақ,

Қол батыр.

 

Ер елінде,

Гүл жерінде.

 

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

 

Ел ұлсыз болмас,

Жер гүлсіз болмас.

 

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

Батыр туса, ел ырысы,

Жаңбыр жауса, жер ырысы.

 

 

VІ. Қорытынды

«Шетте жүріп батыр болам десеңіз, еліңді сүй!»

 

VІІ. Үйге тапсырма.

«М.Өзтүрік», (сөздікпен жұмыс)

 

 

Скачать

saba-zhospar-ztrk.-ibraeva-t.a.doc [48,5 Kb] (cкачиваний: 6)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения