Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.04.2016
0
170
0

Урок истории Казахстана на тему «Тәуекел хан»





Жауымбева Айнур, учитель истории Казахстана и всемирной истории

в Атырауской областной национальной гимназии для одаренных детей в г.Атырау,

Атырауской области, Казахстан

Мақсаты

Білімділік:             Отан тарихынан сүбелі орын алар тарихи тұлғалардың бірі Тәуекел ханның 16

                               жыл ел тізгінін ұстаған уақытындағы Қазақ ордасының ішкі-сыртқы

                               саясатындағы рөлін түсіндіру ;

Дамытушылық:   Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып,                 

                               қорытынды жасау қабілеттерін, өзекті мәселелерді өз беттерінше ізденуге,

                               сараптама жасауға, қосымша дерек көздерін пайдалану арқылы білімдерін

                               дамытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:             Тәуекел ханның тағлымы мол тарихи тұлғасы арқылы ұлтжандылыққа,

                               отансүйгіштікке, адамгершілікке, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Интерактивті, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, тірек-сызба, СТО

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, карта

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

 

Сәлемдесу

Түгендеу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар амандасады, сабаққа зейіндерін аударады.

Үй тапсырмасын сұрау

І. Ой қозғау (нені білеміз?)

   Мұғалім сөзі

  1. Көрініс: «Қасым ханның өсиеті»
  2. Карточкалық сұрақтар
  3. Тарихи сынақ хат
  4. Тікелей эфир (Тарих шындығы бағдарламасы)
  5. Математикалық ойын

1. 728*2+9=                   (Әбілхайыр хан қайтыс болды )

2. (324+43)*4=              (Қазақ хандығының құрылуы )

3. 342*4+143=               (Хақназар хан қайтыс болды )

4. 299*5+23=                 ( Қасым хан қайтыс болды )

5. (844*2)-150=             (Ташкент маңы билеушісі Баба                                           

                                            сұлтан мен өзбек ханы

                                                         Абдаллахтың билікке                                                                                  таласының басталуы )

6. 6633:33+1379=         (Қасым ханның билікке отырған  жылы)

7. 779*2-11+32=           (Хақназар ханның таққа отырған  жылы )

 

  1. Үй тапсырмасын қорытындылау

Оқушылар үйге берілген тақырыптың мазмұнын айту, жазбаша тапсырмаларды мұғалімге тексерту

Жаңа сабақ

Жоспары:

1. Тәуекелге дейінгі қазақ хандығы

2. Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы саясаты

  - қазақ-өзбек  қатынастары                                          

  - орыс мемлекетімен қарым-қатынасы

 

Жаңа тақырып бойынша оқушыларға мәлімет беру

ІІ. Іздену (нені білгіміз келеді?)

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар:

 

Ой қозғау

- Қазақ хандарының тарихы 1465 – 1847 жылдар аралығын қамтиды. Тәуекел ханға дейінгі қазақ хандарының қазақ тарихындағы қызметіне қалай баға бересіңдер?

«Сиқырлы торша» ойыны (10, 20, 30, 40)

«Тұлғаларды таны».

  • Қазақ сұлтандарына өз жерінен жер беріп, олардан өз ағасына қарсы  және ойраттарға қарсы күреске пайдаланбақшы болған монғол ханы?  (Есен-Бұға)
  • Қазақ сұлтандары бөлініп шыққан көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі. (Әбілқайыр)
  • Ақ Орданың соңғы ханы, Қазақ хандығын құрушылардың бірінің әкесі.  (Барақ)
  • Қазақ хандығының құрылуы туралы жазып қалдырған орта ғасырлық тарихшы. (Мұхаммед Хайдар Дулати)
  • Қазақ хандарымен Сыр бойындағы қалалар үшін 30 астам соғысқан Әбілқайыр ханның немересі. (Мұхамед Шайбани)

Оқиғаларды сәйкестендіру

1580-1582жж                        Шығай ханның билігі

1583ж                                   Ант беріскен шартты бұзды

20 күн қоршау                     Бұхара қаласы

1582 ж маусым                   Баба сұлтанды талқандау

1582-1598жж                         Тәуекелдің билігі

1598 ж жазы                       Мәуреннахрға жорық

1595 ж                            Мәскеуден елші В. Степанов келді

1598ж                              Көшім Орта Азияға қашып кетті

Оқушылар Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен, шапқыншылық жорықтарымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің кесте, тірек-сызба арқылы түсіндірілген тақтадағы материалдарды мұқият сынып жұмыс дәптерлеріне жазып отыру.

 

Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар

 

ІІІ. Ой қорыту (нені білдік?)

 Жаңа тақырып бойынша интерактивті тапсырма:

Тәуекел тұсында 1594 жылы Мәскеуге Құлмұхаммед бастаған тұңғыш қазақ-орыс қарым-қатынасы тарихтан орын алды.

Осы қазақ елшілігінің мақсаты:

1.__________________________________________________________

(Патша тұтқынында отырған жиені Ораз Мұхамедті босату)

2.__________________________________________________________

(Абдоллах ханмен күресте Мәскеудің қолдауын сұрады)

Орыс патшасы Федордың талап-шарттары:

1.___________________________________________________________

(«Бұқара хандығымен, бізге опасыздық жасаған Сібір ханы Көшіммен соғысасыздар»)

2.___________________________________________________________

(Тәуекел жиенінің орнына өзінің бір баласын аманатқа жіберу.)

 

Дәл жауабын айт

 1. Баба сұлтан осы қаланың жанында өлтірілді (Түркістан)

2.Абдаллах қай елдің ханы (Өзбек)

3.Орыс патшалығының астанасы (Мәскеу)

4.Баба сұлтанның адамдары өлтірген қазақ сұтаны (Жалым)

5.Қазақ хандығының күш-қуатын арттырған шайқас (Ташкент)

6.Орыс патщасы Федор Ивантвичке аттанған қазақ елшісі (Құл Мұхаммед)

7. Қазақ хандарының ұзақ жылдар жүргізген соғысының нәтижесі (Сыр бойындағы қамал-қалалар және Ташкент қосылды)

 

«Сандық білім беру ресурсы» онлайн тапсырмалар орындау

Бекіту сұрақтары:

n   Тәуекел хандық билікке отырған кезде саяси жағдай қандай еді?

n  Тәуекел ханның «ант беріскен шартты» бұзу себебі неде?

n  Тәуекел ханның Ресейге қойған талаптары неге орындалмады?

n  Тәуекел хан қай жерде қайтыс болды?

n  Қай ел қазақтарға «оқ ататын» қару беруге уәде етті?

n  Орыс патшасымен қарым-қатынас қандай жағдайда жүрді?

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білу. Жаңа тақырыптарды меңгергендерін тапсырмаларды орындау арқылы дәлелдеу.

 

 

 Бағалау

 

Оқушыларды сабаққа қатысына, берілген тапсырмаларды орындауына қарап  бағалау

 

Үйге тапсырма

§39  оқып келу, тапсырмаларды аяқтап келу, тапсырмалар жиынтығы

Үйге берілген тапсырмаларды орындап келу

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения