Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.04.2016
0
185
0

Урок казахской литературы в 7 классе на тему «Абай Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға»





Ильясова Алмагуль Бахтиаровна,

учитель казахского языка и литературы  ГУ «Песчанская средняя общеобразовательная школа №1 Качирского района»,

Павлодарской области, Казахстан

Сабақ мақсаттары:

Тақырып бойынша оқушыларға мәліметті бере отырып, өлең мазмұнын, идеясын түсіндіру.

Міндеттері:

-          өз ойын еркін жеткізу;

-          композициялық жоспар құрастыра алу;

-          пікірін дәлелдеуге үйрену;

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері

Құралдар:интерактивтік тақта, бейнеролик, стикер,қима суреттер,бағдаршам, қара жәшік, доп.

Әдіс-тәсілдер:«Көңіл-күй неге ұқсайды?» ойыны, «Идея жинау», сұрақ-жауап, «Ой қозғау», «Қара жәшік», «Ой толықтыру», жеке, жұппен,

топпен жұмыс, «Бағдаршам»,«Екі жұлдыз, бір ұсыныс».

Оқыту нәтижесі:

-  «Қансонарда бүркітші шығады аңға»  өлеңінің мазмұнын меңгереді;

- өлеңнің композициялық жоспарын құрастыра алады;

-  өз ойын еркін айтуға үйренеді;

- өз бетінше сұрақтар құрастыра алады;

-  пікірін дәлелдеуге үйренеді;

Сілтеме:1. «Әдебиет» оқулығы, авторлары Р. Құтқожина, Қ. Бітібаева, Е. Арын, Алматы «Атамұра» 2012 жыл.

                 2. Түсіндірме сөздік, авторлары Ә.Болғанбаев, Ш.Дәулетқұлов, «Дайк-Пресс» баспасы, 1999 жыл

  3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, ҚР МӘДЕНИЕТ МИНИСТІРЛІГІ ТІЛ КОМИТЕТІ, 2011 жыл

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Кіріктіріл-ген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2

 

«Көңіл-күй неге ұқсайды?» ойыны.

Мақсаты: ынтымақтастық ахуалтудыру, топқа бөлу.

Шарты:

1.оқушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір-біріне кезек-кезек өз көңіл-күйлерінің қай жыл мезгіліне, я болмаса табиғи құбылысқа ұқсайтынын айтады. Мысалы, менің бүгінгі көңіл-күйім көктемгі жайма шуақ нұрын төккен күн сияқты, ал сенікі ше?

2.Жасырынған сандарды алып, сол сан жазылған үстелге отырады.

1-үстел: 1,1

2-үстел: 2,2,2

 

Білу

 

 

 

 

 

 

 

«Бас бармақ» арқылы бағалау

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ, СТО, ОүБОБ

1.Оқушыларға үйде оқыған тақырып бойынша «Идея жинау » тәсілін қолданамын. Топтар доп беру арқылы Абай туралы не білетіндерін айтады.

 І топ ІІ топ

Мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтау; оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа баулу.

 

 

 

 

 

  1. «Ой қозғау» стратегиясы. Интербелсенді тақтадан «Кансонарда бүркітші шығады аңға»  тақырыбына байланысты бейнеролик көрсетіледі.

 

Ең алдымен оқушыларға тапсырма беріледі. Мысалы: осы бейнероликтен  не байқадыңдар?

- бүгінгі тақырыппен қандай байланысы болады?

 

 Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, ізденіп келу

 

Топ тарбір-біріне допты лақтырып, айтылған ойды әрі қарай жалғастырады.

1-о:  Абай 1845 жылы туған.

2-:  Абай Семей облысы,қазіргі Абай ауданында дүниеге келген.

3-о: Оның шын аты – Ибраһим.

 

 

 

-          Оқушылар бейнероликті көре отырып, берілген тапсырмаларға ойлана жауап береді.

 

 

-          Абай Құнанбаев «Кансонарда бүркітші шығады аңға»

 

Түсіну

 

«Бағдаршам»

 

«Жедел жәрдем»

8

ОүБОБ, ОБжК, ТжДБО

  1.       Жеке жұмыс - оқиды
  2.       Сөздікпен жұмыс жасау.
  3.       Қансонар – жаңа жауған қардағы із.
  4.       Ғанибет - қызық, тамаша, көңіл көтеру.
  5.       Аңдағанда – түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі.
  6.       Томаға - бүркіттің бас қабы.
  7.       Қырымнан–алыстан деген мағынада
  8.       Композиция – сюжеттік дамудың кезеңдерін тәртіпке салу тәсілі.

Балалар өлеңді мәнерлеп оқиды, өлең мазмұнын түсінеді.

 

 

Оқушылар өлең ішінен мағынасы түсініксіз сөздерді тауып,түсіндірме сөздікпен жұмыс жасай отырып, сөздердің мағынасын ашады.

Қолдану

 

 

«Шапалақ соғу»

7

ТжДБО, ОЖЕСОжО, ОмОЖТ

  1. Тапсырма беріледі.

Әр  топқа «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициялық жоспарын құрастыру беріледі.

 

 

Композициялық талдау:

1 Сюжеттің басталуы:

2Оқиғалардың байланысы:

3Оқиғаның шарықтау шегі:

4Оқиғаның шешімі:

 «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициялық жоспарын топта құрастырады және әр топ өз жоспарларын ортаға салады.

 

 

Талдау

 

 

 

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады»

10

СТО, ОүБОБ, ОБжК, ТжДБО, ОЖЕСОжО

1.Өлең мазмұнын жұппен, топпен талқылайды.

Талдауға арналған сұрақтар:

1 Қансонарда аңға шыққан бүркітші.

а) Қансонар деген не? ә)Бүркітшінің киімі қандай? б) Із салу, қағушыдегені не?

2 Бүркіт пен түлкінің бір-бірін көруі

а) Томаға деген не? Бүркіт қалай самғады?

 ә) Бүркітті көрген түлкі не істеді?

б) Түлкінің қырық пышағы не?

3 Бүркіт түлкіге қалай түсті?

а)Түлкі алған бүркіттің қар үстіндегі суреті

ә) Ақ, қара, қызыл деген сөздердің астарында қандай ұғым бар?


2. Өлең мазмұны бойынша постер құрастыру.

 

Оқушылар берілген сұрақтар бойынша ой бөліседі, пікір алмасады

 

Өлең мазмұны бойынша постер құрастырады,  оны тақтада қорғайды.

 

Жинақтау

 

 

5

СТО, ТжДБО, ОЖЕСОжО, ОмОЖТ

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс арқылы бүгінгі тақырып бойынша сұрақ-жауап құрастыру.

Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, «қара жәшіктің» ішіне салып араластарап,  кез келген сұрақты алып , жылдам және толық дұрыс жауап береді.

 

 

Рефлексия

 

2

ОүБОБ,

СТО

Ойды толықтыру

 

Топта жұмыс істеген оңай ма?

Сабақта не қызық болды?

Бірлескен жұмыстан не алдың?

Сабақта не қиын болды?

 

 

 

 

 

Смайликтер арқылы бүгінгі көңіл-күйімізді көрсетеміз.

Оқушылар берілген кестені толтыра отырып, бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын білдіреді.

Топта жұмыс істеген оңай ма?

Сабақта не қызық болды?

Бірлескен жұмыстан не алдың?

Сабақта не қиын болды?

 

 

 

 

 

Оқушылар алдарындағы смайликтер арқылы бүгінгі көңіл-күйлерін көрсетеді.             

Үй тапсырмасы

 

1

 

 

 

 

 

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін өз қалаулары бойынша үй тапсырмасын орындау. (Үзінді жаттау, сурет салу, мәнерлеп оқу)

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения